Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
БОӨЖ-8
Балалар ұжымы тәрбиенің субъектісі және объектісі.
Орындаған: Жарылқасын Аяжан
ПИП-22-1
2023-2024 оқу жылы
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан этика елеулі орын алады.
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфере тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанын сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, деркезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.Педагогтың көңіл күйі- оның тәрбиелейтін зор күш қуаты. Кімде кім мұғалімнің көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін- педагогикалық техника дейміз.Педагогикалық техника:
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;
Қол айқастыруға мүлдем болмайды;
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек.Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайымда кішіпейіл,бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.Ал енді оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасындағы педагогикалық этикаға келетін болсақмұғалім оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігімен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды. Мәдениеттілік, ой –өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады.Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын. Ұлы педагог А.С Макаренко айтады: Оқушы сіздің еркіңізде, мәдениетіңізді жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді.Сондықтан мұғалім сөзін оқушылырды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөз арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны байқап қояды.Сабақ бергенде мұғалімнің дауsсы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығу керек. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргенде сөздері естілер естілмес жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Осыдан кейін мұғалім мен оқушы арасында реніш туындайды. Ал енді оқушылардың сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу- барлық пән мұғалімдерімен қатар тәрбиешілердің міндеттерінің бірі.Тек күнделікті өтіп жатқан сабақтар арқылы ғана емес, сабақтан тыс өтілетін шаралар, ашық сабақтар арқылы мұғалім мен оқушы арасында этика нығаяды, және орны ерекше болмақ. Мұғалім мен оқушы арасында болатын қатынаста педагогикалық этиканың маңызы зор. Этика-әдеп деген сөз. Педагогикалық этика болмайынша, мұғалім өз пәнін, өз жұмысын терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмысты алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған жас ұрпақты жан-жақтытәрбие беру мақсатына жете алмайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан мұғалім оқушыға қатынасын әр уақытта да өзгертіп отыруы тиіс. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші жағдайда тілек өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу, мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеу, ақыл кеңес беру, бесінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не ұрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдай мақтау немесе жазалау жұмысына ұласады.Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды.Оқушының әлсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіпсіздігінің есесін үлгерім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің тиімсіздігі педагогикалық этикаға қайшы келуі тұрмақ, оқушыны өшіктіріп, қырсықтырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушылыққа әкеліп соқтыратынын аңғармаймыз.Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Педагог шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін.Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты.Сондай- ақ Ы.Алтынсариннің «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» деген өсиетін де есте сақтаған артықтық етпейді. Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде, олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды жерде қоштап отыру, кейде жаңылысқан қиналған жерінді түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенді мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды.Кейде сабақты нашар оқитын оқушының тағдырын алдын ала шешіп қоюмыз кездеседі. Мысалы: Асанова тез тақтаға шықшы, сен бүгін де ештеңеге жауап беріп жарытпассың, сен Асанова ең болмағанда мынаған жауап берші… Бұл сияқты күдікті сөз ұнамсыз қылықты көрген оқушының өзіне деген сенімі жойылады, ұнжырғасы түсіп, не намыстанып, кектеніп ұзтазына да біліп тұрса да жауап бергісі келмейді. Сол сиқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын не салақ, олақ, жалқау оқушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз қалдырған жағдайлары да кездесіп тұрады. Бұл сияқты қылықтар педагогикалық этикаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жаман әдет.Оқушы әрқашан сенің айнаң іспеттес. Сол оқушының алдындағы қадір –қасиетіңді жойып алмас үшін мұғалімнің бой басы жинақы, көрікті, киген киімдері қарапайым, тап-таза бойына лайық, шақ сәнді болуы тиіс.А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсе жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөз ұстаздарға айтылған сиқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді , жасанды киіну, табиғи өңін өзөгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой басын күтінбей жүру мұғалімдік этикаға үлеспейді. Кейде мұғалімдер арасында оқушы кінәлі болып қалағанда жазалай бергеннен гөрі оқушының жақсы қылықтарын да ескерусіз қалдырмай, оны дәріптеп, көтермелеп отыру мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.
Мұны да сатылап, орынды пайдалана білу маңызды жұмыс. Атап айтқанда құптау, ырзалық білдіру, рахмет айту, сенім білдіру, дәріптеп отыру, мақтау,үлгі тұту, сыйлық беріп көтермелеу жатады. Кейде оқушы сабақ үстінде тәртіп бұзып кінәлі болып қалады делік, оны сабақ үстінде тұрғызып қою, не далаға шығарып жіберу, не мұғалімнің сабағын жалғастырмай қалуы, болмаса тыңдамаған баланы әкімшілікке сүйреу мұғалімнің оқушы алдындағы қадір-қасиетін кемітеді. Яғни мынадай қорытынды шығаруға болады.Мұғалім сыныбында болмас нәрсеге ашу шақырып, осындай кемшіліктен бір өзі жапа шекпей, төңірегінің алдында да айыпты болып саналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |