Балалар әдебиетінің ерекшеліктері



бет47/86
Дата17.12.2021
өлшемі220,03 Kb.
#102256
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86
Байланысты:
Балалар әдебиеті лекция
Әлеуметтану, Документ, Документ, Документ
2.Батырлық эпос. Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі – шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады(Алпамыс, Қобыланды т.б.) Батырлық жырлар, көбінесе 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде он бір буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр жедірме екпінімен жеңіл айтылады.

«Алпамыс» деп талатын жыр өзбекте де, қазақта да, қарақалпақта да бар. Арасында аздаған айырмашылық бола тұрса да, ол - әр халықтың өз шығармасы. «Алпамыс» - Орта Азия халықтарының ерте замандарда ру болып жүрген кезінде туған шығармасы. Бұл жырдың Орта Азия халықтарына ортақ болу себебі де осыдан. «Алпамыс батыр» жырының негізгі идеясы – ру бірлігін сақтау. Сондықтан да жырда ру бірлігін көздеген, әр рудың арасында араздық, шапқыншылық емес, татулық болуын мақсат еткен адамдардың іс-әрекеті ардақталады. Оларды рудың қамқоршысы етіп суреттейді. «Алпамыс» жырын бағалауда теріс көзқарастар да болмай қалған жоқ. Бұл жырдың өзбекше вариантын қарастырған кейбір зерттеушілер 1952 жылы баспасөз бетінде оны халыққа жат, зиянды шығарма деп бағалады. Қате көзқарасқа уақытында тойтарыс берілді.

Кейіпкерлері - Алпамыс, Гүлбаршын, Ұлтан, Қаражан, Мыстан т.б. Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне жар-жолдас- қалыңдық іздеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту – дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жай. Ондағы батырлардан Алпамыстың бір үлкен айыпмашылығы бар: Алпамыс батырлық іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен Қоңырат руының бір бөлегін іздеп те шығады. Халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол өкпемен көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлегін қайтару, оны қоңыраттар,а қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді. Алпамыс образы - халықтың руға қамқор, қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ.

«Алпамы» жырының ерекшелігі, - оқиғаны шегініспен қатар, диалог арқылы баяндайды. Жырда бір оқиғаны әңгімелеп келе жатады да, оны аяқтамай, екіншісіне көшеді. Оқиғалары осы ретпенбаяндалады. Жыршы ақын тыңдаушы жұртты жыр оқиғасынақызықтырып отыру үшін шегініс әдісін жиі қолданған тәрізді. Көптеген оқиғалар, аддамның күініш-сүйініштері диалог арқылы среттеледі.

Жыр сөздігінде қазіргі күні мағынасы ескірген сөздер көп кездеседі. Өлең қрылысы бірелкі емес. Өлең түрі кейде жеті-сегіз буынды, кейде он бір, кейде он буынды болып келеді. Мұның мәнісі - жырдың «Алпамыс» - бірнеше халыққа ортақжыр. Мұның қазақ вариантынаәсері болғандығы айқын.

«Алпамыс батыр» жыры жас жеткіншектерге «бірлік бар жерде тірлік, елдік барын» аңғартады. Достыққа адалдық, сертке беріктік, ел мүддесін жоғары қоюшылық – жырдың кішкентай оқырманы үшін әрқашан да өнеге. Жыр ел қорғау жолында халық мүддесі үшін күресушілердің жеңетіндігін аңғарта отырып, жас ұрпақтың алдына халық үшін қызмет ету жолын таңдауды ұсынады. Жырдың өміршеңдігі де осынысында және ел бірлігін сақтау жөніндегі идеясында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет