Тәрбие процесінің тиімділік критерийлері мен көрсеткіштері Профессор Н. М. Таланчук бойынша тәрбие процесінің тиімділік критерийі болып жеке тұлғаның әлеуметтік рольдер жүйесіне дайындалу және оны орындау көрсеткіштері табылады. Жеке тұлғаның тәрбиелік критерийлері, оның пікірінше, әлеуметтік рольдер санынан шығады: адамға қанша әлеуметтік роль тән болса, сонша критерий болады. Тәрбие процесінің тиімділігін жоғарыда (2-кестеде) көрсетілген критерийлерге сәйкес бағалау педагогтардың оқушыларды үйлесімділікпен дамыту жұмысы бойынша жасалған іс-әрекеттерінің нәтижесіне баға беруге көмектеседі.