Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы олардың көрсеткіштері Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды


Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар



бет4/5
Дата08.03.2023
өлшемі64,36 Kb.
#171451
1   2   3   4   5
Байланысты:
офд

Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

  1. Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-80 жылдары Алматыда туған нәрестелер 1950-1955 жылдары туған сәбилерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр); белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы (жоғарыда жазылған 1976 жылғы мөліметті қараңыз); ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің өсуі);

2.Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі:баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері ерте пайда болады, мандай еңбегі ерте жабылады.Қазіргі кезде нәрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі); жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу
2 жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды акселерат деп атайды), Яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялык, әлеуметтік-экономикалық, т.б.), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.
3. Адам жасының кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі жастағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.
Өсу жас кезеңдері деп өсу мен дамуыға ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып 1965 ж адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар, философтар, генетиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүние жүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет