Бала асырап алу — заңды акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның “Неке және отбасы туралы” заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау).
Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген.