Бақылау тапсырмасы Ақуыздың қызметін анықтаңыз



Дата08.02.2022
өлшемі24,79 Kb.
#120330
Байланысты:
нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу. бағалау тапсырмасы


Бақылау тапсырмасы
1. Ақуыздың қызметін анықтаңыз
А. өсімді талшықтарды түзеді
Б. бұлшықеттердің жиырылуын және барлық тірі ағзалардың қозғалуын
қамтамасыз етеді
В. көп заттардың еріткіші болып табылады
Г. А дәруменінің сіңірілуіне себепші болады


2. Ақуыздың ..............құрылымы бұзылғанда аминоқышқылдарға дейін ыдырайды.
А. бірінші реттік
Б. екінші реттік
В. үшінші реттік
Г. төртінші реттік


3. Ақуыздың бірінші реттік құрылымы дегеніміз
А. полипептидті тізбектің орама пішінге келуі
Б. полипептидті тізбектің жіпшумақ (глобула) пішінге келуі
В. полипептидті тізбектегі аминоқышқылдардың тәртіппен кезектесуі


4. Ақуыздың орама пішініді екінші реттік құрылымын мына байланыстар ұстап тұрады
А. пептидті
Б. ионды
В. сутектік
Г. ковалентті


5. Қандай байланыстар ақуыз молекуласының бірінші реттік құрылымын анықтайды
А. аминоқышқыл радикалдарының арасындағы гидрофобты
Б. полипептидті жіпшелердің арасындағы сутектік
В. аминоқышқылдардың арасындағы пептидті
Г. — NH — және — СО — топтарының арасындағы сутектік


6. Ақуыз молекуласының төртінші реттік құрылымы ........ әрекеттесу нәтижесінде түзіледі
А. бір ақуыз молекуласының үлескілерінің S-S байланыс түрі бойынша
Б. жіпшумақты түзетін бірнеше полипептидті жіпшелердің
В. бір ақуыз молекуласының үлескілерінің сутектік байланыстар арқылы
Г. ақуызды жіпшумақтың жасуша жарғақшасымен


7. Ақуыз молекуласының екінші реттік құрылымының пішіні
А. орама
Б. қос тізбекті орама
В. жіп шумақ
Г. жіпше


8. Бактерия немесе вирустың ағзаға енгенде, өндіріліп шығарылған ақуыздардың қызметі қандай
А. реттеуші
Б. рецепторлық
В. қорғаныш
Г. ферментативті


9. Пептидті байланыс түзіледі ............ арасында
А. аминоқышқылдардың
Б. глюкоз қалдықтарының
В. су молекулалары
Г. нуклеотидтердің


10. Берілген мысалдар мен ақуыздың қызметтерінің арсында сәйкестік орнатыңдар

қызыметі

мысалдары

1. Өршіткіш

А. Сыртқы белгілерге жауап қайтаратын ақуыздар
(родопсин, дәм сезу рецепторлары)

2. Тасымал

Б. Иммуноглобулиндері мен қан сарысуының
фибриногені (қанның ұюы)

3. Реттегіш

В. Химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын
ферменттер (энзимдер) - (каталаза, пепсин, трипсин)

4. Рецепторлық

Г. Табиғаты ақуызды гормондар (АКТГ, инсулин, өсу
гормоны)

5. Қоректік

Д. Бұлшықет ұлпасының ақуыздары (актин, миозин)

6. Құрылымдық

Е. Жұмыртқа альбумині, сүттің казеині

7. Жиырылғыш

Ж. Дәнекер ұлпасының ақуыздары (коллаген), мүйізді
түзілістер – шаш, тырнақ (кератин)

8. Қорғаныш

З. Табиғаты ақуызды улар (көп жағдайда жыланның улары
сияқты әсер ету механизмы барферменттер); 
дифтериялық және ботулиникалық токсиндер

9. Токсиндер

И. Заттардың тасымалы (гемоглобин, қанның
липопротеиндері)

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

В

И

Г

А

Е

Ж

Д

Б

З





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет