Байырғы қазақ қоғамындағы әншілік өнердің ерекшелігі



Дата01.12.2022
өлшемі10,97 Kb.
#160762
Байланысты:
1 тапсырма
7сынып Физика пәнінен мектепшілік олимпиада 2022-2023ж, Химиялық синтез, PUBG Mobile (копия)

Байырғы қазақ қоғамындағы әншілік өнердің ерекшелігі.
Әрбір халықтың өзінің салт-дәстүрі, тұрмыс-салты, мәдениеті оның ерекшеліктері болатындығындай, қазақ халқының мәдениетінің, тарихының, тұрмыс-салтының да өзіне тән ерекшеліктері бар. Осындай ерекшелікті көрсететін қазақтың дәстүрлі музыкасының тарихы Еуразия даласын мекендеген сонау сақ-үйсін кезеңінен бастау алып кейінгі түркі, қаңлы, қыпшақ кезеңіндегі мәдениетпен астасып бүгінгі күнге дейін жетті. Көшпелі тайпалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі табиғаттың заңдылығы мен музыкадан тұрады. Ұшы-қиыры жоқ кең далада малын жайғап, қолына домбырасын шертіп жатқан әрбір қазақтың ән-жыр дегенде жан-дүниесі бөлек еді. Осындай табиғи үдерістерден сұрыпталған қазақ ән-жыр өнерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына сал-серілер, жыршылар, күйшілер, жыраулар үлкен үлес қосты. Соның ішінде тек өнерімен емес, болмыс-бітімімен, күнделікті жүріс-тұрысымен дараланып тұратын сал-серілердің орны айрықша еді. Аталмыш атаққа ие болған жандар халықтың ішінде жеке әлеуметтік топ өкілдері ретінде аса құрметке ие болды. Бір басына бірнеше өнердің қасиетін жинақтаған аталмыш тарихи тұлғалар жөнінде елімізде біршама зерттеу еңбектері де жазылды.
Қазақ қоғамында үлкен мәртебеге ие «сал-сері» атанған жандар ақын-жыраулардың өнегесін, оның озық қасиеттерін жалғастырушы һәм өзінің өнерімен де қадір қасиетімен де ерекшеленетін ерекше топ иелері болып табылады. Көшпелі тұрмыстың сәні болған сал-серілік ұғымы ұмытылып, халық жадында «Ақан сері», «Сегіз сері», «Біржан сал», «Дәурен сал» сынды талантты өнерпаздардың есімімен ғана сақталып қалған. Байырғы кезде сал-серілік жеке өнерпаздардың ғана өмірлік мұраты емес, көшпелі қазақ қоғамында әлеуметтік, мәдени, этникалық және эстетикалық құбылыс болды.
Сал – ерте кезде ел ішіндегі аса бай, дәулетті ортадан шыққан әнші, ақын, өнерпаз жігіт-желең. Бірнеше өнерпаз адамдар топ болып ел аралайтын. Сал ешкімге ұқсамайтын, елде жоқ ерекше киімімен, жай адамға «оғаш», «өрескел» көрінетін қылығы, іс-әрекетімен, мінген атына дейін ер-тұрманымен қалайда сұлулардың көзіне түсу, өзіне қаратып таңқалдыратындай етіп көрсетуді мақсат еткен. Мұның бәрі жасанды емес, жарасымды түрде жасалған болған.
Сері – эстетикалық талғамы айрықша, сұлулыққа аса тәнті, әрі паң, әрі кербез, дәулетті ортадан шыққан өнерпаз жандардың ерекше түрі. Бұл жағынан сері салдарға ұқсас. Серілер де сақилық, білімдарлық қасиеттерімен ел-жұрттың көзіне түскен. Сонымен бірге жүйрік ат, құмай тазы, алғыр қыран серілердің серігі болған. Серілер ит жүгіртіп құс салған, әрине, жоқшылықтан емес аңшылық, саятшылықты қызықтап өнер көргендіктен. Осындай ұқсастықтарына қарап, салдар мен серілерді былайғы жұрт сал-серілер деп «топтастырып» атаған. Ақан Қорамсаұлы ескіше оқыған, өз заманында сауаты жоғары білімдар тұлға болған. Байқауымызша, әуелде өнерпаз, сері атанған, келе-келе серілігі салдықпен ұштасқан. Салдар сияқты 15-20 жігіт-желеңді өнерге баулып, Арқа өңіріндегі ойын-тойдың көркіне айналған.
 Әдетте, халық өнерді өмір серік еткен еркелеріне осы атты беруде ешуақытта жаза баспаған, шатастырмай қолданған, бұл олардың тек өнеріне ғана емес, іс-әрекет, мінез-құлқына лайықталып тағылған атау болған. «Сал» мен «серінің» айырмашылықтарын тап басып ажырату үшін этнографиялық айғақтарды көлденең тарту керек.
Сал жігіт-желеңмен ауылға таянғанда аттан құлайды. Қашан ауыл қыздары келіп, көтеріп үйге алып кіргенше, өлген адамдай тырп етпей жата береді. Алдынан шыққан қыздар көтеріп келген кезде балағынан, қалтасынан, қойнынан тақ-тақ дүрия шай, теңгелер төгіліп жүреді. Оны жинап алысқан қыз-жігіттер мәз болысады. Салдардың елден ерек өзгешелігі олардың көзге ұрып тұрарлық айрықша киім үлгісінде болған. Ә. Диваев оны былай сипаттап жазады: «Салдың үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе ол оны кимей, қара құрым киізден киім қылып киеді екен»
Қазақ музыкасын жинақтап, қағазға түсірген А. Затаевичтің «1000 песен казахского народа» атты еңбегінде тек қана әннің текстін, не әуенін ғана жазып алуды қанағат етпеген Автор қазақтың музыкалық әуен өнеріне қаншалықты қызмет жасаса, сөз, тіл өнеріне де соншалықты мол еңбек еткен. Оның қағаз бетіне түсіріп, қаттап алған өлеңдерінің бәрінің де туу, таралу тарихы бар. Әр өлеңнің әр алуан нұсқасы болса, зерттеуші оны да құр жібермейді. Мұндай өлеңдерді бір-бірімен өзара салыстыра отырып, мазмұн, түр, әуен, ырғағындағы жаңалықтары қандай еді деген сауалға да жауап іздейді.
Профессор Е. Ысмаилов «Ақындар» атты еңбегінде сал-серілерде ақындық, музыкалық, драмалық өнердің қабысып, оның үстіне би, спорт өнерлерін де қолданғанын да дұрыс атап өткен . Сондай-ақ зерттеуші сал мен серінің айырмасы ақындық, әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ, тек сыртқы түрінде яғни жүріс-тұрысында, киіну, сыпайылық әдетінде деп көрсетеді. Ғалым Е.Исмайылов «сері» сөзінің бірнеше көне мағыналарына тоқталып, араб тіліндегі сир (сейір) – серуен, сайран салу; телеуіт, шор т.б. тілдерде – сарнау, өлең, ән айту, «Кодекс Куманикусте» «сері» - шері сөзі мағынасында қолданылатынын жазады. Ғалым Ә.Х. Марғұланның «Қазақтың сал-серілік дәстүрі» атты еңбегінде халықтың серілік дәстүрі, әрине, бірден пайда болмаған, бірақ қай уақытта қалыптаса бастағанын тап басып айту да қиын екендігін атап өтеді . Серіліктің кейбір белгілерін Ә.Марғұлан көне түркілік дәуірден, оғыз дәуірінен іздестірген.
Академик, композитор Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» атты ғылыми-зерттеу жұмысында сонау Біржан салдан бастап Ғарифолла, Әлиге дейінгі сабақтастықты үзбей қарастырады. Автор өзінің монографиясында Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілердің шығармышылығына, әндерінің шығу тарихын тоқталады. Сондай-ақ, сал-серілердің өмір белестерінен де тарихи деректер, аңыз-әңгімелер арқылы терең сыр тарқатады.
Сал сөздің шығуын өз еңбегінде Едіге Тұрсыновтың «Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау» атты монографиясын атауға болады . Ол ғұрыптар мен әскери іс-шараларды жүзеге асыратын, дәулеті жеткілікті адамдардан құралған ежелгі дәуірде өмір сүрген құпия одақтардағы ареойлар мен қазақ салдарының типтік ерекшеліктерін тапқан. Е.Тұрсынов түркі тілінде «әскер», «қол» деген мағынасын білдіретін «черик» сөзімен түбірлес, «сері» сөзінің түпкі мазмұны «жасақ құрамындағы жауынгер», «жасақшы», «жорықтағы серік» деген болжам жасайды. Ол ғұрыптар мен әскери іс-шараларды жүзеге асыратын, дәулеті жеткілікті адамдардан құралған ежелгі дәуірде өмір сүрген құпия одақтардағы ареойлар мен қазақ салдарының типтік ерекшеліктерін тапқан. Атап айтқанда, ареойлар өз қоғамында басқаларға рұқсат етілмеген ерекше киім киюге рұқсат етілген. Басқа адамдарға, тіпті ру, тайпа басшыларына да жеуге болмайтын тамақты да ареойлар жеген. Ареойлар қоғамдағы тәртіпке бағынбай, өзінше өмір сүрген. Қазақтың салдары, атап айтқанда, Біржанның да, Ешнияздың да, Құтпанбай салдың да киімдері тосын әсер қалдыруға орайластырылған. Құтпанбай сал күзеннің терісін сыртына қаратып, тон киген. Салдар елден ерекше әрекеттер істегенді ұнататын. Е.Тұрсынов ареойлар мен қазақтағы салдар типінің алты ерекшелігін саралай келіп, сал типі ежелгі дәуірлерде, таптық қоғамда пайда бола бастаған кезде шыққанын дәлелдеп, салдық күнкөріс қамымен жасамаған, ойынға салыну, өнерге салыну деген мағына береді деген тұжырым жасаған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет