Бақылау сұрақтары: Еңбек құқығы қандай қатынастарды реттейді



бет1/5
Дата13.06.2020
өлшемі286,98 Kb.
#73377
  1   2   3   4   5
Байланысты:
еңбек құқығы
Философия и медицина

Бақылау сұрақтары:

1.Еңбек құқығы қандай қатынастарды реттейді.


2.Жеке еңбек шартының түрлері


3.Жұмысбастылық және жұмыссыздық дегеніміз не?


4.Еңбек демалыстары дегеніміз не?

Жауабы:

1)Еңбек құқығы:

1)жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
2)өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
3)еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастарды реттейді.

2) Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:



  • белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;

  • белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;

  • істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

3) Жұмыссыздық — бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.

Жұмыссыздыққа көзқарас қоғамның әлеуметтік-экономикалық критерийі ретінде уақыт өту барысында өзгерді.20-ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздықтың көлемі үлкен болған кезде жұмыссыздық-әлеуметтік жамандық, зұлымдық болыпсаналған және онымен барлық тәсілдермен, соның ішінде міндетті түрде мемлекеттік реттеу құралдарымен күресу керек деген пікір болған. Кейінірек,20-ғасырдың ортасында, әлеуметтік еңбек қатынастарының дамуы мен нарықтық экономикалық қоғамдарның құрылуымен жұмыссыздыққа жаңа көзқарас қалыптасты. Ол енді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, уақытшы сипатта болатын және мемлекет үшін күрделі проблема болмайды деген пікір қалыптасты. Қазіггі кезде көптеген экономистер жұмыссыздықты тұрақты қалыптасқан элеуметтік-экономикалық құбылыс деп санайды.





Жастардың өз жұмысын кәсіби деңгейге шығаруы, бай болуы, қоғамның дамуына атсалысуы үшін маңызды болып табылатын еңбек құндылықтарымен үнемі жұмыс жасау маңызды деп ойлаймыз. Себебі, адамның құндылықтары өмір бойы өзгеріске түсе алатын қасиеттерінің біріне жатады. Айта кетерлік жайт, жетістікке жеткен адамды, кәсіби маман болып қалыптасқан адамды теріс идеологиялық ағымдарға алып кету қиын болса, белгілі бір күштердің құралына айналдыру мүлдем қиын мәселе.

З.Х. Валитова мен А.Б. Есимова [6, 174-179 бб.] жастардың білім мен жұмысбастылығы мәселесін жастардың өміріндегі маңызды кезең деп қарастырады. Жастардың білім стратегиялары априори олардың кәсіби өзін-өзі анықтауын білдіреді. Жастардың білім алудан жұмысқа ауысу көптеген мәселелердің пайда болатын қиын кезеңі. Көптеген білім мекемелерінің түлектері дипломды қолға алған алғашқы жылдары жұмыссыздықпен, жұмысты жиі ауыстырумен, мамандық бойынша жұмыс істемейтін жағдайларға жолығады. Бұл мәселенің негізгі себебіне білім мен еңбек нарығының өзара келісімі болмауынан деуге болады. Бір жағынан, жастар жұмысты тиімді іздеп жұмысқа тұра алмайды, екінші жағынан, жұмыс берушілер жұмыс істейтін адамдарды таба алмайды, үшінші жағынан, бі­лім (мектеп, колледж, ЖОО) білім саласының тысында болып жатқан өзгерістерге реакция беріп үлгере алмайды. Бүгінде жастардың көпшілігінде жоғары білім бар, бірақ тұрақты, ұзақ мерзімді жұмысбастылыққа кепілдік жоқ екенін атайды. Авторлар бүгінгі студенттердің болашақ жұмысы жайлы өте байыппен қарайтынын және жұмыс жайлы студенттік өмірдің алғашқы жылдарында ойлана бастайтынын алға тартады. Көп жастар оқу мен жұмысты байланыстырғысы келеді. Жастардың мұндай стратегиялары қаржылық мұқтаждық пен жалақының қажеттілігінен емес, көп жағдайда «жұмыс тәжірибесін» жинаумен байланыстылығын жазады. Бұл жағдай жастарға позитивті ықпал етеді, себебі, жастар кәсіби ортада әлеуметтенген болып есептеледі. Ал, жұмыссыздыққа қарсы тұрудың жолы икемді еңбек нарығын, яғни, жеке жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын атайды. Бұл жолда жастар кәсіпкерлігін дамыту жұмысбастылық стратегиясының компоненті болуы шарт. Авторлар қоғамдағы жастардың ең өзекті мәселелерін бірі – жастар кәсіпкерлігін дамытуды қолға алу керектігін атап отыр. Біздің ойымызша, бұл мәселе дамудың, жастар бағытының трендіне айналуы керек. Себебі, кәсіпкерлері бар қоғамда әлеуметтік жауапкершілік дамиды, жаңа жұмыстар ашылады, бәсекелестік күшейеді, салық артады, экономикалық тұрақтылық сақталады. Қазіргі уақытта АҚШ-тың тәжірибесі үлкен корпорациялардың жаппай жұмыспен қамтамасыз ете алатындығы туралы тұжырым «мифке» айналды. Мәселен, үлкен корпорациялар дағдарыста жүз мыңдаған адамды жұмыстан шығарса, кіші кәсіпкерлікте ондай үрдіс жүрмейді. Өзі бірнеше адамнан тұратын мекеменің адам санын қысқарту қисынсыз. Жалпы дағдарыстарға кері реакция кіші кәсіпкерлікке қарағанда үлкен корпорацияларда жүреді. Сол себепті, қоғамда орта және шағын кәсіпкерлік тұрақтылық пен дамудың кілті бола алады. Біз үшін Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Түркияның мысалдары дәлел бола алады деп ойлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет