Тапсырмалар:
1. Қырлы шөп (купена), жүгері қара бидай сабақтарының бойлық және көлденең кесінділерінен тұйық коллатералды шоқты, беде, күнбағыс сабағынан ашық коллатералды шоқты қарау.
2. Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен биколлатералды шоқты көру.
3. Плаун сабағы, жыланқияқ тамыр сабағының көлденең кесіндісінен сәулелі (радиальды) шоқты қарау.
4. Інжугүл және аталық папоротник тамыр сабақтарының көлденең кесінділерінен шеңберлі (концентрлі) шоқты қарау.
5. Жоғарыда көрген шоқтардағы өткізгіш ұлпа элементтерінің орналасу ретін анықтау.
1-ж ұ м ы с. Коллатералды шоқ. Коллатералды шоқтың екі түрі бар: тұйық және ашық коллатералды. Прокамбий клеткаларының бөлінуін пайда болған жас клеткалар өзара жіктеле келіп, сырт (қабық) жағында орналасқан элементтері флоэма бөліміне, іш (өзек) жағындағылары ксилема бөліміне айналып кетеді, бұлардың екі арасында меристемалық қасиетін сақтайтын прокамбий клеткалары қалмайды. Бұл тұйық шоқ деп аталады.
Тұйық коллатералды шоқ дара жарнақты өсімдіктерге тән болғандықтан, мұны жүгерінің сабағынан зерттейміз.
Жүгері сабағының сыртындағы қабығын пинцеттің ұшымен сыдырып тастап, бір ұшын кесіп алып қараған кезде көптеген бозғылт нүктелерді көруге болады. Ол нүктелер жүгері сабағының ішкі бөлімінде орналасқан тұйық коллатералды шоқтар. Осы шоқтарды көлденеңінен және ұзынынан тіліп алып, олардан препарат жасалады. Препаратты алғашында микроскоптың кіші объективімен қарап, оны хлор-цинк-йодпен бояу керек (препаратты бояу тәсілі бұрынғыша). Боялған шоқтың ішіндегі склеренхима қынабы мен протоксилема бөлімдерінің клетка қабықшалары күңгірттеу сарғьпп түске боялады, өйткені бұл клеткалардың қабықшасы таза клетчатка емес. Тін (луб) мен метаксилема бөлімдері көк түске боялады. Өйткені бұлардың клетка қабықшалары — түрін өзгертпеген және қалыңдамаған таза клетчатка.
Жүгері сабағының коллатералды шоғын енді ұзынынан кесіп көруге болады. Шоқты ұзынынан кесуге қолайлы болу үшін жүгері сабағынан ұзындығы 6-8 см, диаметрі 1 см шамасындай етіп ұстарамен тіледі. Тілінген тұстың бетінде нүктелердің шеті бозғылт талшыққа айналады.
Коллатералды түтік-талшық шоғы типінің екінші бір түрі ашық коллатералды шоқ.
1 2 3 4
6-сурет. Өткізгіш талшық шоқтардың түрлері(сызба нұсқа):
1 – коллатералды ашық шоқ; 2 – биколлатералды ашық шоқ; 3 – коллатериалды тұйық шоқ; 4-5 – концентрлі шоқтар; К – камбий; Ф - флоэма; Кс – ксилема.
Прокамбийдің көбінесе тангентальды жолмен бөліне келіп, оның сырт жағына қарай флоэма бөлімінің элементтері (сүзгілі түгік пен оның серік клеткалары), ал ішіне қарай ксилема бөлім арасында прокамбийдің інің элементтері (түтіктер мен трахеидалар) ығысып, бұл екі бөлімнің клеткалары сақталып қалады. Бұлар камбий деп аталады. Камбий клеткаларының бөлінуі нәтижесінде сабақтың сыртына қарай төмен ағыс жолының клеткалары пайда болып, ішіне қарай жоғары ағыс жолының түтіктері (сосудтары) мен сүрек (ксилема) бөліміндегі либриформ талшығы ығысады.
Ашық коллатералды шоқ элементтерінің орналасуымен, олардың құрылысымен танысу үшін, күнбағыс өсімдігінің сабағын көлденеңінен және ұзынынан кесіп, оның ішкі мик- роскоптық құрылысын зерттеуге болады. Жасалған препараттарды флороглюцин және тұз қышқылымен бояу керек (бояу тәртібі бұрынғыша). Препараттың ішіндегі зерттеуге қолайлы келген шоқтың бірін микрометрлік винтті үздіксіз пайдаланып, зейін сала қарау керек. Бүл шоқтың сыртын қаптап тұратын (жүгері сабағындағы тұйық коллатералды шоқтікі сияқты)склеренхима қынабы болмайды.Ашық коллатералды шоқтың склеренхима клеткалары топтанып, оның бір бүйірінде ғана орналасқан. Флороглюцин мен тұз қышқылының әсерінен мұндағы склеренхима қызыл түске боялып көрінсді. Склеренхима клеткаларының астында флоэма бөлімі орналасқан. Бұлардың клетка қабықшасы жұқа және таза клетчаткадан тұрады, сондықтан оған ешқандай бояу сіңбестен, өзінің табиғи күйінде қалып қояды. Флоэма бөлімінің ішкі бетінде камбий қабаты орналасқан. Мұның клеткаларының қабықшалары да таза клетчатка болғандықтан боялмайды.
Камбийдің астында ксилеманың негізгі элементтері орналасқан, бұл қабат жоғарыда аталған реактивтердің әсерінен қызыл күрең түске боялған. ІІІоқтың флоэмасы мен ксилемасының шет жақтарын ала, әр жерінде ішінде сары түсті затқа толы сүт шырынының жолдары кездеседі.
2 - ж ұ м ы с. Биоколлатералды шоқ. Биоколлатералды шоқ қос жарнақты өсімдіктердің көптеген түрлерінің сабағында бар.
Олардың ішінен асқабақ сабағын алын,сабақтың көлденең кесіндісінен препарат дайындау керек. Микроскоптың кіші обьективімен қарап, оның жалпы кұрылысымен танысамыз. Кесіндінің сыртында аздаған түкті эпидерма,колленхима,ішінде крахмалы бар паренхима- лық клеткалар, склеренхима шеңбері, негізгі паренхималық клеткалар, өзек қуысы, биоколлатералды шоқ көрінеді (41-сурет, 2).
Препаратқа зейін салып қараған кезде, ондағы шоқтар бірден көрінеді. Өйткені бұл шоқтардың қай-қайсысы болса да құрылысы біркелкі паренхималық клеткалардың ішінде топ-топ болып, шоғырланып жатады. Ең алдымен көзге шалынатыны ксилеманың ірі элементтері (нүктелі, торлы, серіппелі, сақиналы) түтікшелер. Мұның сырт (қабық) жақтағы бүйірінде- камбий, онан соң флоэманың бірінші тобы, ал іш (өзек) жақтағы бүйірінде- флоэманың екінші тобы орналасқан. Флоэманың бұл екі тобында да сүзгілі түтіктер мен олардың серік клеткалары болады (41-сурет, 2).
Препаратты флороглюцин мен тұз қышқылына сальш, оның қай бөлімінің қандай түске боялатындығын анықтап, қорытындысы жасалады.
3 - ж ұ м ы с. Радиальды немесе сәулелі шоқ. Радиальды шоқ- көбінесе өсімдіктердің тамырына тән, ол кейбір өсімдіктердің сабақтарында да кездесуі мүмкін. Мысалы, плаунның сабағынан атбұршақ тамырынан препарат жасауға болады. Препаратты жасау мен оны бояудың тәсілдері- коллатералды және биколлатералды шоқтардағы сияқты.
Егер препарат гематоксиленмен боялса, ол кезде таза клетчатка күйінде тұрған клетка қабықшалары (көбінесе флоэма) көкшіл күлгін, ал клетка қабықшалары өзгеріп,қалыңдап (көбінесе ксилема), қызыл күлгін түске боялады. Препараттардан ксилеманың радиус бойлап, флоэмамен кезектесін орналасуын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |