6. Андроновмәдениеті қашан, қай жерден табылды? Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды (1914 ж. Археолог Б.В.Андриановтың қазба жұмысы (А.Я.Тугаринов))
1927 жыл-археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштерін Батыс Қазақстаннан тапты.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 30-дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді.