Ғылыми жетекшісінің пікірі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Биология және биотехнология факультетінің биофизика,биомедицина және нейроғылым кафедрасының «6В05108-Биомедицина» мамандығының 3 курс студенті Жақсылық Мөлдір Нұрланқызы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2019 жылы Мәлік Ғабдулин атындағы орта мектебін аяқтап, сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының «6B05108-Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. Университет қабырғасындағы алғашқы күнінен бастап-ақ берілген тапсырмаларды дер кезінде тиянақты орындап, өз ісіне деген жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті. Оқу жылдары өзінің ізденімпаздылығын, білімділігі мен еңбекқорлығын таныта білді. Ол 3 курстан бастап «Биофизика,биомедицина және нейроғылым» мамандануына бөлінді.
Өндірістік практика барысында әртүрлі биохимиялық, физиологиялық және технологиялық әдістерді меңгеріп, дипломдық жұмысына қажетті материалдарды жинақтады.
Мөлдір 30.05.2022ж-25.06.2022 ж аралығында Алматы қаласындағы «SMART HEALTH» медицина орталығы орталығында өндірістік практикадан өтті. Өндірістік практикадан өту кезінде өзін барынша жақсы жағынан көрсетіп,берілген тапсырмаларды дер кезінде тиянақты орындап, өзінің ұқыптылығы мен еңбекқорлығымен көзге түсті.
Мөлдір практикалық жұмыстарға жақсы араласып, өзін сыпайы, мәдениетті, үлгілі практикант ретінде көрсете алды. Ол өзінің білімге деген құштарлығымен ерекше жетістіктерге жетуге, келешекте өз ісінің маманы бола алатынынан зор үміт күттіреді.
Ғылыми жетекшісі : Тулеуханов Сұлтан
Өндірістік практиканың бағдарламасы мен жоспары:
Өндірістік практиканың басталуы : 30.05.2022 ж.
Аяқталуы: 25.06.2022 ж
Практиканың ұзақтылығы: 4 апта
Өндірістік практика өткен орны:әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «SMART HEALTH» медицина орталығы
Практиканың мақсаты: Семинар, лабораториялық сабақтарына байланысты – адамда кездесетін қатерлі ісіктердің алдын алу, оларды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |