Балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің ерекшеліктері



Дата23.02.2023
өлшемі21,07 Kb.
#169864
Байланысты:
Áàëàëàð ?é³íäå ò?ðáèåëåíóø³ëåðä³ ?ëåóìåòòåíä³ðóä³? åðåêøåë³êòåð³


Балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.


Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған.
Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады. Жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда.
Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау. Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты
Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белсене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды. А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдары әлеуметтік жағдайларға байланысты бекімеген, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады. Мазасыздану дегеніміз — бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы
Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «әке», «ана» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады. Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмек-тесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады. Балалық әлемін жақсы біліп, түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалық тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен, әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады. Баланың әділдігі, адамгершілігі, сыйластығы – дұрыс тәрбиенің негізгі шарттары осылар, әсіресе жетім-балаларда осы жеке және әлеуметтік қорғаныссыздығы жас қосқан сайын өткір бола түседі.
Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ, жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды. Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса, 2004-ші жылы 614 интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді, онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюының оң үрдісі байқалуда. «Егер 2010 жылы аталған балалардың саны 42 494 бала болса, 2016 жылы олардың саны 5 717 балаға азайды. Ал 2017 жылғы деректер бойынша республикада 36 777 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар», — делінген ведомство деректерінде. Қазақстанда ресми түрде 37 мың жетім бала тұрады (Қазақстандағы барлық балалар саны – 5 млн. 103 мың). 2017 жылғы мәлімет бойынша республикада 33 680 жетім және атаана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 47000-нан едәуір азайған. Соның ішінде 21 856 баланы қазақстандық отбасылар қамқорлыққа немесе қорған-шылыққа алған, 1947-сі – патронаттық тәрбиеде. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 9 879 бала жетім бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастырылып, толықтай мемлекеттің қамқорлығына алынды.
Педагогтар ересек балалардың табиғат, саябақ, музей тағы басқа демалыс орындарына барып дамуына жағдайларды барынша жасайды. Л.С.Выготский атап кеткен “сензитивті” кезең, яғни екінші жаста бұл балалар сенсорлы және тілдік дамуда өте артта қалушылық көрсетеді . Балалар үйіндегі балалардың даму динамикасын бақылай отырып мынандай қорытынды жасауға болады: 4-5 айлық кезеңнің өзінде эмоция, көру, есту анализаторларының дамуында алғашқы ауытқуларды көруге болады. Ал 7-12 айлық кезеңінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді. Психикалық депривация күйіне орталық жүйке жүйесі зақымдалған балалар жиі ұшырайды. Қазіргі уақыт мына жағдайды анықтады: балалар үйінде туылғаннан бастап тәрбиеленуші балалардың психофизикалық да-му көрсеткіштері өте төменгі нәтижелерді құрайды, қолайсыз отбасы болса да кейін келген балаларға қарағанда . Осылайша, балаларүйінеқарағанда, қандай да болса, яғни қолайсыз отбасының өзі жас нәресте, бала үшін жақсы орта болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет