7
-
Мама
-
деді әрі қарай ұлым, мен сендер сияқты жұмыс істегім
келмейді. Сендер жақсы табыс табасыңдар және біз жақсы үйде
тұрамыз. Егерде, сенің айтқаныңды тыңдасам, онда менде сендер
сияқты ӛмір сүруім керек, себебі: үлкен салықтарды тӛлеп отыру
үшін, әрдайым кӛп және одан да кӛп жұмыс істеуім қажет, ең соңында
қарызға белшемнен батамын. Біздің дәуірімізде тұрақты жұмыс
болмайды.Жұмыстан босату мен қысқартудың
не екенін мен білемін.
Соңғы кезде университет
бітірушілер, сенің кезіңдегіден жалақыны
кем алатындығын тағы білем. Мысалы, дәрігерлер. Олар бұрынғыдай
кӛп табыс таба алмайды. Мемлекет немесе компания зейнетақысына
сенімділікпен қарауға болмайтындығын да білемін Маған осындай
кӛптеген күрделі сұрақтардың барлығына жаңа жауаптар қажет.
Расында оныкі шындық еді. Оған жаңа жауаптар қажет болса,
маған да сондай қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: