Дулат Бабатайұлы. (1802-1874) . Өткен ғасырдың орта тұсында ұлттық өрукеиет ңорына елеулі үлес қосқан оқылмандардың бірі ұлт тәлімінің дүлдүл жаршысы –Дулат патшаның отарлау саясатын қазақ елінің шырқын бұзған, дала халқының өзінше дамуына кесір –кесапат болған құбылыс деп, ешкімнен жалтақтап –жасқанбай,сындарлы пікір айтқандардың бірегей Дулат болатын. Дулат ата-анасының, көпті көрген даналардың ақыл –кеңестері жас буын тәрбиесінде таптырмаитын құрал екендігін баса көрсетеді. Тәлімдік тұрғыдан Дулаттың” Еспенбет” деп аталатын көлемді дастаны көңіл аударалықтай. Дулат қазақ батырларын өсіріп, тәрбиелеген осынау ұлан – ғайыр жердің ежелден исі қазақ халқы екендігін айта келіп жастарға неде болса еліңмен, жұртыңмен бірге жау жүрек батыр ағаларыңдай бол дейді. Дулат – еңбек ете білудің тәлімдік маңызын қазақ жағдайында күн тәртібіне ерекше мән беріп қойған ақын. Дулат – ақындық өнер, сөз құдіреті туралы да терең толғанған ақын. Абайға дейінгі қазақ ой – пікірінің тарихында ақын жайында сындарлы сөз қозғап, оның психологиясын дәл басқан Дулаттан басқа ойшылды табу қиын.
Ақын мұрасында халықтық педагогикаға қатысты осы айтылғандардан да басқа қазіргі күн талап – тілегімен жымдасып, үндесіп жаьтқан салихалы ой тұжырымдар молшылық. Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.
Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.
Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді. Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам, – деген сөздің түсуі де содан.
Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халкы үшін ең киын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, "зар заман" жырын тудырды. Оның жөнін ұлы жыраудың өзінен артық ешкім де айтып бере алмайды. Дулат өзінің "Ақындық туралы" тамаша толғауында "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай... сорғалаған нөсердей" жырын:
Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, кайғы алған,
Қайғылыны уаттым... – деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындык мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.
Жырау шынайы ақындықты өнердің асыл, биік түрі деп білді. Сондықтан өлеңнің, ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән береді. "Сүлейменге" деген арнау өлеңінде:
Сөз-жібек жіп, жыр-кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп, баттаса, – деп, ал "Ақындар туралы" толғауында:
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шайыры
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген, – деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын тың метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген.
Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармаларын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан көркемдігі әлсіз, орта қол туынды табу қиын. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп, Дулатты ауызға алуы тегін емес.
Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған.
Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" – деген өлеңінде:
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері –
Жемтікке қонған күшіген...
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.
Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас...
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем, – деп күйінеді, Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп:
Ыдысысың параның;
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын, – деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, – деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді.
Бірақ, жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге,
Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар-жапсарда қосың бар.
Жылайсың да шыдайсың, – деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге тақап қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме.
"Толқынды теңіздегі сенімді кеме" жайында астарлай сөйлей келе, ақыры шыншыл ақын төренің әрекетсіздігін айтып тынады.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге, – дейді. Мұның өзі – білген кісіге ауыр сәз. Ал Сүлеймен төре – білетін кісі. Дулаттың іле-шала "жүйрікке керек көтерме" деп, ауыр сынын жуып-шаюы да сондықтан.
"Атаны бала алдады" деген толғауында ақын елдің жағдайына үңіледі.
Елімде ер қалмады,
Артына қарап бұрылып,
Ашпассың елім, көзіңді, – дейді.Сонда халық "артына қарағанда бұрылып", яғни өткен тарихына көз жібергенде қайтер еді? Әрине, бұл арада, алдымен үш жүздің хандары мен билері, қаһарман батырлары қазақтың басын біріктіріп, жоңғар шапқыншыларынан Отанын азат еткенін көрмек. "Ата қоныс Арқадан" толғауында мұны Әмір Темір, Әбілпейіз, Абылай есімдерімен байланыстыра қарайды.Түптеп келгендегі Дулаттың аңсаған арман-тілегі – халықтың ұлттық рухын, өзіндік салт-сана, дәстүрін, елдік, ерлік, адамшылық туралы ұғым-түсініктерін сақтап қалу.