Программа интерфейсі: 7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің тҥрлері. Циклдік операторлар while және
for. Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы Мақсаты: Оқушыларды циклдың тҥрімен таныстырып, оларды
ҧйымдастыруға қолданылатын операторлардың жазылу ережесін тҥсіндіріп,
121
циклдік алгоритмдерді программалауды ҥйрету.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар : Оқушылар берілген есептің
шартына қарай цикл ҧйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді
екенін анықтап, оны программалай алуы керек.
Жоспар: 1.
Циклдік алгоритмдерді пограммалау.
2.
Циклдік операторлар
3.
Циклдік операторлардың жазылу ережесі, мысалдар
Python программалау тілінде цикл операторының екі тҥрі қарастырылады:
while және
for. While цикл операторы (цикл «әзір») әрекеттер тізбегін шартты ӛрнек
нәтижесі ақиқат мән қабылдаса орындайды. Қайталанушы оператордан
кейін қайта шарт тексеріледі. Егер шарт ақиқат болмаса онда
қайталану(цикл) тоқтатылады. Шартты ӛрнек цикл денесінің алдында
жазылады және тексеріледі. Әдетте
While цикл операторы циклдың
қайталану саны белгісіз болған жағдайда қолданылады.
Жалпы түрде жазылу формасы: while
шартты өрнек: операторлар блогы Мысалы, келесі программа фрагменті 1ден 10 ға дейінгі барлық сандарды
экранға шығарады:
i = 1
while i <= 10:
print(‗i=‘ i )
i += 1
Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тҧратын болса онда олар бір
деңгейде жазылуы керек. Алдыңғы мысалда цикл денесі екі оператордан
тҧрады.
While
операторының кеңейтілген тҥрінде else қызметші сӛзі
қолданылады.
Жалпы жазылу формасы:
while
шартты өрнек: оператор1 else оператор2 Шарт орындалмаған жағдайда, else қызметші сӛзінен кейінгі оператор
орындалады. Else қызметші сӛзі кӛбіне циклді ҥзу операторларымен (break
немесе continue) бірге қолданылады. Break инструкциясы цикл
операторының жҧмысын тоқтады, ал continue ағымдағы циклдың
жҧмысын аяқтайды және while блогындағы шартты тексеруге кӛшеді.
Мысалы:
a = int(input())
122
while a != 0:
if a < 0:
print('Теріс сан енгіздіңіз!', a)
break
a = int(input())
else:
print('Теріс сан енгізілген жоқ')
Бҧл программада қолданушы теріс сан енгізген жағдайда цикл тоқтайды.