Монтессори/ЕДШ бөлмесінде ойнату
|
11.00-11.30
|
Монтессори ойыны
Қандай пішін шықты?
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Қажетті құралдар: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
|
Монтессори ойыны
Біркелкі пішіндерді сана
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)
Ойын барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау
|