Бакитжанова Гульдарига Шараповна Ақтөбе қаласы білім бөлімінің қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,49 Mb.
#35199
1   2

4 оқушы 
Тіл тазалығын айтады 

Тіл – біздің тұтастығымыз 
“Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. 
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. 
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. 
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. 
Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді. 
Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. 
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. 
Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. 

Баяндамашыларымыз өте жақсы дайындалып келіпті рахмет сіздерге 

7. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аудиожазбадан тыңдау 
8. Ана тілі – ең басты байлығымыз 
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Әр нәрсенің түп-тамыры болатыны сияқты, ана тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шығыс Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп - өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген. 
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда қай сала болмасын, реформаның ең басты мақсаты - ой-өрісі жаңаша, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгере алатын маман болу. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. 
Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш. 
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. 
Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік! 

9. Ән «Қазақтай ел қайда?» 
10. Қорытынды сөз 
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. 
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен. 
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар-тық¬шылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Консти¬туция¬мызға сәй¬кес, мемлекеттік тіл бо¬лып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады. 
Бұл біздің Конституцияның норма¬сы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді. 
Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмей¬тіндей жағдайда жүзеге асады. 
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ да¬муы не үшін керек? Ол үшін мемле¬кеттің ең негізгі сырт¬қы саясаты – көршілермен тату бо¬луымыз керек. Онсыз мем¬ле¬кеттің болашағы бұлыңғыр бо¬лады. 
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі жолдауында айтылған «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады. 
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» деген. 
«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Тіл –ұлттықтың негізгі белгісі, тіл ұмтылса –салт -дәстүріміз де ұмтылады, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметтеу керек, өз тілін білмеген адам ата –баба тарихын ешқашан түсіне алмайды.


Б.Майлин - қазақ тұрмысының шебер суреткері.
Бейімбет - поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап - ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң - мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай - типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік - тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл - стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол - көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет - он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол - ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады. Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез - құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан - жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сипатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктерге бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір өтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің өмірінде болған өзгерістерді оның сана-сезімі, мінез - құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс - тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», «Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.

Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі.

Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туьш, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі, Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының арқауы етіп алады. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік таным-түсінігіне байланысты еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі де 1931 жылы: "Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ" деп жазған. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған күш не екенін мына шумақан анық көруге болады:

Сенің зарың - зарлайтыным өмірде,

Сенің арың - арлайтыным өмірде.

Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,

Сен қуансаң - қайғы, шерім аршылар.

"Кедейге" деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті.

Ал "Ұлы күн" өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де айтады.

Жырлағаным - кедейдің жыры,

Сырлағаным - кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір,

Мен-дағы сол кедейдің бірі.

Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі - кедейдің көзімен қарайды. Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп - төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен жіктер өкілдерінің ой - санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.

Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық тұрғысынан көрсетеді.

Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде - ақ:

Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!

Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой!

Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,

Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, - деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып, "жалындаған жүрегін сендіретінін" күйіне жазған.

Медресе - Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал - "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:

Барлық қазақ иемденіп жұмақты,

Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын.

Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл - сықағы келе - келе поэзиясының күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді.

"Рәзия қыз" поэмасында бай қызы (Рәзия) мен кедей жігіттің (Әлім) ғашықтық хикаясы, екі ғазиз жастың көксегендері орындалмай, ақ бандылардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағандары суреттеледі. Ал екінші поэмасының кейіпкері Маржан қыздың көңілі түскен кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі - сақа, екіншісі - өзі қатарлы жас) Самалық байдың кесепатына кезігіп, дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке душар болады.

Қалған поэмалары ішінде "Хан күйеуі" шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды.

Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында. Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғүмыр - тіршілігімен тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы жұртқа да соны танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің дүниеге көзін ашқаннан көрген - баққаны - көбіне ауыл өмірі. Төңкерістен бұрыңғы, төңкеріс қарсаңындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала тұрмысы. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанырда болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өнеріне арналуы тегін емес.
Ж.Аймауытұлы әдебиет сыншысы
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.

Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі //«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»//, Мағжанның мұра-мирастары //«Мағжанның ақындығы туралы»//, театр табиғаты мен тағылымдары //«Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы»//, сөз өнерінің сырлары //«Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары»//, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары //«С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С.Торайғырұлының жиналған сөздері»//, т.т. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды [1. 110-290].

Ж.Аймауытұлы адам, қоғам, кезең хақында //«Қазақтың өзгеше мінездері», «Партия», «Пара алу тоқтала ма?»//, ағартушылық-гуманистік һәм тәлім-тәрбие туралы //«Жаңа мектеп туралы», «Журнал туралы», «Емлені өзгертуге жоба», «Мектеп қандай болу керек», «Хат таныту әдістері» // қазіргі кезеңде де мән-маңызы айырықша болып табылатын мақалаларында ұлт мұратын, елдік һәм ұрпақ ұлағатын, мәдени-рухани мәселелерді кең көлемде қозғайды.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында – Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық, «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласында ақын өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген бітімі бөлек талант екендігі танылады. Ұлт мұраты мен руханияты туралы толғам-толғаныстарын кең көлемде ашады. Ақын ақиқаты, талант табиғаты мен тағылымы былай білдірілген: «Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді шешендігі» ... Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті болуына лайық».

Мақала авторы Абай әлемін нақтылы туындыларын сөз ету негізінде жан-жақты ашады. Ақындық өнердің бастау арналарына, көркемдік мұрат пен шеберлік сырларына, тіл мүмкіндіктеріне кең орын береді. «Өнер алды – қызыл тіл» сипаты, көркемдік құпиясы, асыл сөздің құдірет-қасиеттері алуан салыстыру, талдаулар арқылы жүйелі жеткізіледі. Абай мұрасы, өлеңдегі өмір өрнектері, сөз сыры мен сипаттары кезең-уақыт шындықтары тұрғысынан байыпты сараланады. Абайдың сөз өрнегі, көркемдік әлемі, руханият ісіне қосқан үлесі жан-жақты айқындалады. Көркемдік көкжиегіне, өлең өнер өлшемдеріне, ой-сөз жүйесіне кең орын беріледі. Абай ақиқаты, ақын айтқан ұлт мұраты мен тарих-таным төңірегіндегі өрнекті ойлар мен толғамды толғаныстар жан-жақты ашылады. Қысқасы, Абай әлемі мен оның өлең өнері – ұлт тарихы мен руханиятындағы айрықша құбылыс екендігі кеңінен көрсетіледі. Таным өлшемі айқындалады. Ақын әлемі, сөз сыры ашылады.

«Абайдан соңғы ақындар» атты мақалада ұлттық поэзияның жай-күйі, даму бағыт-бағдарлары мен көркемдік мұраттары, өзіндік өзгешіліктері сөз етіледі. Өлең сөзге қойылатын талап-шарттар мен өлеңші төңірегінде көзқарастар білдіреді. Өлең-өнердің дамуы мен ондағы жаңашылдық сипаттарға Абайдың, «Қазақ» газетінің әсер-ықпалы болғаны кеңінен көрсетіледі. Өлең өрісі мен өресі, «сезімге әсер беретін суретті өлеңдер» – Мағжан, Міржақып, Сұлтанмахмұт пен «сырты төгілген, сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл» – А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Өтетілеуов шығармашылығына зор маңыз беріледі. «Әдебиет бақалшының қоржыны емес» екені де назардан тыс қалмайды. Қысқасы, Абайдан кейінгі ақындар әлеміндегі артық-кем тұстардың бары, жүйелі сөз етіледі. Сонымен бірге қазақ сөз өнері, ақын әлемі, өлең-мұра сипаттары кеңінен көрсетіледі. Талант табиғаты мен тағылымына мән беріледі. Бастысы, әрине ақын әлеміне еркін еніп, одан кейінгі сөз өнерінің белесті кезеңдеріне, көркемдік таным арналарына ден қояды. Ақын мен өлеңші сыры ашылады. Ортақ мін, кемшіліктер көрсетіледі. «Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік беріп, күшейте алады» деген қорытындыға келеді. Өлеңнің өрнекті де өрісті, көркем де келісті сипат алуы негізгі назарда болады. Әдебиет – ардың айнасы, көңілдің сәулесі, жан-жүрек толғаныстарының мәнді, нәрлі көріністері екендігі кеңінен көрінеді. Сөз өнері мен өрнегі басты нысана етіледі. Талант табиғаты айқындалады. Еңбек сипаттары мен шабыт шалқары шығармашылық шыңы ретінде көрсетіледі. Маңыздысы, Абай мен оның айналасы, ақындық өнердің өзіндік ерекшеліктері, өлең сөздегі сыр мен сымбат үйлесімі, сезім мен сүйіспеншіліктің мөлдір шықтай тамшылары терең тебіреністермен табиғи жеткізіледі. Ақын мұраты, оның өрісті өнері мен өрнекті үлгі-өнегелері кең көлемде көрсетіледі. Абай мұрасындағы ел-жер, өмір-тұрмыс, еңбек-уақыт шындықтары – адам әлемі, келелі келешек хақындағы толғам-толғаныстармен байланыста беріледі.

Ал «Әдебиет мәселесі», «Әдебиет мұралары», «Көркем әдебиетті саралау» сынды мақалаларда қазақ сөз өнерінің табиғаты, арғы-бергі тарихы мен тағылымдарына кең орын беріледі. Айталық, алғашқы мақалада «әлеуметтің зор құралы – әдебиеттің» мұрат-міндеттері сөз етіледі. Қазақ әдебиетінің төңкерістен бұрынғы бағыттары мен орын-үлестері, күнгейі мен көлеңкелі тұстары кеңінен сараланады. Ал, «Көркем әдебиетті саралауда» төңкерістен кейінгі қазақ сөз өнерінің белгі-ерекшеліктері, артық-кем тұстары жан-жақты қозғалады. Әдебиеттің халықтық мұраты, көркемдік-эстетикалық қуаты, рухани нәрі нақтылы көрсетіледі. Халықтық сипаты, көркемдік қайнарлары айқындалады. Басты мұраты, мәні ашылады.

«Әдебиет мұралары» сөз өнерінің қыр-сырын, мұрат-міндеттерін айқындаумен бірге оны қамқорлыққа алу, басты орындары арқылы көпшілікке жеткізу, жинап-жүйелеу мәселелерін кеңінен қозғайды. «...Мәдениет мұрасы тарихымызға бір олжа салса, әдебиет мұрасы он олжа салды» деп оған қамқорлықты күшейту көзделеді. Халық әдебиетін жинау, бастыру мәселелері кеңінен қозғалады. Ел әдебиетінің мән-мазмұны ашылады. Оны жинап, жариялау ісіне мұқияттылық, зерделілік, жанашырлық қажеттілігі баса көрсетіледі. Әдеби мұра – ел қазынасы, қалың көптің ортақ игілігі екендігі басты назарда тұрады. Автор халық әдебиетіне жанашырлық пен жауапкершілікті күшейту – елдік мұратқа адалдықты, рухани құндылықтарға қамқорлық пен құштарлықты танытады дегенді айқын аңғартады. Ұлт мұраты, елдік мәселесі, мәдени-рухани құндылықтар әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне қатысты қозғалады. Әлеуметтік мәні ашылып, көркемдік-эстетикалық қуаты еселеп арта түседі. Елдік мұрат пен руханият ісіне, халық мұрасындағы тарих пен таным арналарына, өмір-тұрмыс сырларына, дәстүр өнегелеріне ерекше мән беріледі. Әдеби мұра ел қазынасы, ұлттық тарих пен руханияттың қымбат жауһар-жәдігерлері ретінде жоғары бағаланады. Ұлт пен ұрпақтың, тарих пен танымның қымбат қазыналары қатарына жатқызылады. Әдеби-тарихи құндылықтары, мәдени-рухани мәні кеңінен қозғалады. Бастысы, әрине әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары, халық қазынасының руханият әлеміндегі орны, ұлт пен ұрпаққа берер тағылым, сипаттары тереңнен қозғалып, байыпты сараланады.

Ж.Аймауытұлының әдеби сын еңбектерінде («Қалыбек әртіс», «Қазаққа пайдалы жас талап», «Тәрбие», «Театр кітабы туралы», «Ән-күй жайында», «Тіл туралы», «Сауық кеші» т.т) ұлттық мұрат пен ұрпақ қамы, адам еңбегі мен өнегелі үрдістері, сахна өнері мен оның көрнекті өкілдері, тіл туралы толғам-толғаныстар кең орын алады. Аталған мақалалардың қай-қайсысында да елдік мұрат-мүдде, ұлттық құндылықтар мен руханият ісінің түйінді тұстары, талант табиғаты мен тағылымдары, көзқарас пен қолтаңба мәнері, шеберлік пен шешендіктің сыр-сипаттары кеңінен көрініс береді. Ең бастысы, әрине Ж.Аймауытұлы ұлттық құндылықтар мен руханият ісіне қатысты мәселелерді кеңінен қозғайды. Өмір, уақыт шындықтарын негізгі назарда ұстайды. Артық-кем тұстарды анық та, ашық айтады. Кедергі-кемшіліктерден арылу жолдарын көрсетеді. Ортақ мұрат, келелі мәселелерді алға тартады. Нәтижесінде, сөз жоқ ұлттық мұрат пен руханиятқа қатысты көкейкесті мәселелерді уақыт биігінде, талап деңгейі тұрғысынан танып, жіті таразылайды. Автор ізденісі мен көзқарастарынан, таңдау мен талдау мәдениетінен, саралау мен салыстыруларынан еркіндік те, тереңдік те танылады. Тақырып табиғатына ену, елдік мұраттарға назар аудару, мәдени-рухани құндылықтарды жоғары бағалау, көркемдік қайнарларына ден қою – Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде кеңінен көрінеді. Осы реттен келгенде, Ж.Аймауытұлының білікті әдебиетші, сындарлы сыншылығын академик С.Қирабаев тап басып таниды: «Жүсіпбек – өз заманының белгілі сыншысы болған, әдебиет мәселелеріне қатысты көптеген ой-пікір қалдырған жазушы. Оның мақалаларынан, хаттарынан, тіпті көркем шығармаларының ішінен де автордың жазу өнері жайлы, оның ерекшеліктері туралы, суреткердің психологиялық, творчестволық сипатын түсінудің принциптері жайлы қызықты ойлар кездеседі. Әдебиеттің жаңа дәуірдегі міндеттерін түсіне білген жаңа көзқарасты қаламгер ретінде ол сөз өнеріне, оның өкілдеріне тың міндеттер артты. Олардың ішінде белгілі бір дәуір әдебиеті дамуына арналған шолу да, жеке ақынның шығармашылық бетін анықтауға құрылған портрет те, рецензиялар да кездеседі. Бірсыпыра қызықты ойлар жазушы хаттарында да орын алған» [2.182].

Бұл тұста еске алар жайт – Ж.Аймауытұлы өз уақытында ұлт руханиятына қатысты мәселелердің бәрі-баршасына жіті назар аударған-ды. Ұлттық құндылықтарға, әдеби үдеріске, сын мен сыншы жайына да айрықша мән берген. Басты мәселелерге, соның ішінде әдебиет қозғалысына, ақын-қаламгерлер шығармашылығына көзқарас-ұстанымдарын, ой-пікірлерін ашық, айқын білдірген. Дәйек-дерек көздерін орынды қолданған. Талдау мәдениетінен, саралау сипаттарынан жан-жақтылық, тереңдік тәрізді белгілер кеңінен көрініс береді.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде ұлттық тарих пен оның тағылымдары, қоғамдық-кезеңдік көріністер, мәдени-рухани құндылықтар, тәлім-тәрбие ісінің мың сан иірім-сырлары кең орын алады. Танымал тұлғаның әдеби-сын мұрасы – ұлттық сөз өнерінің көркемдік көкжиегін, мәдени-рухани деңгейін, танымдық-тағылымдық сипаттарын айқындай түседі. Болмысы бөлек, дарыны сирек тұлғасы, ерек қаламгерлігі де алуан қырларымен назар аудартады.

«Мағжанның ақындығы туралы» (Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама) атты мақаланың орны бөлек. Мақала авторы бастапқы тұста М.Жұмабаев шығармашылығы, соның ішінде ақындық өнері хақындағы мақсат-мұраттарын қалың көпшілік алдына жайып салады: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек...

Мағжанның өлеңдерін аса құндап, бұлдап жарыққа шығаратын Мағжаншылар да бар; іске алғысыз қылып, өртеп жіберу керек дейтіндер де бар; қысқасы Мағжанның қасы да, досы да бар, мақтаушылар нені біліп мақтап жүр. Оны тексеру біздің мақсатымызда жоқ. Біз шамамыз келгенше Мағжанға сын көзімен қарағымыз келеді. Сын көзі дегенде, біз ғылымның жолын тұтынуымыз керек. Мәдениетті жұрттар жазушыларын, ақындарын қай жолмен тексеріп сынаса, біз де сол жолды қолдануымыз керек» (Сонда, 144-145 бет). Ақындық өнер табиғатын, Мағжан мұрасын, ондағы өзгешеліктерді тап басып көрсетеді. Артық-кем тұстарына тоқталады. Көркемдік құндылықтар мен сырлы сипаттарды бөлекше атайды. Талантты туынды мен құнарлы қолтаңбаны, айқын көзқарас пен рухани құндылықтарды жіті зерделейді. Мағжан мұрасының көпке ортақ сипаттарын саралап та, даралап та көрсетеді. Ақындық өнерін биік белеске көтереді. Әділ бағасы беріледі.

Ж.Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласы //«Лениншіл жас», 1923, №5// ұлттық сөз өнеріне, өлең-мұраға қояр талап-тілегімен мәнді болып табылады. Мақалада әдеби сынның мақсат-мұраттары, көркем туындыны танып-таразылаудағы шындық сырлары, өлең-өнердің өзіндік өрнектері айқындалады. Мағжан мұрасы, ондағы көркемдік мұраттар, ізденіс арналар, ой мен сөз жүйелері, тіл-стиль сипаттары кеңінен көрсетіледі. Ақын әлемі туып-өскен, тәлім-тәрбие алған орта, өнегесімен сабақтастықта сараланады. Ақындық мұрат, өнер өрісі Мағжан поэзиясымен сабақтастықта сөз етіледі. Мағжан мұрасын тану мен талдау тұстарында: «Қазақ әдебиетінде романтизм дәуірі аяқтануға Мағжан көмек көрсетті», «Сентиментализм әсері, әсіресе әйел теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде ұшырайды», «Бейнешілдердің өлең жазу әдісін Мағжан қазақ әдебиетіне кіргізеді» деп түйін жасайды. Сонымен бірге: «...ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, школ //мектеп// ашқан күшті ақын», «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңлы зарымен күшті... нәзік сезімнің ақыны» деп талант табиғатына енеді. Қалам қуатына, ой-сөз жүйесіне, сыр-сезім иірімдеріне мән береді. Біздіңше, автор ақын табиғатын терең ашады. Ақын мұраты мен ақындық өнер сипаттарына еркін енеді. Өлең өнерге, мұра-мирасқа байыпты ден қояды. Көркемдік құпиясына, сөз сыры мен ой орамдарына мән береді. Шындық шырағын ту етіп, ақын әлеміне, поэзия патшалығына батыл барлау жасайды. Ой-сөз жүйесін байыпты саралайды. Ақын мұраты, көзқарас-ізденістері мен көркемдік иірімдері, өзіндік өзгешеліктері өмір-уақыт шындықтарымен, кезең көріністерімен, тұрмыс сырларымен сәйкестікте сөз болады.

Мақалада Мағжан туып-өскен, тәлім-тәрбие алған ортасы, «Ғалия» медресесіне қатысты білім-білігі, алыс-жақын елдердің әдебиет өкілдерінің (Байрон, Бальмонт, Блок, Гейне, Гете, Пушкин, Фет т.б) орын-үлестері кеңінен көрсетіледі. Ақынның ұлтшылдық, түрікшілдік бағыттағы ұстанымдары, елдік мұрат-мүдде жолындағы көзқарастары, әлеуметшіл-мәдениетшіл сипаттары, өлең-өнердегі орны, өзіндік өзгешеліктері жан-жақты ашылады. «Мағжан күшті ақын» деген қорытындыға келеді. Оның мәніс-мәнін, себеп-сырын әр қырынан ашып көрсетеді. Алдымен ақындық өнер, ақын мұраты туралы толғам-толғаныстарға енеді: «... әр адам, әр ақынның өрісі бірінші – заманға, екінші – туып-өскен әлеуметіне, үшінші – нәсіліне (тұқымына) байлаулы. Ақын ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа, тілегін орындамаса әдді жоқ.

Өзгелерден гөрі әлеуметтің мұңын баса жоқтайтын ақын болу керек. Өйткені, ақын қоғамның қарапайым тырна қатар топас мүшесі емес, өзгелерден сақ құлақты, сезгіш жүректі, сара ақылды, өткір қиялды мүше. Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпейтінін айтып береді. Әлеуметтің өз табының қатарға кіріп, ер жеткені кейін қалып, кер кеткені өзгеден гөрі ақынға артығырақ батады, ақынның жүрегі өзгеден гөрі көбірек толқиды, көбірек толғанады. Өзгелер салқын қанмен қарайтын нәрсеге ақын күйіп-пісіп қалады.

...Ақын бір жағынан өз табының, әлеуметтің жоғын жоқтап, мүддесін көксеп жүрсе, екінші жақтан оның бір артықшылығы – өзгеден тәжірибиелілігінде, өзгеден өмірді анық, жете білуінде. Өзі өмірді анық біліп, өзгелерге жөн сілтеп, қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған ақын – ақын емес. Сондықтан ақын жалғыз ғана таптың пайдасын көздеп, сойылын соға бермейді, өмірді анық танып, кемшілікті түгел көріп тұрған соң ақын кейде тап көлемінен шығып, жалпы шындыққа, жалпы адам баласының қамына да құлаш ұрып кетеді. Кейде көңілдегі ойы шықпай, басқа нәрселерге де көшіп кетеді» (146-147 бет).

Әдебиет сыншысы бұдан кейінгі жерде Мағжанның ақындығы мен айналасына өзіндік өзгешеліктеріне кеңінен тоқталады:

«Бір жағынан үй іші – әкеге, әлеуметі – ру басыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген, қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші – татар медресесінде оқып, түрікшілік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші – патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші – орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесінші – батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдық школынан сабақ алса, енді Мағжан қай пікірдегі ақын болып шығу керек? Сөз жоқ, Мағжан ұлтшыл, санашыл, дарашыл ақын болып шығу керек» (150 бет), «Күшті ақын өзгелерді өзіне еріксіз еліктетеді, соңынан шәкірт ереді, әдебиет жүзінде жаңа жол (школ) ашады. Мағжан да күшті ақын, күштілігі еліктеткенінен көрінеді. Осы күнгі өлеңшілердің көбі Мағжан өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды. Кім өлең жазса, Мағжан сөзінен бірдемені алмай қоймайды… Санап, тексеріп қарасақ, Мағжанға қарсы жазып жүрген ақындарымыздың бәрі Мағжан өлеңінің даяр түрінен жазып отырғанын көресіз. Жеңіл-желпі өлеңшілер былай тұрсын, бір кезде күшті болған ақындарымыз, Мағжанға ұстаз болған ақындарымыз бұл күнде өлең жазса, баяғы шәкіртіне еліктейтін болыпты» (170 бет), «Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Ел ішінде бай-кедейдің арасындағы қиянатты, тексіздікті көрмейді. Ұлтты жалпағынан алып қарайды. Ол түрікшіл, санашыл, дарашыл, ұлтшыл, өзімшіл ақын, бұ жағынан қарасақ ол – ескі пікірлі ақын.

Жақсы жағын санасақ, ол сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа, жаугершілікке қарсы күншығысшыл ақын» (171 бет).

Қазақ әдебиеті тарихын кең көлемде қарастырған, «Мағжан-Сәкен» атты зерттеудің авторы профессор Т.Кәкішев Мағжан мұрасына қатысты мақала туралы былай деп жазды: «Бұл шын мәніндегі сыни-эстетикалық еңбектің екі тұрғыдан, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жанының қалтарыс-бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, әлі күнге дейін жалғыз мағжантануда ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел болып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш: сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Теориялық ой-пікірлерін мөлдіреген әсем тілмен, ажарлы орамдармен жеткізуінің өзі үлкен өнер. Дұрыс айтқанына да, бұрыс айтқанына да эстетикалық дәлелдер келтіріп, көздеген мақсатына жетудің өнегелі үлгісін осы еңбектен көреміз. Осындай ерекшеліктермен күні бүгінге дейін сын жанрындағы биік шеберліктің эталоны болып келеді... Ж.Аймауытовтың мақаласы көп шындықтың бетін ашты, көркемдік түсініктің ауылы қай жақта болатындығын, оны қалың көпшілікке қалай түсіндіріп берудің жолын көрсетті» [4.223-224]. Сын мұраты мен сыншы сипаттарына терең мән берді. Ақын ақиқатына, сыншы мұратына айқын көзқарастарын жүйелі жеткізді. Талант табиғатын танудағы ақиқат жайттар, дара дарын қолтаңбасы, талдау-саралау сипаттары айрықша мән-маңызға ие болады. Демек, «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақала тақырыбы мен мазмұн байлығы тұрғысынан көркемдік құнары мен қуаты аса жоғары, ақындық өнер мен ондағы шеберлік пен шешендік сырлары терең, бағалау мұраты мен талдауы нақты да нанымды болып табылады.

Ж.Аймауытұлы түрлі тақырыптарда, алуан жанрларда ерен еңбек еткен. Ұлт мұратын, өмір өрнектерін, еңбек сипаттарын сенімді де серпінді, шебер де шешен сөз етеді. Халық мұрасы мен руханиятқа қатысты көзқарас-мұраларында, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстары туралы талғам-толғаныстарында жауапкершілік пен жанашырлық, сыншылдық пен сыршылдық көптеп кездеседі.

Ж.Аймауытұлының талант табиғатын театртанушы, профессор Б.Құндақбаев терең тебіреністерімен еске түсіреді: «Жүсіпбек Аймауытовтан қалған мұра рухани қазынаның ұзын-ырғасын оймен шолып көз жүгіртсек, оның творчествосының сан қилылығына, әдебиеттің барлық жанрларын түгел қамтитынына, көтерген мәселелерінің көптігі мен тереңдігіне, сол қисапсыз көркем дүниенің бәрін бір адам меңгеріп жазып қалдырды деуге таңданбасқа шараң жоқ. Егер ол жазықсыздан жазықсыз жапа шекпегенде ше?.. Иә, осындай дархан дарынның зорлықтың құрбаны болып, ерте қиылғаны өкінішті-ақ!» [5.5].

Негізінен алғанда, Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері өз уақытының көкейкесті мәселелерін, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстарын, Абай әлемі мен оның айналасын өмір шындықтары тұрғысынан терең де байыпты саралайды. Бұл – бір. Екіншіден, Ж.Аймауытұлының әдебиетшілігі мен сыншылдық сипаттарын саралай түсетін тұстар – Абай әлеміне еркін еніп, ақындық өнердің табиғаты мен тағылымын байыпты саралап, терең талдау жүйесіне айналдыратыны айқын аңғарылады. Үшіншіден, әдеби мұра мен оны зерттеудің жай-күйін елдік мұратпен, руханият құндылықтарымен сабақтастықта жүйелі жеткізеді. Төртіншіден, Мағжан мұрасын арғы-бергі кезеңдердегі көрнекті корифейлердің шығармашылықтарымен байланыста сөз етіп, өзіндік өзгешеліктерін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, тіл-стиль сипаттарын даралап та, талдап та көрсетеді. Талант табиғаты мен тағылымын кең көлемде ашады. Ақындық өнердің дара дарындарда ұшырасатын сирек құбылыс екендігін Мағжан мұрасымен, елдік мұрат-мүддемен, дәстүр, сабақтастық тұрғысынан зейінді зерделейді. Ең негізгісі, әрине Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде ұлттық сөз өнері мен оның танымал тұлғаларының туындылары терең талдау, байыпты бағалау мен жүйелі сараларға арқау болады. Асылы, ақиқатты айту, шындық сырын ашу – сын мұраты болса, Ж.Аймауытұлының сыншылдық сипаттарынан:



  • қоғам мен кезеңдік көріністер айқын аңғарылады.;

  • адам мұраты, оның өмірі мен еңбегі биік бел-белестерден көрінеді;

  • ұлт мұраты мен руханият мәселелері биік талғам, жоғары жауапкершілік тұрғыдан байыпты сараланады;

  • ақын мұраты мен ақындық өнер кеше-бүгін байланысы, жаңашылдық пен жалғастық тұрғыдан айқындалады;

  • Мағжанның ақындығы ізденіс пен ізгіліктің, көркемдік пен сұлулықтың, сыр мен сезімнің тұтастығы, шынайылық шындықтың үздік үлгісі, өрнекті өрісі ретінде бағаланады.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінің басым бағыттары мен оны танып, талдаудағы басты ұстанымдар, көзқарастар жиынтығы осыған келіп саяды.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты

барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы

мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз”

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де ақпарат технологиясын дамытуға үлесін қосты. Бүгінгі таңда білім беру шаңырақтарында білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Қазіргі жаңару кезінде білім берудің негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай –ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Барлық білім беру мен тәрбие жүйесінде әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өз пікірі, өзіндік ойлау санасы, өзіндік шешім шығара білу қабілеті бар екенін ескере отырып, білім нәрімен сусындауға келген әрбір баланың ілім, білімге ынтасын арттыру, жеке бас қасиеттерін дамытып және оны қоғам талабына сай жүзеге асыруға көмектесу қажет.

Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Тәуелсіз қазақ елі болашағының бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын жоғары деңгейден көрсетіп, алға жетелейтін күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жас ұрпаққа жаңаша білім берудің бір шарты. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Осыған орай, бүгінгі таңда мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Заман талабына сай жаңа технологияларды үйрену және оны өз тәжірибесінде меңгеру біріншіден, мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, мұғалім осы бағыт арқылы өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра алады. Екіншіден, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерінің дамуына зор әсерін тигізеді. Қазіргі кезде білім мен техниканың қатар дамуы әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. 
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан,  Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда  Выготский, Пиаже, Эльконин, Давыдовтардың және басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері   көрініс тауып, ойлары бір жерден тоғысып, біріктірілген сынды.

 Сыни ойлау дегеніміз не? Сыни ойлау - өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады. Сыни ойлау- бірлесе оқыту  идеясы. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында (стратегияларында).  Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.   СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарауға қол жеткіздім. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.

Сыни ойлау сабағының құрылымы 3 кезеңнен  тұрады:


  • Қызығушылықты ояту   

  • Мағынаны таныту       

  • Ой толғаныс        

Бұл технологияның бірінші және екінші сатысында бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

«Қызығушылығын ояту» кезеңінің бірінші мақсаты - алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңімағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

-  бір-біріне құрметпен қарауға;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

-  өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

-  өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

-  достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге.

Сыни тұрғыдан  ойлау  сабағында  оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім              оқушы             білім  

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені мына кесте арқылы салыстыруға болады:




Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы  бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, қандай жаңалық болар деген қызығушылықтары басым.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Ойларын қорытып, өз тұжырымдарын жасайды.

Түсінгенін айтып береді, жауап береді.













Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін :

- Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
- Оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану;
- Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;
- Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап ету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет