Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау білім беру үдерісінің синергетикалық заңдылыққа сәйкес өзін-өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс.Педагогикалық жүйелержобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін қоғамдық – саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады
Білім беру ұйымын басқарудағы жобалау.Педагогикалық жүйелердің басқа да әлеуметтік жүйелер сияқты білім беру ұйымының нәтижелігі мен тиімділігі оның құрылымдық, ақпараттық әлеуеттерінің, ресурстарының тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп отыруынан ғана емес, ең бастысы, ұйымды басқарудың ұтымды жүйесін құрастырудан және оны үнемі жетілдіріп, әрі дамытып отырудан болады.