Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет35/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#92347
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
Байланысты:
Бай әке, кедей әке (Р.Кийосаки)

НЕДЕН БАCTAУ КЕРЕК?
 
 
 
 
Кедергілерді жою
 
 
 
 
 
 
 VIII ТАРАУ
Адамдар білім алып, қаржы туралы сауатты болғанымен, толық 
қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуде кейбір кедергілер болады.
Мысалы, қаржы жӛнінде сауатты адамда, ақша ағымын 
арттырып, кӛп ақша түсіретін үлкен активтер колонкасының 
(бӛлігінің) болмаушылығынын мынандай бес себептері бар:
1. Үрей.
2. Ӛз күшіне сенбеушілік.
3. Жалқаулық.
4. Жаман дағдылар.
5. Менмендік.
1.Бірінші себеп.
Ақшаны жоғалтып алу үрейін қалай жоюға болады?
Мен ақша жоғалтуды жақсы кӛретін бірде-бір адамды 
кездестірген емеспін. Дегенмен, байлардың да бірде-біреуінің 
ешқашанда ақша жоғалтпағанын кӛргенім жоқ. Қайта, керісінше 
кедейлердің кӛпшілігінің, ғұмыр бойы бір тиында жоғалтпағандарын 
жақсы білемін. Ақшаны жоғалтып алу үрейі ол шынайы құбылыс. Бұл 
барлық адамдарға тән түйсік. Байлар да қорқады. Алайда, проблема 
ақшаның жоғалуында емес, оған Сіздің қалай қарайтындығьыңызда, 
яғни ұтылыс Сізге қалай әсер етті, қандай жағдайға соқтырды, әңгіме 
сонда.
Мұндай жағдай тек қана ақшаға ғана байланысты емес, ол 
ӛмірдің барлық қырларына қатысты. Мұнда байдың кедейден 
айырмашылығы, оның үрейге қалай қарайтындығында. Қорқушылық-
табиғи түйсік. Ақша мәселесінде қорқушылық ол орынды жәйт. 


155 
Бәрібір, Сіздің бай болуға мүмкіншілігіңіз бар.
Біз бәрімізде бір ахуалда батырмыз, ал екіншісінде қорқақпыз. 
Менің бір жолдасымның жұбайы аурухананың реанимация бӛлімінде 
медбике болып жұмыс істейді. Ол қанды кӛргенде шапшаң қимылға 
кірісе бастайды, ал мен инвестиция жӛнінде сӛз кӛтере бастағанымда, 
тайып тұрады. Ал, мен қанды кӛргенде қашпаймын, тек есімнен танып 
құлаймын.
Бай әке адамдарда ақшаға байланысты фобияның барлығын 
білетін. «Біреулер жыланнан қорқады. Басқалары ақшаны жоғалтып 
алудан қорқады. Мұның екеуі де-фобиялар». -деп қашанда айтатын. 
Осындай үрейлерден арылу үшін, ол: «Егерде барлығын жоғалтып 
алудан қорыксаң, істі жас кезіңнен баста», -дейтін.
Міне, сондықтан банктер ақша жинауды жас кездеріңнен 
бастаңдар, -деп үгіттейді. Егерде істі ерте бастасаң. бай болу жеңіл 
болады. Бұл мәселеге егжей-тегжей тоқталмай айтарым: ақша 
жинауды 20 жасынан бастаған адамның, 30 жасынан бастаған адамнан 
айырмашылығы ӛте кӛп. Жер мен кӛктей деп айтуға болады.
Манхэттен аралын сатып алушылық-әлемдегі ең үлкен ұтымды 
мәміле (сделка). Ия, Нью-йорк тұрған жер небәрі 24 доллар тұрарлық 
моншақ және әртүрлі ұсақ-түйек заттарға сатып алынған. Егерде, осы 
24 доллар жылына небәрі 8 проценттік пайдасы бар инвестицияға 
салынғанда. 1995 жылы олар 28 триллион долларға айналған болар 
еді. Бұл ақшаға жылжымайтын мүліктің 1995 жылғы бағасымен 
Манхэттенді және Лос-Анджелестің бір үлкен бӛлігін сатып алуға 
болар еді.
Менің кӛршім компьютерлер компаниясында 25 жыл жұмыс 
істеді. Бес жылдан кейін, ол жұмыстан кетеді. ал оның зейнетақы 
жоспары 4 миллион долларды құрайды. Бұл ақшалар негізінен ӛзара 
қорларға инвестиция ретінде салынған, енді олар облигацияларға және 
мемлекеттік құнды қағаздарға айналдырылған. Ол зейнетке шыққанда 
55 жаста болады, сӛйтіп оның пассивтік табысы, жылына 300 мың 
долларды құрайды бұл қазіргі жалақысынан әлдеқайда артық. Сіз 


156 
ақшаңызды жоғалтудан қорқып, қатерге ұрынбасаңызда, оңтайлы 
жағдайлардың тууы әбден ықтимал. Бірақ, істі ерте бастап және 
міндетті түрде зейнетақы жӛнінде жоспарлар болуы қажет, алдымен 
ақшаны инвестицияға салардан бұрын, міндетті түрде қаржыны 
жоспарлау маманын тауып алу керек.
Егерде Сізде уақыт аз қалып, зейнетке ерте шыққыңыз келсе, 
онда не болады? Ақшаны жоғалтып алу үрейлігін қалай жеңуге 
болады?
Менің кедей әкем, бұл жӛнінде ештеңе істемейтін. Ол, мұндай 
тақырыптан қашқақтап, талқылаудан бас тартатын.
Менің бай әкем, маған ойланғанда, техастықтар сияқты ойлану 
керек, -деп кеңес беретін.
-Маған, Техас және оның тұрғындары ұнайды, -дейтін ол.
-Техаста барлық іс-ірі кӛлемде жүргізіледі. Техастықтар бірдеңе 
ұтса? опырып қтады. Ұтылулары да сондай.
-Оларға ұтылу оңай ма? -дедім мен бірде таңданып.
-Жоқ, менін айтпағым ол емес. Ұтылуды ешкімде жақсы 
кӛрмейді. Маған ұтылыстан бақытты болған адамды кӛрсетші, мен 
оның ешуақытта да ұта алмайтындығын айтып бере аламын, -деп 
жауап берді бай әке.
-Мен техастықтардың үрейден сескенбей, тәуекелшілдікке 
баруларын және соның арқасында үлкен жұмыстарға шыққандықтары 
жӛніндегі кӛзқарастарын айтамын. Оларға ғаламат ірілікпен ӛмір 
сүреді. Оларда ақша туралы әңгіме кӛтерілгенде қысылу, қымтырылу, 
үрей дегендер жоқ. Дүкеншінің 5 тиынын қайырмай қалса, итше 
қыңсылап, оны талап етушілік оларда жоқ. Кӛрінгенге ұсақтанбайды. 
Тағыда айтам, Маған техастықтардың ӛмірге деген кӛзқарастары 
ұнайды. Ұтқандарында масаттанады, ұтылғандарында мұңаймайды. 
керісінше мақтанады. Оларда мынандай мәтел бар: «Егер банкрот 
болғың келсе, оны ірілікпен жаса». Ұсақ-түйек бір нәрседен жанып 
кеттім-деп мүсәпірсудің не қажеттілігі бар-дейді олар. Ал, кӛпшілік 
бұлай ұтылуға қорқады, банкротқа түсіп қалмау үшін, мұндай 
мәмілелердең (сделкалардан) аулақ жүреді.


157 
Ол қашанда, Майк екеуімізге: жұрттың кӛпшілігінде қаржы 
жетістігінің 
болмаушылығы 
себебтерінің 
бастысы 
олардың 
тәуекелділікке бармаушылықтарында дейтін. «Жұрттың ұтылыстан 
соншалықты қорқуы -олардың қашанда болмасын соншалықты 
ұтылуы»-деп, бізге осылай түсіндіретін.
Ұлттық футбол лигасының атақты қорғаушысы Фрэн Таркентон, 
бұл жӛнінде кішкене басқаша айтады: «Жеңіс-ол жеңіліп қалу 
үрейінің жоқтығы». Мен, ӛз ӛмірімде байқағаным, жеңілістен кейін, 
қашанда жеңіс келеді. Велосипед тебуді үйрену үшін, мен одан талай 
рет құлағанмын. Допқа қашанда дәл соғатын гольфшыны ешқашан 
кӛргенім жоқ. Сол сияқты,ақша жоғалтпаған байларды кӛргенім жоқ. 
Жұрттың кӛпшілігінің қаржылық жоғары дәрежелікке қолдарын 
жеткізе алмаушылықтары: ақшаны жоғалтып алу , үрейінің, бай болу 
қуанышынан үстем болуы.
Техастатағы былайда айтушылық бар: «Бәріде аспанға 
барғылары келеді, бірақ ӛлгісі келетіндер жоқ». Кӛп адамдар бай 
болуды армандайды, алайда ақшаларын жоғалтып алудан қорқады. 
Сондықтан, олар аспанға бара алмайды.
-Егер сендер, қауіптілікке, ұтылысқа және ұлысқа дұрыс қарауға 
үйренгілерің келсе, Сан-Антониоға барыңдар. Алома да болыңдар. 
Алома- бұл батыл адамдардың тарихы, олар жау күші ӛздерінен 
бірнеше есе артық болсада соғысудан бас тартпаған. Жауға 
берілгенше, ӛлімді қалаған. Мұндай тарихты білушілік шарт. Бұл, 
дегенмен әскери жеңілістің тарихы. Айту керек, дегенмен бұл 
сәтсіздік. Олар жеңілді. Техастықтар сәтсіздікке калай қарайды? Олар 
осы уақытқа дейін: «Аломаны есінде сақта!» -дейді. Бұл тарихты, ол 
бізге бірнеше рет айтқан болатын. Әсіресе, мұны үлкен мәмілелер 
(сделкалар) жасап, оны бекітерде жиі есіне алып, толқитын. Мұны, 
қате жіберіп алып, ақшамды жоғалтып алам ба деп қорыққанында, әр 
сайын ойлайтын.
Бұл оған күш-қуат беріп, қаржының жоғалуын, қашанда жеңіске 
айналдыруға болады деген ұғымды есіне алатын. Ұтылыс- оны 
ақылды және күшті қылатындығын білетін және ұтылғысы келмейтін. 


158 
Ӛзінің кім екенін және ұтылысты қалай қабылдайтынын білетін. 
Ұтылысты қайткенде де соңында жеңіске айналдыратын. Сондықтан, 
ол ғұмыр бойы жеңуші, ал қалғандары жеңілуші болатын. Бұл тарих 
оған, басқалар шекарадан тайсақтап ӛте алмай тұрғанда, рух беріп, 
жеңіп шығуына ықпал ететін. «Міне, сондықтан маған техастықтар 
ұнайды. Олар ӛздерінің ірі жеңілістерін, туристердің ағылып келіп, 
кӛретін орынға айналдырып, миллиондаған пайда табуда»-дейтін.
Егерде Сізді ұтылыс әлсірететін болса, қатерге ұрынбаңыз. 
Балансты инвестициямен айналысыңыз. Егер Сіздің жасыңыз 25-тен 
асса және тәуекелден қорықсаңыз, ӛзіңізді сындырмаңыз. 
Қорықпай ойнаңыз, бірақ ерте бастаңыз. Ақша жинауды жас 
кезіңізден бастаңыз, ол кӛп уақытты талап етеді. Егерде Сіз 
бостандықты армандап, «егеуқұйрық жүгірісінен» қалай шығуды 
ойласаңыз, онда Сіз ӛзіңізге мына сұрақты қойыңыз:
«Мен ұтылысқа қалай қараймын?» Егер Сізді ұтылыс жеңіске 
ынталандырса, онда Сізге тәуекел етуге болатын шығар. Егерде Сізді 
ұтылыс әлсіретіп, шатақ жағдайға жеткізетіндей болса, онда қатерсіз 
қимыл жасаңыз. Мұндай жағдайда, негізгі жұмысыңыздан кетпеңіз. 
Облигациялар немесе ӛзара қорлардың акцияларын сатып алыңыз. 
Есіңізде болсын, мұндай қаржы құралдары да қауіпті, бірақ аз 
дәрежеде. Сӛйтіп, мен Сізге Техас және Фрэн Таркентон туралы 
айттым, оның себебі: активтер колонкасын (бӛлігін) қалай кӛбейтуді 
кӛрсету еді. Бұл, ерекше қаблеттілікті талап етпейтін-ойын ғана. 
Үлкен білімнің де қажеттілігі жоқ, бес класстық арифметиканы білсе 
жеткілікті.
Айту керек, активтер колонкасы (бӛлігі) бойынша ойнау- бұл 
түбірімен басқа іс. Мұнда батылдық, шыдамдылық және шалысқа 
салқынқандылықпен қараушылық керек. Қашанда ұтылыл жүргендер, 
жеңілістен қашып жүреді. Бірақ, жеңіліс шалғанда жеңімпазға 
айналдыруы 
мүмкін. 
Қашанда 
Аламо 
есіңізде 
болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет