Балалар аурулары пәнінен тест сұрақтары ~~



бет1/25
Дата25.12.2023
өлшемі140,4 Kb.
#199051
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
pediatri


Балалар аурулары пәнінен тест сұрақтары
~~Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарылауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емізген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Өкпе перкуссиясында – қорап тәрізді дыбыс естіледі, оң жақ жауырын асты аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақ көпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160/1 мин.
~~ Бала 2 жаста, салмағы 12 кг. Диагнозы: Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, асқынбаған. Сіз пенициллинді мына мөлшерде тағайындайсыз:
~~Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың болуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Ауру біртіндеп басталған, дене қызуы субфебрильдіге дейін көтерілген. Қараған кезде: жұтқыншағында катаральды белгілер. Коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, жайылған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/сағ. Кеуде торы R-граммасында-өкпе алаңында біртекті емес ошақты инфильтрациялар.
~~Бала 9 айлық ауруханаға айқын токсикоз, дене қызуы t – 38оС және ентігумен түсті. Перкуссия кезінде қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі. Жайылған сырылдар естіледі, оң жақ жауырын тік бұрышында, тұрақты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагноз қойыңыз:
~~3-жастағы баланың плевральды сұйықтығында нейтрофильдердің басым болуы орын алатын экссудативті плевриттің даму себебі болып табылады:
~~Бала 5 жас. Ұзақтығы 2 сағатқа созылатын, бронх демікпесінің жедел ұстамасы. Ата-анасы қыз балаға бромгексин мен эуфиллин берген. Сіздің әрекетіңіз:
~~Балаға шолу рентгенограмма жасаған кезде, плеврит анықталды. Дәлелдеу үшін міндетті түрде жүргізу керек:
~~Стационарға туа пайда болған Фалло Пентадасы ақауы бар науқас түсті. Не үшін оттегі жетіспеушілігі белгілері дамып жатыр?
~~11 айлық бала, физикалық дамуы жағынан артта қалуда, дене салмағы 7 кг. Емізген кезде ентігу, ерін мұрын үшбұрышының цианоз пайда болады. Тері жабындылар көкшіл түсті, шеткі цианоз, "барабан саусақтары, сағаттың шынысы". Жүректің шекаралары біраз ұлғайған
~~14 айлық бала, дене қызуының жоғарлауына, түндегі ылғалды жөтелге, құсуға, салмағының төмендеуіне шағымданады. Бір жаста ЖРВИ ауырған, сол кезден бастап ойын кезінде тез шаршайтын болған, ентігу, мазасыздық, құсу пайда болған. Жағдайы ауыр, белсенді емес. Өкпенің төменгі бөлімінде аздаған ылғалды сырылдар, ТАЖ – 44 рет/мин. Жүректің шекаралары сол жаққа қарай ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында қатқыл емес систолалық шу. Бауыр + 5 см. ЖҚА: Hb-112 г/л, Эр-4,1х1012/л, Л-10,0х109/л, ЭТЖ-15 мм\сағ.
~~Бала 11 айлық, жасына сай өсіп дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару белгілері байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойында, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Жүрек тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз:
~~Бала 10 айлық, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару белгілері байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойында, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Жүрек тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы. Сіздің диагнозыңыз:
~~Балаға 1,5 ай. Ауруханада: «Туа пайда болған кеш миокардит, ауыр дәрежесі» клиникалық диагнозымен емделуде. Баланың жағдайы нашарлауда, ентігу, көгеру, тыныс алуы шулы, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүрек тондары тұйықталған, өкпесінде көп мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентген суретінде венозды іркіліс анықталды. Аталған симптом және рентген суреті неге негізделген:
~~Көп жүйелі түріндегі зақымдалуы: 9 жастағы қыз балада терідегі бөртпелер, полиартрит, перикардит, нефрит, серозды плеврит, қанды LE жасушалардың болуына байланысты жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылды. Аталған ауруды патогенетикалық емдеудің негізгі бағыттарын атаңыз:
~~11 жастағы қыз бала, түскен кездегі шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, буындардағы, бұлшықеттердегі ауырсыну, беттегі және кеуде бөліміндегі бөртпелер. Объективті: бет сүйегі, кеуде аймағында эритематозды бөртпелер. Жүрек шекаралары сол жаққа қарай 2 см-ге ұлғайған, тондары тұйықталған, функционалды тембрлі систолалық шу. ЖҚА: L–4,2х109/л, ЭТЖ – 40мм/сағат, Нв – 100г/л, эр – 3,1х1012/л. ЖЗА ақуыз–0,628‰, эр - 10-12 көру аймағында. Болжам диагноз және диагнозды нақтылау үшін не анықтау қажет:
~~9 жастағы қыз бала. 5 жылден бері созылмалы тонзиллит диагнозымен диспансерлік бақылауда. Соңғы аурудың өршуі 3 апта бұрын болған, амбулаторлы емделген, жағдайы нашарлап, шаршағыштық, артралгия, тахикардия байқалды. Осы балаға тонзилэктомия жүргізу қажет пе? Егер керек болса, қашан жүргізу қажет:
~~6 жастағы қыз бала. Қол-аяқ буындарының және арқа бұлшықеттердегі ауырсынуға, қатты тамақты жұтудың қиындауына. Объективті: терісінде – жоғары қабақта қызыл-күлгін түсті ісінген эритема, Готтрон белгісі – саусақтардың буындарының жазғыш беткейінде қызыл-күлгін кератикалық атрофиялық эритема. Зертханалық: трансфераза, КФК, ЛДГ белсенділігінің жоғарлауы. Алдын-ала диагнозды атаңыз:
~~14 жастағы қыз бала дене қызуының жоғарылауына, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: көбелек тәрізді бөртпелер, бет сүйегінің үстінде экзантема, ауыз және мұрын-жұтқыншақта жаралар. Зертханалық: ЖҚА Нb-95 г/л, L-3,0x109/л, қанда антинуклеарлы антиденелер жоғары титрі, LE-жасушалар анықталды. ЖЗА ақуыз 0,4 г/тәулік, түйіршікті цилиндрлер, тубулярлы эпителий.
Диагнозды көрсетіңіз:
~~14 жастағы ұл бала. Қол ұсақ буындарындағы ауырсыну, таңертеңгілік буындардың құрысуы, дене қызуының 37,50 С-ге дейін жоғарылауына шағымданады. Аацетилсалицил қышқылы 0,015 г 50-70 мг/кг дене салмағына тәулігіне, алмагель 1 ас қасық күніне 3 рет тағайындалды. Аталған дәрілер қандай мақсатпен тағайындалды?
~~10 жастағы ұл бала. Дене салмағының 37,80 С-қа дейін жоғарылауы, тізе буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Перкуторлы: жүрек шекарасының 1 см-ге солға ығысуы, аускультативті – екі тонның да тұйықталуы, үрлеген тембрдегі систолалық шу естіледі. ФКГ: жоғары жиіліктегі эндокардиальді шу. Зертханалық: ЭТЖ – 20 мм/сағ., L- 8,5x109/л, антистрептолизин О деңгейінің жоғарылауы. Диагноз қойыңыз:
~~10 жастағы балa, дене қызуының жоғарылауына, іштегі ауырсынуға, құсуға шағымданады. Шоффар аймағында оң жақ қабырға астындағы бұлшықеттер дефансы және ауырсынуы. Ортнер, Кэр симптомдары оң мәнді. Емдеу әдісін таңдаңыз:
~~14 жастағы ұл бала. Тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын қыжыл, эпигастрийдегі ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде әкесі асқазанның ойық жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жараслық ақау. Терапияның бірінші сызығына жатады:
~~13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: асқазанның шырышты қабатында домалақ немесе сопақ, терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған ақау анықталды. Аталған ауру диагнозын көрсетіңіз:
~~15 жастағы қыз бала, жүрегінің қағуына, жүрегінің айнуына, құсуға, оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданады. Рентгенологиялық өт қабының босауының жылдамдауы. Диагноз қойыңыз:


~~Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық тексерілуде , протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. АҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы ақуыз 62 г/л 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз:
~~Ұл бала 11 жаста. Жасына сай дамыған. Қызылша, желшешек, қызылша қызамығымен ауырған. Жиі суық тиіп ауырады. Тұмаумен ауырғаннан кейін кездейсоқтан дене қызуы 400С көтерілген. Ісіну, ішінде ауырсыну пайда болды. Тексеру кезінде жағдайы ауыр, ауырлық жағдайы ісіну және зәрлік синдромға байланысты. БҚА: гипоальбуминемия, гиперазотемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия. Зәр анализінде гиперпротеинурия, транзиторлы микрогематурия, шамалы цилиндрурия. Диагноз қойыңыз:
~~Бала 10 жаста. Жиі суық тиіп ауырады. Диспансеризация кезінде бетінің ісінуі, микрогематурия, протеинурия (0,98%) анықталды. АҚҚ 115/70 мм/сын.бағ. Қан анализінде: Нв 128г/л, шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ 15 мм/сағ. креатинин 80 ммоль/л. Диагноз қойыңыз:
~~Стационарға 8 жастағы бала баспамен ауырғаннан 11 күн өткен соң ауыр жағдайда түсті. Тексеру кезінде дене температурасы 380, беті ісінген, зәр түсі «ет жуындысы» тәріздес болған. Жүрек тоны тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, II тонның акценті естіледі, қантамыр соғысы минутына 98 рет. АҚҚ 130/85 мм сын.бағ. ЖЗА: іл.салмағы 1006, белок 1,5 г/л, эритроциттер өте көп, лейкоциттер 8-10 көру аясында, цилиндрурия. ЖҚА: Нв 75 г/л, эр 2,6х 1012/л, лейкоциттер 9,6х109/л, ЭТЖ- 50мм/сағ. БҚА: жалпы ақуыз-59 г/л, креатинин 160мкмоль/л. Клиникалық диагноз қойыңыз.
~~Қыз бала 12 жаста, 9 жылдан бері созылмалы нефритпен ауырады. Ауру өршу кезеңдерінде стационарда емделеді. 3 жасында алғаш рет ауырған. Балада ісік пайда болып, біртіндеп жайылып асцитке ұласқан. Бала ұзақ уақыт стационарда емделген. 3 жылдан астам преднизолонмен үзілісті емделген, үзіліс кейде 6-8 айға дейін созылған, бірақ аурудың қайталап өршуіне байланысты дәрі қайта тағайындалған. БҚА: жалпы ақуыз-52 г/л, креатинин 160 мкмоль/л. ЖЗА: іл.салмаєы 1025, ақуыз 6 г/л, эритроциттер - 4 көру аясында, гиалинді цилиндрлер көру аясында-15. Диагноз қойыңыз:
~~Науқас 12 жаста, денесі және аяқ-қолында пайда болған симметриялы емес полиморфты геморрагиялық бөртпемен стационарға түскен. Анамнезінде мұрнынан қан кету, денесінде көгерулер болған. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?
~~Науқас 6 жаста, стационарға мұрнынан қан кетумен, бөртпемен ауыр жағдайда түсті. Ауруы ЖРВИ-мен ауырғаннан 6 күн өткеннен кейін басталған. Тексеріп қарағанда бүкіл денесінде полиморфты, полихромды симметриялы емес бөртпе элементтері, ауыздың шырышты қабатына қан құйылған, мұрынынан қан кетуде. Жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Диагноз қойыңыз.
~~Науқас 7 жаста. Ерте жастан мұрнынан қан кетуден зардап шегеді. Жағдайы ауыр. Сол иығында экхимоз диаметрі 7 см, шырышты қабатына қан құйылған және шырышты қабатынан қан кету байқалады. Сол тізе буыны ұлғайған, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Сіздің диагнозыңыз:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет