Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Microsoft EXСEL бағдармаламасын оқыту ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет77/93
Дата13.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#157950
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93
 
Microsoft EXСEL бағдармаламасын оқыту ерекшеліктері 
Microsoft EXСEL пакетінің қҧрамындағы EXСEL бағдарламасы - кесте 
ішіндегі есептеу жҧмыстарын шешуге, оларға әр тҥрлі диаграммалар 
тҧрғызуға, мәліметтерді сҧрыптауға, математикалық операцияларды 
орындауға, сандық эксперименттерді жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді. 
«Электрондық кесте» деген термин кесте тҥрінде берілген мәліметтерді 
компьютерде ӛңдеу деген мағынаны білдіреді.
Excel электрондық кестесі экономикалық және математикалық кҥрделі 
есептеулерді, диаграммаларды және т.б. кӛптеген іс-әрекеттерді орындауға 
арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру ҥшін алдын-ала әзірленген 
тапсырманы демонстрациялап кӛрсетеді. 
Электрондык кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар: 
-
дискідегі дайын файлмен жҧмыс, яғни оқушылар кестедегі берілгендердің 
мәндерін ӛзгерте отырып, нәтиженің ӛзгергендігін бақылайды. Бҧл әдіс 
бір жағынан мҧғалімнің демонстрациялап кӛрсетуі арқылы да 
орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жҧмыс істеуге деген 
сенімділігі артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі 
қарай ӛздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді; 
-
бҧйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру, жылжыту, 
ҧяшықтарға сандарды енгізу; 
-
формуланы тҥгелдей кӛруі ҥшін "формат" сияқты бҧйрықтармен жҧмыс 
жасайды; 
-
кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни "жою" бҧйрығымен жҧмыс 
істейді. 


111 
Оқушылар әрбір ӛзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не болмаса 
бағанды жойған уақытта нәтиже (не формула) қалай ӛзгергендігіне назар 
аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, кӛшіру тәсілдерін де 
меңгереді. Бақылау нәтижесінде, оқушылар дайын формулалар жҥйесі ҥшін 
әрбір ҧяшыққа мәндерді енгізуі, олардың ӛздерінің енгізген формулалар 
жҥйесін жазуы керек. Оқытуды ҧйымдастыру тҥрінің ең негізгісі әртҥрлі 
материалдар бойынша жаппай зертханалық жҧмыс орындау. Білімді 
жалпылауға арналған сҧрақтар беріледі. 
Тапсырмалар:
1.
Информатиканың нгізгі курсында электрондық кесте кӛмегімен сандық 
ақпараттарды ӛңдеу технологиясын оқып-ҥйренудің дидактикалық 
мақсаттары мен міндеттеріне талдау жасау.
2.
Электрондық 
кесте 
кӛмегімен 
сандық 
ақпараттарды ӛңдеу 
технологиясын оқып-ҥйрену барысында жалпы интеллектуалды және 
жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын қалпытастырудың шарттары 
мен дидактикалық мҥмкіндіктерін анықтау. 
3.
Оқушылардың алгоритмдік мәдениеттіліктерін қалыптастырумен 
байланысты информатиканың негізгі курсының жалпы білімдік 
есептерін шешуде аталған тақырыптың ролі. 
4.
Информатика мен басқа пәндердің интеграцияланған сабақтарын 
ҧйымдастыруда сандық ақпаратты ӛңдеу технологиясы бойынша оқу 
материалдарының дидактикалық мҥмкіндіктеріне талдау жасау.
5.
Сандық ақпаратты ӛңдеу технологиясы, оларды қалыптастыру әдістері 
мен кезеңдеріне байланысты негізгі ББД анықтау.
6.
Оқу материалын тақырыптық және сабақ жоспарлауды қҧру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет