Байсеитова н. М


Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар және алғашқы крахмал



бет9/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар және алғашқы крахмал. Сужапырақ – ағынсыз суда, баяу ағатын тұщы сулы суаттарда таралған су өсімдігі. Сужапырақ бөлме жағдайында аквариумда жақсы өседі. Сондықтан жыл бойы сабаққа қажет уақытта пайдалануға ыңғайлы. Сужапырақ жапырағы орталық бөлінінде екі қатар, жиегінде бір қатар клеткалардан тұрады. Жас өркеннің ұшынан 1-2 см. төмен орналасқан онша үлкен емес жапырақтың біреуін пинцетпен жұлып алып, зат әйнегіндегі бір тамшы суға саламыз. Үстіңгі беті жоғары қараған жапырақ тақтасы суға толық батырылуы керек. Енді жабын әйнекті ауа қалмайтындай етіп жауып, дайындалған уақытша препаратты әуелі микроскоптың кіші объективімен қараймыз. Сонда жапырақтың жалпы пішіні, оның орталық жүйесіндегі ұзына бойы орналасқан бірнеше қатар мөлдір клеткалары және қара жолақтар түзіп орналасқан, іші ауаға толы клеткааралықтары анық көрінеді. Ауа көпшіліктері клетка құрамын көруге кедергі жасайды, сондықтан препаратты үлкен объективпен қарау алдында жапырақ негізіне таяу орталық жүйкеге жақын жатқан мөлдір клеткаларды таңдап аламыз. Микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде цитоплазмаға батырып, ретсіз орналасқан, реңі жасыл, пішіні линза тәрізді хлорофилл дәндерін көреміз.
Осы препараттан хлорофилл пәндерінде жинақталған алғашқы ассимиляциялық крахмалды көруге болады. Крахмал дәндері өңдеусіз, тірі хлоропластардан жақсы көрінеді. Нақтырақ көру үшін Люголь реактивімен әсер етеміз. Ол үшін зат үстеліндегі препараттың жабын әйнегінің оң жағына шыны таяқшамен реактивті тамызып, сол жағына сорғыш қағаздарды тақап орналастырамыз. Сонда сорғыш қағаз препараттағы суды бойына сіңіріп алып, судың орнын реактив басады. Реактив клеткаларға еніп, оларды өлтіреді. Клетканың құрамындағы цитоплазма, пластидтер сары түске, ал хлоропластағы крахмал дәндері қара көк түске боялады. Тірі клеткаларда жарық сындыру көрсеткіші цитоплазмамен сәйкес келетіндіктен, ядро байқалмайды, ол өлі клеткаларда сары түске боялып анық көрінеді
Қысқаша теориялық мазмұны: Пластидтер (грек тілінен plastides- жасайтын, түзейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада қос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтер меристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенезде біртұтас шығу тегі бар. Пластидалардың өзара айналулар мүмкін.
Пластидтер - өсімдіктер жасушаларында (саңырауқұлақтар мен кейбір балдырларда болмайды) кездесетін органоид. Пластидтерді пигменттерінің құрамына карай хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп үш түрге бөледі (2-сурет).
Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы Күн сәулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті фотосинтез деп атайды.
Хлоропластардың кұрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен де көптеген ерекшеліктері де бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді, оның ұзындығы 5-10 мкм, ені 2-4 мкм. Хлоропластардың саны әр өсімдікте әр түрлі, жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10-30 шамасында. Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады, олардың, қалыңдығы 7 нм. Хлоропластардың ішіне орналасқан стромалардың ламеллаларын құрайтын және тилакоидтардың құрамына кіретін мембраналарды байқауға болады (3-сурет). Строманың ламеллаларын құрайтын мембраналар жалпақ қапшықтар тәрізді: олар хлоропластардың ішкі мембранасымен тығыз байланысып, бір-біріне параллель орналасады. Пластидтердің кұрылысы. Жалпақ, жабық мембраналы қапшықтар-тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге дейін тилакоидтер бар. Хлоропластың барлық граналары өзара мембраналар арқылы




Хлоропласт






Хромопласт Лейкопласт


2-сурет. Пластидтердің түрлері





3-сурет. Хлоропласттың құрылысы

байланыскан. Хлорофилл осы граналарда шоғырланғандықтан, мұнда фотосинтез процесі жүреді.


Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және рибосомалар орналасады. Хлоропластардың рибосомалары ақуыз синтезін жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет