Бақылаудың мақсаты



Дата09.10.2024
өлшемі26,72 Kb.
#206010
Байланысты:
сараптама ВШК


2023-2024 оқу жылына арналған мектепішілік
бақылаудың сараптамасы
Бақылаудың мақсаты: оқу жұмысы бағдарламаларының қолжетімділігін, олардың іске асырылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі мен бағытына сәйкестігін, құрылымына, мазмұнына, ресімделуіне, оқу жұмыс жоспарларын қабылдау және бекіту тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бақылау.
Нұра жалпы білім беретін мектебінде жоспарға сәйкес мектепішілік бақылау жүргізіліп отырды. Мектеп алдына оқу жылында қойылған міндеттерідің орындалуы ретімен жүргізілді. «Білім ал» электронды журналында орын алған қателер жойылып отырды. Әр тоқсан сайын БЖБ, ТЖБ кестесі құрылып, электронды журналдан толтыру мониторингі жүргізіп отырды.
Барлық пән мұғалімдері негізгі аталған талаптарды қанағаттандыратын вариативті бөлімнің сағаттарының тақырыптық кестелері мен жұмыс бағдарламаларын тексерді. Барлық күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда түсіндірме жазба, бақылау бөлімдерін өткізудің болжамды мерзімдері болады. Түсіндірме жазбалар субъект жұмысының өзектілігін көрсетеді, алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттері нақты тұжырымдалған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасына сәйкес, әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған, бірақ жекелеген мұғалімдерде аздаған кемшіліктері бар. Бірақ ауызша пікірлерден кейін барлық кемшіліктер түзетілді.
Мектеп психологінің көмегімен 1-сыныптың психологиялық-педагогикалық талаптарына бейімделу дәрежесі анықталды.



Оқу жылы

Сынып

Жоғары

Орташа

Төмен

2023-2024

1-сынып

6

4




2023-2024

5-сынып

8

6

1




1

Алфавиттің әріптерін меңгерген

Барлық оқушы меңгерген.

2

Сөйлем құрай алады

Схемаға сәйкес құрай алады.

3

Жазу дағдылары қалыптасқан

Қалыптасқан. Мұғалімнің нұсқаулығы арқылы көмекті қажет етпейтін оқушылар байқалды.

4

Сөздегі буын санын анықтап, екпінді буынды белгілейді.

Мәтінді оқу арқылы буын санын анықтайды және екпін түсіре алады.

5

Таныс ертегілер мен әңгімелерді /кейіпкерлерді тану/

Әңгіме, ертегілерді оқу арқылы жоспар құрады, кейіпкерге талдау жасайды. Мазмұнын өз ана тілінде жауап беретін, есте сақтау қабілетімен жұмыс істеуді қажет ететін оқушылар да бар.

6

Өзі, отбасы, қаласы, Республика туралы әңгімелейді

Барлық оқушы біледі.Бұған дейін педагог-психологтар да жұмыс жасады.

7

10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту.

Санайды, амалдарды орындайды, сөзді есептердің шартын құру біледі.

8

Геометриялық пішіндерді, денелерді ажыратады

Кез келген заттардан фигураларды таба алады, ажыратады.

9

Тәулік уақытын анықтайды

Уақытты таниды.

10

Тірі және жансыз заттар туралы біледі.

Жанды және жансыз табиғат туралы жан-жақты түсініктері бар. Олардың бір — бірімен байланысы жайлы кейбір оқушылар энциклопедияны оқу арқылы біледі, түсініктері қалыптасқан.


Сабақтарға қатысу барысында оқушылардың бейімделуі аса күрделі болған жоқ. Дегенмен, оқушылардың өз ана тілінде шұбарлап, қиналып сөйлейтіндер бары байқалды. Ата-аналар да балаларының қалыптасып, бейімделуіне үлкен көмегі тиді. Оқушылардың әлеуметтік - психологиялық жағынан да тез бейімделді. Өйткені ата - аналармен өткізілген сынып жиналысында, мектеп -лицейішілік жалпы жиналыста оқушының мектепке бейімделуі жайлы көп сөз қозғалған болатын. Сондықтан ата - аналармен де тығыз жұмыс жүргізілгені байқалды.

  1. 5-сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жалпылама бақылау жүргізілді.

5А- 22 оқушы, 5Ә- 21 оқушы, 5Б – 24 оқушы, 5В – 22 оқушы . Ең бірінші, мектеп-лицей психологтары А.Тлеуберлина мен А.Акшалова психологиялық тест жүргізді. «Қобалжу шкаласы» әдістемесі бойынша кіші буынан орта буынға өткен оқушылардың орта буынға психологиялық тұрғыда бейімделуі мен пәндік бейімделуін анықтау мақсатында тест алынып, нәтижесінде әдістемеге 82 оқушы қатысты, оқушылар арасында мектепке қобалжуы байқалғандар - 8 оқушы, аса сабырлылық байқатқаны - 68, өзіндік бағалаудағы қобалжу түрінен - 3 оқушы « аса сабырлылық», өзгелермен қарым-қатынаста қобалжуда 3 оқушы « аса сабырлылық» танытты. Оқушылардың жалпы орта буынға өтудегі қиындықтар жоқ, әр түрлі пәндерден, әр түрлі мұғалімдердің бергендері оларға қиындықтар тудырмаған. Сыныптың жалпы орта буынға бейімделуі жақсы деңгейде. 5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және ата аналар бірлескен түрде көмек көрсетілу ұсынылды. Сабақ барысында оқушылардың пән мұғалімдеріне үйренісуі, сабақты тыңдауы, үй тапсырмасын орындауы, ереже жаттауы, мәтінді мазмұндап айтуы бақыланды. 5- сынып оқушыларының математика сабақтарында шапшаңдық танытуы, ереже жаттауға назар аудармайтыны, сұраққа жауап беруде қысқа қайыруы, жамырап, шулап жауап беруі, сабақ барысында тыңғылықты тапсырманы мұқият орындай алмайтыны байқалды. Бақылау барысында сынып жетекшілер, пән мұғалімдері мен ата-аналарға ұсыныстар берілді.

  1. Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі бақыланды. 

Кітапхананың жалпы қоры – 32158 дана, оның ішінде оқулық саны - 23423, көркем әдебиет-3891дана, сонымен қоса пән мұғалімдеріне арналған оқу әдістемелік кешендер, брошюралар, газет-журналдар – 4813 дана, электрондық оқулық - 31 дана. Барлық оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, сабақ барысында оқулықтарды түгелдей қолданатын оқушылар басым. Алайда, кейбір оқушылардың денсаулығына байланысты (омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы(Сколиоз)) парталас сыныптасымен оқулықты кезекпен қолданады. Мұндай оқушылар дәрігер мен сынып жетекшінің бақылауында болды.
Жыл сайын мектеп құжаттамасын тексеру бойынша бақылау жүргізіледі. Тексеріс барасында барлық пәндер бойынша дәптер жүргізіледі, дәптердің сырты талапқа сай толтырылған, үй жұмысының нормасы бақыланады. Сыныптарда дәптерге корректор қолданатын оқушылар бар, жазуда шимайлайтын, бірнеше рет түзейтін оқу жұмыстары кездесті. Пән мұғалімдеріне ескертілді.
Бақылау объектілері: 5-10-сынып
Бақылаудың мақсаты: оқушылардың жаратылыстану-математика, гуманитарлық пәндерінен білім сапасын жақсарту. оқу бағдарламаларының қолжетімділігін бақылау.
Бақылау нәтижелері:
Мектепішілік бақылау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде, 6,7,8,9,10-сынып оқушыларының жаратылыстану-математика, гуманитарлық пәндерінен білім сапасын көтеру мақсатында бақылау жүргізілді.
Барлық сыныптарда бақылау сынып сағаттарынан басталды. Барлық сыныптарда тәрбие сағаты жоспарға сәйкес өтетіні байқалды, Тақырыптан ауытқу болып, сынып сағаты өз деңгейінде өтпеген сыныптар да кездесті. Сынып жетекшілерге ескерту жасалды және кейбір жас мамандарға әдістемелік көмек беру ұсынылды. Сынып жетекші тарапынан тақырыпқа сәйкес жүргізілгенімен оқушылардың тарапынан жаңалықтармен бөлісу, өз пікірін айту, ойын ашық жеткізу байқалмайды. Тек сынып жетекшінің көмегімен ғана сұраққа-жауап ретінде қысқа жауаптармен шектеліп жатты.
Ал, оқушылардың сабақ барысындағы пәнге деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін бақылау кезінде: 8А, Ә сынып оқушылары биология пәнінен бөлім бойынша тақырыпқа жақсы дайындықпен келгені және қосымша ақпараттар да оқушы тарапынан айтылды. Ал, 8Б сынып оқушылары биология пәніндегі бөлімді қайталауда оқушылардың қысқа жауап беруі, ауызша дағдыларының қалыптаспағаны байқалды. Сол сияқты, 9Ә,Б сынып оқушыларының физика сабағында да оқушылардың тақырыпты бекіту кезінде ауызша сөйлеу дағдысы қалыптаспаса да, теориялық білімді меңгеріп, өмірмен байланыстыруы, формуланы жазу мұғалімнің көмегімен жүргізілгені байқалды.
6А,Б сыныбының математика сабағында оқушылардың белсенділігі қалыптасқан. Үй тапсырмасын мұғалім үнемі қадағалап тексеріп отыратыны байқалды, өйткені үй тапсырмасын орындамайтын оқушы байлмады. Сынып жұмысында мұғалім тарапынан әр оқушыға тапсырма берілді. Тақтада да оқушылар есеп шығарды. Шығарған есептерінің жауабы мен шығарылу тәсілі де түсіндірілді. Мұғалім мен оқушы арасындағы белсенді іс-әрекет ұйымдастырылды. Оқушылардың қызығушылығы, танымдық белсенділігі байқалды. Мұғалім назарынан тыс қалған оқушы болған жоқ, Формативті бағалауда мұғалімнің ынталандыруы, мадақтауы, кері байланыс жасауы, оқуға деген ынтасының артуына ықпал етті. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті, жалпы эрудициясы, сөз мәдениеті, сабақта оқушылардың барлығын қамтуы сабақтың қызықты өтуіне оң әсерін берді.
6Ә сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен білімдерінің қанағаттанарлық деңгейде екені байқалды. Теориялық білімді меңгереді, бірақ жетілдіру, отырып орындау, шығармашылықпен айналысу байқалмайды. Сабақ үстінде оқушылардың бір-бірімен коллаборативті ортаның қалыптаспағаны байқалды. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың қалыптаспағаны анықталды. Бақылау қорытындысы бойынша бұл сынып үнемі бақылауда болатыны, барлық сабақ беретін пән мұғалімдері, мектеп-лицей әкімшілігі қатты назарда ұстауға алды.
8Ә, 9А сыныптарының оқушылары алгебра сабағында өткен тақырып бойынша есептер шығарды. Мұғалімнің әдісі бойынша тақтада бірнеше оқушы орындады. мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Мұғалімнің материалды баяндау деңгейі оқушылардың түсінуіне игеруіне сәйкес. Сабақтың мазмұнына сәйкес оқушылар қажеттілігі,қызығушылығы ескеріліп отырды.
Ал, 8,А,8Ә, 9А,6А сыныптарының оқушыларын орыс тілі мен әдебиеті сабағына бақылау жасадық. Сыныптың атмосферасы бірқалыпты. Сабақ жоспарында сабақтың барлық кезеңдері қамтылған. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушыларды топқа бөлу, тапсырмалар деңгейіне қарай берілуі, оқушылардың жауабы бақыланды. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту арқылы балалардың білім және тәжірибелеріне сүйеніп, әр топқа жекелей тапсырмалар берілді. Әр оқушының жауабы тыңдалды. Сабақтың нәтижелі болуының алғышарттарының бірі- мұғалімнің мәдениеті, жан-жақтылығы мен адамгершілігі.Әрине мұғалімнен ондай қасиет көрінді. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ерекше айтуға болады. Сабақтың қорытындылау кезеңінде мұғалім әдістемелік тәсіл арқылы әңгіменің желісі бойынша «Padlet» тақтасын мұғалім үнемі қолданатыны және оқушылар өз ойларын ашық білдіретіні байқалды.
8Ә, 6Б, 7Б сыныбында дүниежүзі тарихы сабағы бақылау жасалды. Оқушылардың сабаққа белсенділігі төмен. Тақтадағы слайд арқылы үй тапсырмасы сұралды. Сұрақ қою арқылы оқушыларды белсенді оқуға жетеледі. Топпен жұмыс жүргізілді.
Әр пән мұғалімі ҚР «Білім туралы » Заңын орындау мақсатында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін орындау жолында ізденіспен еңбек етеді. Яғни, әр оқушының тақырыптарды толыққанды меңгеруге нақты көңіл бөлінеді. Оқытудың мақсаты-оқушыларды қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға немесе ыңғайлы жаңа әдіс-тәсілдердің көмегімен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуға үйрету.
Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:
1. Барлық мұғалімдерде оқу бағдарламасы бойынша сабақ жоспары бар.
2. Сабақ жоспарының құрылымына, мазмұнына, жаңа сабақты бекіту,қойылатын талаптарды сақтайды.
3. Сабақ барысында көрнекі құралдар аз қолданғанымен кабинетте техникалық құралдар қолдану мүмкіндігі бар.
4. Сабақ мақсатының дұрыс қойылуында кейбір сабақтарда (математика, химия, әдебиет, орыс тілі) жұппен, топпен тапсырмаларды орындау ұйымдастырылады.
5. Сабақтың мазмұндылығы: тәрбие бағыты бойынша мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы уақытты ұтымды қолдануда оқушылармен жұмыстың түрлерін сабақ барысында көрсете білді. Әр сабақта пәнаралық байланыс болды., сабақ тақырыбына сай тың жаңалықтармен, ғылымилығымен ерекшеленген сабақтар болды. Тақырыпты өмірмен байланыстыруда оқушылардың алған білімін практикада, тәжірибеде қолдануға үйрету мақсатында сабақ барысында айқын көрінген сабақтар бар: Ұсыныстар берілді:
1. 6Ә,8Б,9Ә,9Б сыныптардың сабақтарына қатысу, белсенділігін арттыру, білім, білік дағдысын қалыптастыру, білім сапасын көтеруде бақылауды жалғастыру.
Тәрбие - ең алдымен, сөйлей білу, оқушы жүрегіне жол таба білу. Себебі, сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, қоштасуымен аяқталады. Негізгі тұлға - сыныптағы мұғалім. Сондықтан да сыныпта шәкірттің сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де айрықша мән беруі керек. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп көрсете білу керек. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Сабақ бергенде мұғалімнің даусы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық, жағымды шығуы керек.
Мектеп-лицейішік бақылау мен басқару нәтижесі және жаңашыл жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде 2022-2023 оқу жылындағы білім сапасы 56,83%, яғни 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 2,09% өсті.
Мектеп-лицей директоры А.Токейбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет