Балалар аурулары пропедевтикасы Орындаған: Ержан Мадина жм21-11



Дата27.11.2023
өлшемі461,99 Kb.
#193628
Байланысты:
Ержан Мадина-3

Балалар аурулары пропедевтикасы

Балалар аурулары пропедевтикасы

Орындаған: Ержан Мадина ЖМ21-11


Балалардың зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Кіші жастағы балалардың бүйрегінің көлемі

Кіші жастағы балалардың бүйрегінің көлемі

салыстырмалы үлкен, оның салмағы нәрестенің дене салмағына қатынасы 1 : 100, үлкендерде — 1

: 200.Бүйректің жоғарғы полюсі XI—XII кеуде омыртқасының деңгейінде, төменгі— IV бел

омыртқасының деңгейінде орналасады. 2 жаста бүйректің бұл ерекшеліктері жоғалады. Келесі

жылдары бүйрек ұзындығы баланың дене ұзындығына сәйкес келеді.

Қуық. Жаңа туған нәрестелерде қуық үлкендерге қарағанда – сопақша пішінді және жоғарырақ

Қуық. Жаңа туған нәрестелерде қуық үлкендерге қарағанда – сопақша пішінді және жоғарырақ

орналасады. Оның шырышты қабаты толықтай құрылған. Бала жасы ұлғайған сайын бұлшықетті

қабаты және эластикалық талшықтары қалыңдайды. Қуық сыйымдылығы ЖТН-де 50 мл, 1

жасында 200 мл құрайды.


Зәрайдаушы канал. Ұл балаларда оның ұзындығы 5-6 см, үлкен ер азаматтарда – 14-18
см.Балалардың зәр шығаруы туа біткен жұлын рефлексімен жүреді. 12 айға толғанда толықтай
шартты рефлекс орнайды.
Олигурия (зәр мөлшерінің азаюы 20-30%) немесе зәрдің болмауы бүйректен зәрдің бөлінуінің
төмендеуінен немесе толық тоқтауынан болады, сонымен қатар – рефлекторлы спазм мен
бүйректің төменгі бөліміндегі ағым тосқаулынан да дамиды. Олигурия себептері жүрек және
бүйрек аурулары, құсу, іш өту, сұйықтықты аз қабылдаудан сұйықтықты жоғалту болуы мүмкін.
Дизурия (қуықта зәр кідірісінен зәр шығару бұзылысы) жиі ОЖЖ зақымдануы, зәр шығару
жолдарының қабынулы аурулары және басқа да аурулар кезіндегі қуық сфинктерінің
рефлекторлы спазмымен байланысты.
Балалардың бүйрек аурулары кезіндегі аспаптық зерттеулері
УДЗ бүйрек және тостағанша көлемін, олардың орналасуын, тіндерінің жағдайын бағалауға
мүмкіндік береді.
Рентгенологиялық зерттеу әдістері:
Экскреторлы урография қуық, уретра, бүйрек ақауларын диагностикалау әдісі;
Ретроградты пиелография қуық, несепағар, бүйрек жағдайын зерттеу әдісі.
Бүйрек қанайналымын зерттеу үшін бүйректік ангиография жүргізіледі.
Радиоизотопты зерттеу әдістері бүйрек қызметінің жағдайын, патологиялық процестің
динамикасын бағалау үшін жүргізіледі. Бүйрек биопсиясы оның морфологиялық құрылымын
білу үшін бүйрек тінін зерттеу әдісі.
1 жастағы балалардың тең зәр қалдық көлемін шығару үшін үлкендерге қарағанда көп мөлшерде
су қажет. Сондада бір жастағы бала бүйрегі ағзаны артық судан босата алмайды.Ана сүтін еметін
балаларға тығыздалған зәр түзілуі қажет емес, немесе анаболикалық процестер нәтижесінде
тағаммен келген көптеген заттар бүйрек арқылы бөлінетін соңғы заттарға айналмай, ағзаға толық
сіңіріледі.

Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет