Балалар әдебиетінің ерекшеліктері



бет68/86
Дата17.12.2021
өлшемі220,03 Kb.
#102256
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
Байланысты:
Балалар әдебиеті лекция
Әлеуметтану, Документ, Документ, Документ
Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

Жер қарайды – жаз кепті

- деп жырлайды. Табиғат құбылысын жылдың әр мезгіліндегі ел тіршілігімен байланыстыра береді. Бала назарын нақты өмір суреттеріне аударады. Өлеңдерінде ақын балаларды әр мезгілдің талабына сай еңбекке шақырады. «Жазғытұрым» атты өлеңінде жазғытұрым«ойналық та күлелік, қос басына мінелік» десе, шілдеде «ойналық та күлелік, үйретіп тай мінелік», күзде «ойналық та күлелік, енді оқуға кірелік» дегенді айтады.

Еңбек тақырыбы 1929 жылы Ташкентте, Алматыда басылып шыққан «Малта», «Шәркей» деген суретті кітапшаларынан да көрінеді. Ілияс бүлдіршіндердің психологиялық ерекшеліктеріне сай материалдарды дәл таба білген. Малта да, шәркей де еңбек жемісі екенін білдіреді. Малтаның да, шәркейдің де өзінен-өзі бірден жасала қоймайтынын айтады. Екі шығармада да бала өзі байқаған әрбір құбылыстың мән-жайын түсінгісі келеді, оның себептерін ұғып алуға тырысады. Ұйқасымы жеңіл, ырғағы жақсы «Малта» өлеңінің жатталуы оңай. Бүлдіршін бала өлеңдегі «өре», «саба», «піскек», «шүйке», «шуда» тәрізді қолданудан шығып бара жатқан сөздердің мән-мағынасымен танысады. «Шәркей» әңгімесінде бүлдіршін еңбек процесіне тікелей араласады. Жұмыстың тезірек бітуіне ынталанады. «Әңгіме қалай тартымды басталса, солай қызықты аяқталған. Жазушы баланы балаша сезіндіріп, балаша ойландыра білген. Сөзінде де, мінезі мен ісінде де жасандылық жоқ» - дейді әңгіме турасында С.Сейітов.(С.Сейітов. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №1, 1958 ж. 39-бет).

І.Жансүгіров балаларға арнап пьеса да жазған. Қазақ балалар әдебиетіне пьеса жанрын ең бірінші болып енгізген еді. 1934 жылы жазылған «Мектеп» пьесасы балаларды оқуға, білімге, мектепке шақыру идеясына құрылған. Пьеса 1930-жылдардағы халықты сауаттандыру мәселесін көтеріп, жас жеткіншекке оқудың пайдасын түсіндіреді. І.Жансүгіровтың балаларға арналған шығармалары қазақ балалар әдебиетін тек тақырып, мазмұн, идея жағынан ғана байытып қойған жоқ, сонымен қатар жанр, түр және стиль жағынан да байытты. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет