Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.
Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.
Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау–алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады