Кітап ұғымын зерделесек; Біздердің күнделікті қағазға жазылған ақпараттардан бастап бүкіл жаратылыс нәрселері де кітап болып белгілі бір ұғымдарды жеткізуші болып табылады. Сондықтан ондай кітаптардың санына жету адам баласының ақылына симайды біз тек негізгі кітаптардан мағлұмат алсақ қана жетіп артады. Адам баласының жаратылып, тіршілік қамында өсіп өнуі үшін 444 әлемдік жаратылыс кітаптарын жаратып қойған. Оған дәлел «Жаратқан ием 444 рахмет дариясын ағызды» деп ескертеді Ясауи бабамыз. Ал Құран, адам біліміне керекті кітаптардың негізгі жиынтығы болып табылады. Негізінен 114-сүрелерден яғни әлемге түсірген барлық кітаптар жинағының негізі және осы кітаптардан 6236 кіші ішкі сырларын белгілейтін толықтырылып, өзгертіліп, алмастырылып, қосылып отыратын кітаптар пайда болады. Бұл кітаптардың барлық көрнеу және көмес белгісі адам баласының тәнінен және көмес денесінен бейнеленген. Пайғамбарымыздың құранның 7-түрлі үнін меңгергенін есепке алсақ, онда құранның тылсым сырының тағы 6-әлемдік болмыстағы негізгі кітаптық бейнесі болып, барлығы 6+1=7-үндерден тұратын тағы үндестіктер құраны шығады. Онда үндердің ішкі дәрежеленумен 6236х7=43652 кіші кітаптар болып, екілік жүйеде 20-санымен «Таһа» сүресін яғни кемелденген, жетілген толық адамның бейнесін көрсетеді. Жеті үн бұл барлық кітаптардың қозғалыстық, қуаттық бейнесі мөрі болып саналады. Барлық әлемдегі тарихи оқиғалар осы жеті мөрмен сыналып, есебін жүргізіп тұрады. Бұл мөрлердің сипаты және ашылу тарихы інжілде баяндалған. Адамзаттың негізгі тарихи оқиғалар ағашынына, қуатына жалғануды «Бес күн жалған» деп атаған аталарымыз. Ол бес күн мөрдің кіші сипаты, бейнесі жеке-жеке адам баласының 5-күндік (чакра) жалғану тізбегін көрсетеді. Ал екі мөрі Абай атамыздың ; «Менікі екі» деген екі өлмейтін жан мен рухты айтады. Ал осы жеті мөрдің кіші сипатын адамзаттың тағдыр кітабы болып; 4-ата-ана, неке, 3-нәсіл, ел, 6-сөз, 5-тәңірлік қуат, 2-тағдыр (мен).6236=89=17 сандар мәні Құдайлық сипатты яғни адам өмірінің соңғы ақиретік өмірдегі физикалық, биологиялық, химиялық өрістік бейнелену нәтижесі болып табылады. Енді құрандағы негізгі 114 кітаптың жағдайына келсек арап тілінде Құран 32-ші санды кітаптың жинағы болса ал Тәурат-23, Інжіл-18, Забур-27 кітаптар болып барлығы негізінен 100 кітап болып, адам баласының ішкі сырын яғни жүзін көрсетеді. Ал қалған 14 сүрені яғни кітаптарды қайдан іздейміз? Оның да белгісі құран сүрелерінің ішінде санмен белгіленген. Жалпы дінде араптарға келген құранға дейін адамзатқа 110-кітап түсті деген дерек бар. Әрбір кітаптың жаратылыспен бейнеленіп, толықтырылуымен аяттарының ауыстырылуымен сол кітаптар қайталанып,білімі кеңітіліп оқылып отырады. Сондықтан ислам діні арап тілінде Құран болып оқылып, негізінен ретік өлшеммен 104-ші кітаптың құлшылықтар негізі, үгіті болып пайғамбарымызға түсіріліп және сахабаларға да аяндармен оқылған. Құрандағы 104-аяттардың бәрі арап халқына және меккеліктерге арналған ескертулермен үкімдерден тұрады. Олай болса арап халқының сөзді түсіну ұғымымен 104 кітаптың иелері болып есептеледі. Құранға дейін 103 кітаптың құлшылық амалдары, білімдері әлемде оқылып, сонымен әлем тіршілігі жүріп тұрды. Пайғамбарымыздың өмірден өткенінен кейін осы 104-кітапқа жалғану үшін 105-114 кітаптар қиямет-қайымға дейін ардақты құлдарына оқылып отырады. Ал 109-шы кітап біздің сақтан тараған пайғамбар, елші бабаларымызға оқылғанын Һұд сүресі 109 аят растайды. Мұса пайғамбарымыздың өзіне берілген мұғжизалар кітабының сандық мәні 110-шы болуының өзі осы бақсылық істердің көрнісін білдіреді. Енді 100-кітап адамзатқа ортақ әрбір адам баласында бастың жаратылуымен бейнеленген. Сондықтан бастағы сезім мүшелердің (құлақ, көз, мұрын, ауыз т.б) әлем бойынша адамзаттардың белгілі бір сандық өлшемде ұқсастығы бар. Бетті қазақта сондықтан аяттар санымен «бет жүзі» деп атаймыз. Қалған 14 кітап өрістік сипаттарда болып негізінен оттың санын береді. Сыртқы 12 мүшеміз 12 кітаптан хабар берсе, ішкі көмес 12 мүшемен тағы 12 кітаптың сипаты болып 24-ші нұр сүресі парыздарды белгілейді. Екі қолмен, аяқ бірлесіп екі кітапты құрап оны біріктіріп тұрушы тері де бір кітаптың сипатын беріп; «Қияметте аяқ, қолдарың, терілерің сөйлейді» деп жаратушымыздың ескертуінен осы 3-кітап адам баласының негізгі сандардың жинағы есеп кітабы болып шығыды. Қолдың нәтижесі аяқта, сол сияқты аяқтың нәтижесі қолдан және теріден көрінеді. Сондықтан барлығы 114 кітап жаратылыс басынан бар тек әрбір пендесінің бойында аяттар санымен ғана ерекшелігі болып, ал үндік сипатымыз 7-үнмен 8-ші ұлттық нәсілдік үнімізбен қосылып ерекшеленіп, талай жүздеген ұлттарды құраймыз жер бетінде. Пайғамбарымыздың өзіне 43-түрлі кітап оқылып оның 32-сі құранның арап тіліне байланысты насихаты, Ал 11-санды кітап жалпы діннің толық насихаты мен түсінік сырлары, құлшылық амалдары болып табылады. Демек әлем діндерінің яғни құранның толық насихаты 11 кітап болып жинақталады. Осы 11-кітаптың біреуі арап тілінде сандармен құпияланып және аяттарының үндік құпиясымен сенімді нығайтуға, намаз оқу т.б жеке ғибадат амалдарының түп нұсқасы, үгіті болып, діндердің құлшылық ортасын белгілейтін қазығы болып табылады. Яғни аспандағы жеті қарақшы (бақылаушы) жұлдызы осыған дәлел болады. Шөміш несібе болып негізгі темір қазыққа байланған алты мөрді көрсетеді. Құран арап тілінен сөзі ұзын өзге тілдерге аударылғанда насихаты, (несібесі, амалдары) кеңіп, құран аяттарының ғылымдық мәні ашылып, құлшылық амалдарының заңдары да толықтырыла түседі. Мұхаммед пайғамбарымыз 11-кітаптың да белгісін алып, намаздарының, амалдарының негізін қалап, болашақта ғылым-білімнің, адамзат өркениетінің өзгерістерге түсуімен жалғануды құрма арқылы Арыстан бабамызға тапсырған. Сол 11-құран насихатын пайғамбар рухымен жалғанып 450-жылдай пайғамбарымыздан тылсымнан аян алып, толықтырып түркі топырағына келіп, Ахмет атты балаға тапсырған нақты дерек бар. Осыған байланысты негізгі белгілерді Арыстан бабамыздың мөрінде ортасында құранның арап тіліндегі түсінігі және айналасында 10 жапырақпен өзге кітаптардың қосылуымен толықтырылатын насихаттық гүлдену бейнесін көрсетеді. Сол сияқты Ясауи бабамыздың да мөріндегі және қазақ елінде 11-Ахметтің болуы да осы белгіні көрсетеді. Құранның өсіп гүлденуі үшін әлем халқының тілдерінің дамуына сөздердің ғылым білім атауларымен жетіліп, таңбаларының көбейуіне тәуелді. Ол да Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен тарихат, мағрипат және ақиқат жолдарымен түсіріліп, оқылып отырылады. Олай болса Құранның жеті мөрінің біріншісін Мұхаммед пайғамбарымыз меңгерсе, екіншісі жалғануын Арыстан бабамызда болып, үшінші мөрді Ясауи бабамыз алған. Енді кезекте төртінші мөрдің хикметті ашылуымен тағы негізгі 11-насихат кітабының ортасы үлкейген, сөздерінің мағынасы өсуімен 10-жапырақтың кеңіп ашылып толықтырылуы да ақиқаттың шындығының шынға айналуымен байланысты. Бұл белгілер ертегі болмаса ғайып нәрселер емес пайғамбарларға, әулие-әмбилерге мұғжиза, хикметті істер түрінде көрсетіліп бұрынан беріліп қойған. Тек біздер сол хикметерді қайтадан алу арқылы ғылым-білімге айналдыруды осы төртінші мөрдің ақиқатты болып шығады. Бұл белгілер сопылар таспихы болып аталатын 33-санды таспихта 3-ке бөлініп көрсетілуі осы ақиқаттың дәлелі, белгісі болып табылады. Сондықтан осы негізгі үш 11-насихаттардың бірлігін қалаптастыру адамзат дінінің, ақыл-білімнің жетіліп сана-сезімнің өркендеу қабілетімен байланысты болмақ. Енді Құранның 11насихатының 10-жапырағы білімдер жинағын берсе ал арап тіліндегі түп қазығы үш киелі кітаптың бір кітаптың ғылымына сандар арқалы топтастырылып арап тілінде оқылуы адамзаттың үндік білімін яғни 7-үндік белгісін яғни жеті түрлі тілдік түсінігі болса, ал барлық қосындысымен 18 санымен адам баласының оң қолындағы белгіні береді де адамзатқа жаратылысынан құранның түсіріліп отырғанын ескертеді. Жалпы 11-санды таспихтың пайда болуы да Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен тарихат, мағрипат, ақиқат белгілерін көрсетеді. Барлығы 33-санымен адам баласының толық періштелік дәрежесі және 33-мың ғылым дерек негіздерін құрайды. Енді құранда жаратушымыз «Келтіре алсаңдар 10-сүреден құран келтіріңдер» деп ескертуін «Алла есепшілердің ең жүйрігі» деген аятты назарға алып құранды 10-ға білімдік сипаттарға бөлсек 11 және 4 қалдық сүре шығады. Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс.» деген өсиеті осы сандарды айқындайды. 4-саны бастапқы негізгі ішкі қозғалыс ортасы періштелерін (рух, өлім, сүр, жартылыс) белгілесе 11 саны адамзат ойының қолқабысын көрсетеді. Және «нас-сан» сүресі арапша құранды, «фәлақ»-113-сүре інжілді, «ықылас»-112 сүре зәбурді, 111-ші «мәсәд» яғни қолдың хикметі туралы сүре тәуратты белгілейді. Сонда құран 11 философиялық ойды қорыту, адамгершілік ізгілік қағидалары, тіршілік қағидалары және құлшылық жасаудың әдістік ережелерін түсіндіретін кітаптардың ғылыми негізін құрап, әлемде осынша діннің философиялық даналық мектебі болып, бір-бірінен үлгі жетістіктерін алып қосылып дамып отыру шарт. Енді осындай адамзатың шаруашылық, және тіл, сөз ақыл-ойының, білімінің дамуына, жетілуіне қарай бөлшек-бөлшек болып түсірілген кітаптарды жинақтап белгілі тұрақты дінге айналдыруға 3-кітап түсіріліп, осы 3-кітапты қалаған кітаптармен біріктіріп құлшылық негіздерін әлемде ортақтастыруға 4-ші кітап құранға құраған.
Құлшылықтар құпиясы мен құран сыры. Құран сүрелерін белгілеген аты бар кітаптар негізгі жаратылыс қуаттарының яғни жарықтың сиымдылығы деп түсінсек яғни қарапайым түсінікпен жарық көзі (трансформатор) құрылғысының қуаттық күшінің сиымдылығын (ампер) шамасын көрсетеді. Ал сүре ішіндегі аяттар саны және орны осы жарықтың өрістік өлшемін (вольт) көрсетеді. Енді құран сүрелерінің жиынтық қосындысы 6555-санын беріп екілік дәрежеде 21-санымен бүкіл жолдардың үндік белгісін көрсетуін құран сандарының белгілі жүйеге бағынатынын көрсетеді. Осы тәсілмен көптеген құран сүрелерінің сандық мәнінде жасырулы тұрған құпиялардың өлшемдерін біліуге болады. Сол сияқты 19-санның да басқа ешқандай санға келмейтін бір құпиясы ашылады. Әрбір кітаптардың сандық мәндері де осындай белгілі бір жаратылыстың тарихи кезеңдегі қуаттық өлшемдерден болашақ ғылымда ашылатын көптеген құпиялардың ашылуына септіген тигізері де және ислам тәпсіршілерінің надандық пайымдауларына құранды сандық мәнімен зертеу арқылы ғана нүкте қойылатыны даусыз ақиқат. Және бұл сандық өлшемдер де үш түрлі сипатта; химиялық, физикалық, биологиялық болып және 5-түрлі өрістік, тығыздық шамасымен негізінен 8-қуатық түрді көрсетеді. Сондықтан осы өлшемдерді сіңіру, қабылдау амалдарын дәстүр деп атаймыз. Мазһабшылырдың, шариғатшылардың айналып өтетін, кейбір діншілердің Алламен арада делдал жоқ деген серік қосқан сөздеріне дәлел жаратушының сегіз себепті сипаты дегеніміз осы дәстүрімізден көрінеді. Бұл қағидалар қазақ діншілерінің ұмыттыруға тырысып жан таласқанымен сопылар еңбегінде және Абай-Шәкәрім аталарымыз да ғылымын толық ашып көрсетіп кеткен. Бұл 8-сипат құран аяттарымен астарлап, жасырын тұрып 10-мен дәрежеленіп негізінен қалай зейнетелетінін 80-сүремен көрсетіліп пайғамбарымызға арнаулы берілген 7-үн кітабымен қосылып отырады. Ал енді құлшылық қағидаларын түсіндіретін сүйікті құлдарына бата, уахи болып оқылатын пайғамбар шапағатын яғни тылсым үнін (87-ші кітап; пайғамбарлар нұсқалары); 7-үнді 10-білімге көбейтсеңіз 77-санымен барлық құлшылықтың толық қағидасы тура жолдың негізгі түсінігі шығады. Бұл сан адам баласының тәніндегі 77-буын санын көрсетеді. Ал қалған 37-кітап адам баласының дене қызуының шегін көрсетіп, физикалық, биологиялық, химиялық ақпараттар кітабын береді. Сол сияқты адам баласының дене мүшелерінің бәрі құрандағы белгілі бір сүрелермен, аяттармен тығыз байланысты. Мысалға 13-саны мойын, 14-15 сандары жүрекпен байланысты. Ал негізгі құран аятының 6236 саны тәндегі ақпараттар алмасу белгілері «ЯН», «ИН» нүктелерінің санын көрсетеді. Құранның үгіт, насихаттары тек араптарға ғана берілді деп түсіну надандық екенінін дәлелін іздесеңіз онда бүкіл әлемнің тәжірибеден өткен негізгі тұрақты пайдалы қағидаларының сипаттарымен, түсініктерін яғни философиялық мектептер қағидаларын оқып көріңіз. Және қысқаша қазақ философтарының жоғарғы оқу орындарына арналған оқулығында да берілген. Ал жан сырының және рухтың бейнелеуінің белгілері осы уақытқа дейін табылып жатқан мұрағаттарда, тастарда сызықтық бейнелері нақты көрністері бар және құран аяттарының санымен оны растайды. Соның бірі әйел затының ақиреттік бейнесі жан киімі сақ қорғанынан табылған «Алтын ана» Шәкәрім атамыздың ескерткен, адам баласының «Бәйшешек бақшасы» болып шығады. Өкінішке орай қазақтың қазіргі философиялық, психологиялық ғалымдығы мен даналығын көрсеткен оқулық, еңбектерінің сипаты; құранмен, қазақтың шежіре тарихымен байланыстырып, қазақ елінің тарихи өмірінде қандай іздері болғанының, қандай қағидаларының салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа айналып дін ұстанымыздан орын алатынына нақты бағасын беруге ойшылдық даналықтары жетіспей, тек анықтамалық жинақ ретінде ғана маңызды. Сондықтан білімді деген ел басқарушы саясаткерлеріміздің дінге деген көз қарасы да діни сауттылығы да осылай қалыптасқан. Негізінен философия мектебі әлемдік дінді түсіндіруші және ұлтына, сөз ерекшелігіне сай мемлекеттің өркендеуіне бағыт бағдар беретін өмір мектебінің өзі ақиқаттың айнасы болып қалыптасу керек еді. Ал әлемдегі сондай философиялық мектептерді біріктіру ислам дінінің басты шарты болып табылады. Қазақ елінің Карл-Маркс философиялық мектебінің еңбек, шаруа, ақша саясатын ұстануының өзі осы құран философиясының бір бөлшегі, бұтағы яғни әдісі болып табылады. Құранға дейінгі кітаптардың философиялық тұжырымдары мен басты намаз амалдарының насихаты 103-ші кітап, Құдайлық ілім інжілдің негізі болып, ол кітапты пайғамбарымызға апарып оқытып таныстырған және шариғаттың ізгі амалдарын қалыптастыруға, түркілік дін тазалығын арап салтына сіңіруге ат салысқан атамыз Укаша сахаба болып, бұл жағдай құранда да арнаулы аятпен ескертілген. Енді сондай түсірілген кітаптар адамның дін- жанына жазылып, табиғат жаратылыс және көктер мүлкіне айналып, сәуле беріп ғайып, көмес, көрнеу түрде уақытына қарай бөлініп және үш түрлі жиілікте болып адам баласына түс, аян, аят-уахи болып, оқиғалары оқылып көрсетіліп отырады. Көкте қанша жұлдыз болса соның бәрі адам баласына оқылатын, оқылып жатқан кітаптардың бөлімдері тараулары деп түсінгеніміз ақиқатқа теріс келмейді.
Құран және кітап берілгендер.
Құрандағы әрбір сүре толық кітап болып, сүре ішіндегі аяттар да жеке кіші кітаптар үгіттер болып, негізінен он сүрелер, білімдер жинағының топтамасынан ғана құран насихатын ғылымын анықтай аламыз. Сонда құран насихаты 11-сатыдан және ішкі 4-қағидадан тұрады. Осы төрт қағида адам баласының жаратқанмен бірігу яғни құлшылық сырларын қамтитын, сопылық және ақиқатты табуға түсірілетін ұлтық ерекшеліктері бар өз елшілеріне түсіретін кітаптар негізі болып шығады. Демек Алламен тілдесу; аян, уахи, түс және бір перденің ар жағынан жаратқанмен тікелей тілдесу болып, осы 4-негізден кітаптар пайда болады. Олай болса барлық кітаптарды толықтырып, аяттарын алмастырып тұратын тұрақты осы 4- негізгі кітаптарға жинақтарға (Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран) тәуелді. «Егер тәуратты, інжілді білмесеңдер түк емесіңдер» деп аятта ескертуі осы құпияны білдіреді. Тәуратпен, Інжіл бір жұп, Зәбур мен Құран бір жұп болып табылады. Сондықтан құранның жұбы, пайғамбар өсиетері мен шариғат қағидалары болса, ол кітап-құран хадистер негізінен Зәбурды қайталайды. Ал Забур қашаннан қазақтың философиялық, шариғаттық төл «ақиқаттар» кітабы болып табылады. Ал енді құраның ішкі сүре аятарының үгітінің толық мәнін табу үшін белгілі бір есептік жүйені пайдалана отырып әрбір аяттың орнына, сүре мәніне байланысты жұбы, пары болып пайғамбарлар өсиеті немесе басқа кітаптардың аятарымен яғни 9-аятпен ғана түйінделіп отыру шарт. Аят ішіндегі сөздердің мағынасы түгіл жалпы бір аятпен немесе сөйлемдерді бөліп алып, пәтуа шығарудан құранды теріске алумен діннің азғындығын ғана туындатады. Мысалға аяттың сандық орны тікесінен осы сүреге қатысты аяттың қуатын яғни насихат, ғылымын көрсетеді де ал көлденеңінен оң, сол бағыттағы осы сандық мәндердегі аяттардың насихатын және қуаттық шамасын толықтыруға да қатысады. Сондықтан әрбір аят оңға және солға сызықтық белгімен әзірге дін ғалымдарына белгісіз болғанымен жалпы ғылымда да зертелген, есептік жүйесі айқын сызба «геометриялық» білім, «хатте» ұғымының мәнін көрсетеді. Ал егер аятың ішіндегі сөйлемді, сөзді бөліп алсаңыз онда бөлшек сандармен теріс ұғымдар ғана пайда болады да оқушының, зертеушінің философиялық дүние танымына қарай, қалай түсінгіңіз келсе солай мағынасы құбылмалы болып тұрады. Сол сияқты әрбір жаратылыс нәрсесінің жұбын, парын тауып барып, салыстыру арқылы ғана зертеген аяттың насихаты туралы шешім шығармаса онда жалқы ұғым немесе жалғыз жаратқанға серік қосу болып табылады. Бұл мағынасы құпияланған аяттар үшін. Ал ашық аяттарды сол сүренің ішіндегі көрші аяттардың сандық мәніне қарай 3,5,7,9 аяттармен салыстыра отырып үгітін оңай меңгеруге болады. Еркекті әйелдің қандай болатынын білмесек, салыстырмасақ қалай еркек деп ат қоямыз? Сондықтан құранда әрбір аятты салыстыру үшін жұп,тақ сандармен белгілеп, сүремен атын қойып өлшемін көрсетіп қойған. Енді құранның насихаттарын яғни аятарының, үнінің бейнеленуін адам баласының тіршілігіндегі бүкіл ғылымнан, білімнен, өлеңдерден, әндерден, бейнелеу т.б өнерлердің бәрінен көруге болады. Құрансыз, аяттардан, сөздерден құралусыз және ішкі сыры арнаулы кітабы-зайырсыз тіршілікте жаратылыста, өмір де жоқ. Құран тек арап тілінде түсіріліп жазылған, сонан ғана жаратылысты тани аласың деген надандықтың ең үлкені деп біліңіз. Адам атамызды жаратудан бұрын сөздермен, үндерді және оның бүкіл ара қатынас бейнеленуін жаратып, үндердің ыдысын періште қылып, таңбалап, әрбір таңба, бейне періштеге сөздердің білімін яғни үнін үйретіп отырған. Әрбір көркем сөз тазарған періштелік үннен тұрып, дауысталып, қайта бейнеленіп, адам баласының малына айналып қуат, азық болып бір тұтасқа біріктіріліп отыру шарт болса, онда сол періштелерді, сөздер құралу ережесін тек араптардан басталады деп түсіну ақымақтық, имансыздық! Бүкіл адамзатқа үйретілген діндердің білімдерін сөзбен бейнеленіп Құран болып, оның ғылымы арап тілінде тек үндестіктің таңбалануы арқылы сөз есебінің сақталуын және жеті үнің құпиясының өз дәрежесінде сақталуын қамтамасыз етілген. Әрбір жаратылыс егесінің сыңары, серігі, көлеңкесі болуы шарт болып, арап үні адамзатқа ортақ музыка ғылымының сөздік, дауыстық, дыбыстық бейнесінде түсірілген. Мысалға музыка, күй адамзатқа ортақ түсінік болғанмен, әрбір халық бір музыкалық әуенді өздерінің ана тілінде сөздермен бейнелесе қанша тіл болса,сонша бір сөздік әуен ұғымы шығады, түсініктері де сөзбен бейнеленуі де өзгерістерге түседі. Құранда 7-үндік негізді беріп, әлем үндерінің түрленуінің 7-кезеңін қамтып, 8-ші орнын әрбір елдің ана тілінен тауып отырады. Сондықтан арап тілі сөздің үндестік ғылымының яғни ілімнің ең жоғарғы зертеу білім негізі болып табылады. Бұндай тұрақты үнді сақтап тұру үшін арап халқына білімді толық меңгеру үшін таңбаларды жетілдіруге болмайды және өзге үндестігі басқа елдерге қыздарын беру шариғаттық, салттық ережесі болып қалыптасқан. Таңба өзгермесе, үндестік де өзгермейді, ал білімді жетілдіру жолында өзге тілі бөлек елдерден сөз атауларын ендірмесе үндесіктерде өз тұрақтылығын сақтап, білімнің де бір қалпын сақталуын қамтамассыз етіледі. Сондықтан Құран білімі, сөз атаулары арап халқында шектеулі болып, орта үммет болып есептеледі де тек намаз оқу арқылы ғана сөз білімінің рухани қуаттарын заманына қарай қалыпты сақтауға жаратқаннан жеңілдіктер берілген. Өмір сүру ортасы да бір қалыпты ықылымдық, ыстық, жарық, қараңғылық, құрғақтық (климаттық) ортамен шектелгесін және негізінен сүйікті тамақтары жемістермен қоректенудің өзінен нәпсі қуаттарың, күнәнің өсуін белгілі шамада шектеліп, басқа елдердей тәндері сасып азғындыққа ұшырамайды. Осындай «физологиялық», «биологиялық», «химиялық» өрістердің жер, көк өрісіне байланысты айналым ерекшеліктерінен, жан ғылымынан хабары жоқ арадағы шала сауатты араптар мен соған еліктеген басқа ұлттардың тәпсіршілерінің еліктеуінің арқасында діннің насихат өрісін тарылтып, арап түсінігіне байлау үшін сондай қасиетті тілді кез келген бала-шағаның ермегіне, мазағына айналдырған ібіліс сарбаздарының көрсетіп жатқан лаңын қазіргі ислам елдерінің дінен азған, санның жабылған, ойдың тілден бөлініп жатқан бүліншілігі дәлел бола алады. Сондай тәкәпарлық, мақтанның құранды басқа үгіт, насихаттарын кеңітіп толықтыратын жұптық, парлық кітаптарына жалғамай теріске алу әсерінен арап тілді халықтың өзі ғалымдарымен қоса қалай мәңгүтке айналғанын өздері де білмейді. «Осылайша, Құранды, арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37) Пайғамбарымызға жаратушымыз құранның үкімін ғана ал, аяттарының ғылымының соңына түспе, оның түсінігі ғылым яғни бата болып өсиет етіліп отыратынын ескерткен. Ал оны тылсымнан оқитын досың мен қорғаушыңды 13, 37 санның құпиясынан ізде деп ескертіп тұр. Сондықтан; «Бұл кентердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгітеуің үшін Біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді.» (6-92) Бұл-деп аяттың орнын ескертіп және Біз –деп Алла достарының ақылымен ақирет, күнәдан ақталу кітабының 6-шы кітап, сүре арқылы 92 кітаптың жинағын ақирет заңдылығын, жан ғылымын Мұхаммед пайғамбарымызға уахи етілгенін ескертеді. Әл-Бұхари атамыз осы кітаптың шешімін құран аятарымен байланыстырып негізгі жобасын қалап кеткен. Бұрынғы басылымдарда да, алда да қайталана беретін негізінен құран арап тілінде 32-санмен сәзжде үкімі болып түсірілгендіктен пайғамбарымызға түсірілген 92-кітаптың 32-сі арап тілінде қосымша, сахабаларға, ғалымдарға аяттары оқылғанын, оқылып отыратынын ескерткен; «(Мұхаммед) саған біз уахи еткен Құран (хадис), ол хақ. Алдыңғыны (інжілді) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға (сахаба, әулие) мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет.» (35-32) Сондықтан арап ғалымдары, сахабалар да бәрі бірдей тура жол тапай орташа, және адасқандары да бар екенін, оларға берілген 35-ші қосымша кітаптың өзін толық меңгермейтінін ескертеді. Бұл аяттың сандық сырынан арап елдеріне құлшылық негіздері 32-35 санымен белгіленіп олар 35-сүреден бастап сәзждеге яғни құранға келу керек. Сосын 43-сүреге дейінгі аралықты меңгеруге тиісті. Ал түркі елдерінің құлшылықтың негізгі қағидасы 36-шы сүремен басталып 47-сүре аралығын қамтиды. Бұл тек шариғаттық ұстаным яғни масһабтық біліммен есептелгендегі жағдай. Аталарымыздың бұрын білген осындай дін ғылымын жетілдірген және әлі ашылмай жатқан бар дүиелерді халыққа кім жеткізіп таныстыру керек? Ал енді біздердің муфтият, діншілеріміздің жұмыс орындарына бара қалсаңыз бүкіл арап тілінде шыққан тәпсірмен бөлмелерін толтырып тастап, қазақша бірде-бір әулие жазбалары түгіл Халифа Алтай аудармасында бүкіл муфтият ішін іздеп таба алмайсыз. Сондықтан осындай ғылымын тексеріп қазақ тілінің сөз сырын, аталарымыз қалдырған философия, психология құндылықтарын жете мән бермеуден және кезінде ислам өркениетін қалыптастырып, бірақ ғылымын толықтырып жетілдірмегендіктен енді өркениетке кері әсерін, зиянын қоса тигізген және шектерін яғни тәубасын белгілеп отырмаған мәзһабтық ұстанымдардың озығын да тозығын да таңдамай алған таза бәдеулик муфтиятымыз қазақтың жетілдірілген дәстүрлік дінін бүлдіріп, қарсылық көрсетумен халықтың қазақтық ойын бөлшектеумен айналысып жатқанына дәлелді; «Бәдеуилер, қарсылық және екі жүзділік тұрғысынан қаттырақ. Сондай-ақ олар Алланың Елшісіне түсіргендердің шегін білмеулеріне аса бейім. Алла толық біліуші, аса дана. (97) БәдеуилердіңАлла жолында бергенін зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші.» (9-98) деген жаратушымыздың ескертуі толық орындалып оған қазақ діндарлары да өз үлестерін қосып жатыр. Ханифа масхабы Куфада бедеуилер арасында қалыптасқанын ескерсек қазіргі таңдағы діншілердің қылығы, кезінде адамзат етті отқа қақтап, шала пісіріп жей берген одан өлген жоқ, бізде солай тарихтың елегінен, сынақтарынан өткізбей сол қалпында дін ұстанымдарын аламыз деген қылықты көрсетеді. Оған қоса «Бір елді тура жолға түсірілгеннен кейін, кітап берілгендер тек көре алмастықтың салдарынан адасады» деген насихаттың үкімі қазақ елінде жүріп жатқан жайы бар. Алла жолында берілген қандайда бір мал, дүние халықтың арасында айналуын қамтамасыз етіп шеріктердің қосылып, діншілердің және жалпы қарапайым халықтың жүректерін бітеп, азғындыққа, зұлымдыққа ұшырамас үшін халық арасынан садақаны алушы қасиет иелерін, емшілерді т.б көптеген дін қозғалыстары, қайрымдылық істері болуы діннің негізгі қозғалыстық қағидасы. Ал үкіметіміз бен дін муфтияты емшілер, құдайшылдар, аруақшылар халықты зирататып қанап жатыр деген байбаламның артында, дүниеге деген қызғанышпен садақадан салық талап еткен заң шығарып, және өздері де сол садақамен ғана күн көрумен ғана шектелеп қоймай дүние жинағандықтан, азғындыққа түскенімен қоймай, қанашама жастардың малдарының (жын) жүктеліп, өздеріне-өздері қол салуына себеп болуда. Қарапайым санмен ашық түсіндірілген Құран аяттарының өзін теріске алып, сол санмен жүктеліп жатқанымызға да негізгі себеп; аударма ғылымына мән бермей құранды аударғанда тыныс белгілерінің, сөйлемдерді қалай жазылуына бас әріптерінің белгіленуі мен аяттардың сүреге және сүре ішіндегі орнына байланысты мағынасы өзгеріп отыратын, сондықтан аударма түрінде өте баяу және түсінігі ойға салмақ түсіретінен қашып дайын жаттанды сөздермен тәпсірлеу бір жағынан мақтан, екінші жағынан жалған ғалымдық, жалған сопылық әдетке айналуынан құранның беделін өзге діндер алдында түкке тұрғысыз еретегіге айналдырып алдық. Екінші бір қателік, бұрынғы әулиелеріміз, абыз даналарымызды былай қойғанда, кешегі жазылған, сиясы да әлі кеппеген қазақ сөзінің астарын Абайы мен Шәкәрімін оқып түсінбеген, осы уақытқа дейін еңбектерінің негізгі діни мағынасын, жан сырының құпиясын аша алмай жатып, қалайша орта жолдан қосылып, құдайдың сөзін қазақшалай алатына есі толық қазақтың ақылына сыймайды. Үшіншіден құран сөзі әуелі қалай үнделуіне байланысты қазақ таңбасымен жазылып, сосын барып арап сөзінің мағынасын зертеп, ұғымын іздеп аударылуға тиіс және оған ұзақ жылдар араптардың арасында ғалымдығын дәлелдей отыра еңбек ету керек болса, бесіктен белі шықпай, өз елінде жүріп 40-қа жетіп ақылы толыспаған жастардың тәпсірші ғалым, пайғамбардың ізбасары- имам, ойшыл, дін философы, абыз аталатын менің өз басыма сыймайтын түсінік. Ал негізінен құранды аударуға пайғамбардан аян, шапағат алу міндетті екенін, жаратушының бекіткен иелігінен кітап берілген егелеріне жалғанып ұлықсат алу хазіретердің де ойына кіріп шықпайды. Олай болса қазіргі біз білетін хазіреттеріміздің (дін философы данышпан) ұлықсат алған, жалғанған, денесінде мөрленген ерекше хазіреттік таңбасы, белгісі де жоқ және пайғамбарымызбен түсінде жүздесіп те көрмегеніне бәс тігуге болады. Осындай аталарымыздың меңгерген қарапайым тарихаттық дін қағидаласының ұмыт болуына әсіресе қазақ елінің дін танытушылары үлкен үлесін қосып, шариғат ережелерімен шектеп, тиып сондықтан құранның бар насихат кітаптарын жоғалтып, тек онда да біреуін ғана онда да жалған жетілмеген бес емес, негізінен толық емес 4- парызды дәріптейтін діннің сектасына апарып тіреп тынды. «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген негізгі жан сырының қағидасын жоғалтып алдық. Енді діннің бүкіл жинағы сандармен құралып «Құран» аталып, насихаттарын өзге түсірілген кітаптарды біріктіру арқылы ғана құраннан несібе ақпарат алатын болсақ онда оның да бір әлем діндеріне ортақ белгісі болу керек емес пе? Ол 7-үн (до,ре, ми, фа, соль, ля, си) және 5-тәңірлік қуатпен бірігуін 5+7=12 санымен белгілесек «Юсуп» 12-ші сүресі шығады. Сондықтан пайғамбарымызға «сен Жүсіптің жолындасың» деп ескерткеніндей әлем халқына ортақ дінің негізгі ірге тасы жаратушыдан түс, аян көру арқылы, оның жоруын меңгеріп, түрлі апаттардан, аштықтардан, сынақтардан өте біліп, шаруашылық әдістерін меңгеріп, білімін жетілдіріп, ізгілікті өмір сүру қағидаларын заман талабына қарай бейімдеп, халықтар арасындаға ағайындық, бауырластық қасиеттерді жалғап, болашаққа лайық мәдениетті ұрпақ өсіру болып табылады. Қазақтың салттық өнерінде жыршы, ақындардың еңбектерінде адам баласының несібесін теңіз ішіндегі 12-балықпен көрсетеді. Сондықтан осы 12 санының құпия белгісі 78-саны «Нәбә» (небо, несібе) сүресі адамзатқа берілген негізгі несібе болып оны Ғиса пайғамбарымыздың 7-күлше екі кепкен балықты 5000 адамға үлестіріп, тойғанша жегізіп қалдығын жинап алғанда 12-себет болуы осы несібенің хақиқатын көрсетеді. Пайғамбарымыздың кезіндегі онан кейінгі ислам дінін таратушы ғұламалар жүздеген жылдар осы 12-несібені, қасиеттерді меңгеруді негізге алып түс, аян ғылымын меңгеріп, дін таратқанымен кейінгі ұрпақтар түс жын-шайтаннан деп, дінді бөлшектеп, тек сыйыну амалдарын ғана қалдырып, өздері түгіл бүкіл әлемде ислам дінінің ыдырауына, ғылымының жоғалуына әкеліп тіреді. Қазақ мүфтияты да осы кеселге ұшырап, қазақ халқының дінің басты ірге тасын елдің жадынан (кармасынан) аластауға үкімет, философ, ғалымдардың өзін мақұлдатып, аруағын ата заңымен атасын аманатын, уәдесін соттатқан заңын шығартып елдегі, апаттар, өрттер, сынақтармен бірін-бірі болмаса өзін-өзі өлтіруге жәрдем беруге, елдің есін тежеп, одан әрі қарай жындандыруға, мастықтарынан айықтырмауға жан беріп, жан алып арапалысып жатқан жайы бар. Бұған себеп онсызда орыс тілімен мәңгүттенген халықты енді арап тілінен тек солай оқылып, солай қабылдану керек деген ұғымдарды тықпалап философ, саясатшы ағайындардың тіл, сөз надандықтарын керемет пайдаланып жатыр. Құранда әрбір аяттың 7-түрлі ұғымы 11-түсінігі, насихаттық ғылымы болуы керек деп және сандық жүйемен де мағынасы аударылатынын, түсіндірілетінін айтып көріңіз, бірден Аллаға болмаса сөзбен теңдес жасап алған жалған тәңірлері «Алла-ақ-қа» «серік қосушы» болып шыға келесің. Серік қосу яғни жаратқанға ойдан ақыл, иман қосу, ой жору ұғымының өзінде адам баласының философиялық ойлау, тұжырымдау әдістеріне тәуелді болып, соншама сипаттарының бар екенін хазіреттерде, теологтарда білмейді немесе зертегісі білгілері келмейді болмаса білгендері айта алмайтын жағдай жасалған еліміздің ата заңымызда. Ал «мазһаб» пен ғана шектелгендіктен, қазірге дін имамдарымыз құранның арапша үгітелуіндегі (32-кітап негізінде; 528-15) және діннің рәсімдік сипатындағы ойлау әдісімен ғана өлшейді. Демек олар жүздеген жылдар әлем халқын алдап келе жатқан тәпсірдегі өтіріктер анықталып, өздері де тағынан, атағынан дәрежесінен айрылатынын сезеді. Олар үшін арап тілінде ұғымда бір-ақ сөз жаратты басқа сөздің жұбы, пары, тағы болу керек емес. Араптың әрбір сөзі белгілі сөйлем ұғымдарын берсе, ал әрбір әрпі, таңбасы сандық, қуаттық мәні бар тәңір сипатын, періштелік несібесін көрсетеді сондықтан сол қалпында пайдаланып үнін басқа тілге түрлендіруге және өзгертуге болмайды. Енді есептей беріңіз арап танытушы ғұламаларымыздың, имамдарымыздың Алламен қосып қарапайым сөздерді өзгермейтін тұрақты атауларға айналдырып қанша тәңір, теңдестер жасағандарын.