1.Жаратылыстану. Тақырыбы:Біздің қанатты достарымыз
Мақсаты:Құстар (торғай және сауысқан) және оларды бір – бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру.Құстарға ғана тән ерекшеліктерді түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу.
Әдіс-тәсілі: 1.Жұмбақ жасыру.
Қанаты бар талмаған
Аспанға ұшып самғаған
Жауы шыбын шіркейден
Табиғатты қорғаған.
Бұл не?
2.Суретпен жұмыс.(торғай,сауысқан)
3.Сұрақ жауап.
4.Қимылды ойын.
« Ұшады-Ұшпайды»
Қане балалар ойын ойнап бір серігіп алайық.
Балалар қазір мен құстардың,заттардың атын атаймын сол кезде ұшатын құстарға қол көтеремізда,ал ұшпайтын заттарға қол көтермейміз.
Ұшты ұшты қарға ұшты?
Ұшты ұшты торғай ұшты?
Ұшты ұшты қағаз ұшты?
Ұшты ұшты сауысқан ұшты?
Ұшты ұшты сандар ұшты?
5.Жеке жұмыс:
“Құсты тап”
Мақсаты.Әрбаладан құстардың атын сұраймын.
6.Қорытынды
Балаларды мадақтау..
2.Музыка. Педагогтың жоспары бойынша.