Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер



бет4/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

6-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер



мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Бейнелеу өнерінің тарихы»


пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      150. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнерөнер бөлімдерінің«Бейнелеу өнерінің тарихы» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) негізгі көркемөнер бағыттарының мазмұнынын, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының дамуын және оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтайды.

      151. «Бейнелеу өнерінің тарихы» оқу пәні мазмұны «Станокты композиция», «Сурет» және «Көркемөнер» оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланысты және көркемөнер мәдениетінің әлемдік тарихында бейнелеу өнері түрлері мен жанрын меңгеруге, түрлі халықтардың мәдени және рухани құндылықтарын түсінуге және құрметтеуге ықпал ететін білім алушылардың жеке қасиеттерін дамытуға және тәрбиелеуге, білім алушылардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға, рухани құндылықтармен қатынас қажеттілігінің болуына бағытталған.



      152. Бағдарламаның мақсаты: оқушының көркемөнер шығармашылығының тарихы аясындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі негізінде жеке тұлға ретінде көркемөнер-эстетикалық дамуы.



      153. Бағдарламаның міндеттері:



      1) пән бойынша теориялық және практикалық білім беру, алған білімдерін, тәжірибесін практикада қолдану;



      2) бейнелеу өнері тарихының негізгі даму кезеңдері туралы білімді жүйелендіру;



      3) әртүрлі дәуір өнерінің белгісін анықтауға, талдау мен салыстыруға үйрету және жеке тәжірибесімен арақатынасын белгілеу;



      4) бейнелеу өнері туындыларын талдауға үйрету;



      5) өнермен қарым-қатынастың қажеттілігін дамыту;



      6) жеке тұлға ретінде өзін үнемі дамыту қажеттілігіне тәрбиелеу;



      7) өнер адамын қалыптастыруға жағдай жасау;



      8) әлемдік және отандық өнер мұрасына араласуға мүмкіндік жасау;



      154. «Бейнелеу өнерінің тарихы» пәні төрт жыл бойы 136 сағат көлемінде оқытылады.



      155. Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан 15 адамға дейін.



      156. «Бейнелеу өнерінің тарих» пәнінінң мазмұны бейнелеу өнері түрлері мен жанрынан, Ежелгі дәуір өнерінен, Батыс Еуропа елдері өнерінің маңызды даму кезеңдерінен,18 және 19 ғасырлардағы орыс өнерінен тұрады.



      157. «Бейнелеу өнерінің тарихы» пәні білім алушыларды Қазақстан территориясындағы ежелгі мәдени ескерткіштерімен, қазақтың қолданбалы өнермен, 20 ғасырдағы қазақтың кәсіби өнерімен және Қазақстанның қазіргі заманғы жаңа өнерімен таныстырады.



      158. 1-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.



      Бірінші жартыжылдық.



      1-тақырып. Кіріспе әңгіме. І курсқа арналған өнер тарихы оқу бағдарламасының міндеттері.



      2-тақырып. Бейнелеу өнерінің жанры мен түрлері. Пластикалық өнер түрлерінің өздеріне тән негізгі ерекшеліктері.



      Архитектура. Ұғымның анықтамасы. Сәулеттің қолданылуы бойынша түрлері.



      Кескіндеме. Ұғымның анықтамасы. Кескіндеме түрлері: станок, монументальды-декоративтік, лак миниатюрасы. Кескіндеме материалы.



      Мүсін. Ұғымның анықтамасы. Дөңгелек мүсін, рельеф және оның көптүрлілігі (қысқаша сипаттама). Мүсін түрлері: станок монументальды-декораттік, ұсақ пластика. Мүсін материалы және оның мүсінді қолдану тақырыптарымен байланысы.



      Графика. Ұғымның анықтамасы. График түрлері: станок, кітап, плакат, өндірістік. Графиканы құрушылар (сурет, бір гүлді және көп гүлді эстамп).



      Сәндік-қолданбалы өнер. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлері. Материалдың мәні және оның пәніннің көркемдік бейнесіндегі рөлі.Ою-өрнек – сәндік-қолданбалы өнер шығармаларын безендірудің негізі.



      Бейнелеу өнерінің жанры. Портрет және оның көптүрлілігі. Натюрморт. Пейзаж және оның көптүрлігі. Тарихи, тұрмыстық, анималистикалық және басқа жанрлар. Бір фигуралы және көп фигуралы композициялар, олардың портреттерден және топтық портреттерден айырмашылығы. Иллюстрациямен жұмыс.



      3-тақырып. Алғашқы қоғам өнері. Палеолит. Палеолит дәуіріндегі бейнелеу шығармашылығы. Климат жағдайы. Алғашқы қоғам адамы мен өнерінің еңбегі. Тасқа салынған суреттердің өзіне тән ерекшеліктері (Альтамир үңгірі). Палеолит мүсіні. Әйел бейнесі- құнарлылықтың нышаны (Виллендорф әйел статуеті).



      Сәулет өнерінің пайда болуы. Тұрғын үй құрылысы.



      Мезолит, неолит. Бұл кезең графикасының палеолит тасқа салынған суреттерімен салыстырғандығы айырмашлық белгілері. Сызба, пиктографияның пайда болуы. Хабарлама композициясының пайда болуы. (фигура оленей из прихода Луине келуінен бұғы фигурасы) Қолданбалы өнердегі ою-өрнек.



      Қола дәуірі. Діннің пайда болуы. Основные типы мегалитикалық сәулеттің негізгі түрлері (менгирлер, кромлехтер). Керамика, зергерлік өнер.



      4-тақырып. Ежелгі Египет өнері.



      Дамудың негізгі кезеңдері. Ежелгі Египет өнерінің дінмен байланысы. Фараон – тәңір туралы түсініктің мәні. Ежелгі Египеттің құдайлары мен қасиетті малдары.



      Ежелгі патшалық. Основные типы Сәулет өнерінің негізгі түрлері (храм, пирамида). Біздің эрамызға дейінгі 20VIII ғасырдағы Саккардегі Джосе пирадимасы. Біздің эрамызға дейінгі 20VIII ғасырдағы Гизедегі пирамида.



      Мүсін мен кескіндемедегі Канон жүйесі. Мүсіндік портреттегі ұқсастық. «Ұқсас» туралы түсінік пен біздің эрамызға дейінгі 3 мың жылдық ортасындағы «ауыл басшысы» діни-магиялық көзқарас арасындағы өзара байланыс.



      Орта патшалық. Храм ансамбльдеріндегі жаңа сәулетті конструкциялар. Даралықтың мүсіндік портреттегі көрінісі. Біздің эрамызға дейінгі 19 ғасырларда Сфинкс Аменемхета. Ежелгі және Орта патшалықтағы мүсін мен бедер композициясына салыстырмалы сипаттама. Біздің эрамызға дейінгі 20I ғасырда «Кавит патшайымы», «Сиыр сауу» - біздің эрамызға дейінгі 21 Кавит табытының бедері.



      Жаңа патшалық. Храм сәулетінің гүлденуі. Карнак пен Луксордағы храм, храмдар конструкциясы («пилон», «колосс», «гипостиль» ұғымдары). Аменхотепа Төртіншінің (Эхнатона) реформасына байланысты храмдық сәулетті өзгерістер. Тип жартас храмдарына байланысты өзгерістер.



      Екінші Рамсес пен Абу-Симбел храмдары.



      Орта патшалық пен Жаңа патшалық мүсіндерін, рельефті мен жазбаларына салыстырмалы сипаттама. Жаңа патшалықтың мүсіндегі жаңа белгілер (бет пен фигураның даралығы нақтыланған психологиясының берілуі). Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдағы Ортасындағы Нефертити патшайымының басы мен статуясы. Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдың ортасындағы Эхнатон портреті.



      Рельеф пен жазбалардағы эмоцияның, канондар жүйесінің әлсіреуі. Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдағы Мемфис рельефі: «Плакальщики».



      5-тақырып. Өнер. Алдыңғы Азия. Шумер. Сәулет ерекшеліктерінің табиғат жағдайларымен өзара байланысы. Сәулетті безендіруде ою-өрнектің рөлі. Зиккурат – храмның негізгі түрі. Дворцовая архитектура Шумердің сарай сәулеті.Мүсіндегі канондар. Біздің эрамызға дейінгі 2400 абыздар мүсіні (оңтүстік). Діни бағыт. Шумер рельефтерінің тақырыптары. Глиптика. Ассирия. Шумер мен Ассирия мемлекеттерінің сәулет өнеріне салыстырмалы сипаттама. «Шеду» - сәулет кешеннің ажырамас бөлігі. Біздің эрамызға дейінгі 712-707 жылдардағы Қанатты адам –шеду. Рельеф – ассирия құдіретінің өзін өзі танытуы мен өзіне өзі беркітігінің құралы ретінде. Ассирия рельефінің тақырыптары - біздің эрамызға дейінгі 883-859 жылдардағы Ашшурнасирапала II сарайынан.



      Вавилон. Вавилон біртұтас, жақсы ойластырылған архитектуралық ансамбль



      Иштар құдайдың дарбазасы. Процессий жолы. Біздің эрамызға дейінгі 580 жылғы Навуходоносор II сарайы. Төбелер жүйесі. Вавилон архитектурасындағы жаңашылдық. Сарай кешенлерін безендірудің мозайкадағы бір бөлігі.



      6-тақырып. Қорытынды сабақ.



      Қорытынды емтихан біріктірілген формада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде бірінші жарты жылдықта өткен материал көрнекі түрінде көрсетіледі.



      Бейнелеу өнерінің түрі және жанры. Иллюстрацияны көрсету (түрді, жанрды анықтау).



      Алғашқы қоғам өнері. Бейнелеу өнерінің түрлеріне салыстырмалы сипаттама. Негізгі сәулетті ғимараттар.



      Ежелгі Египет өнері. Бейнелеу өнерінің түрлеріне салыстырмалы талдау. Архитектураның, скульптураның даму жолы.



      Алдыңғы Азия өнері. Иллюстрация бойынша жұмыс (мемелекетті және шығарманың құрылу кезеңін анықтау).



      Екінші жартыжылдық.



      7-тақырып. Ежелгі Греция өнері.



      Крито-микен мәдениеті. Крита сәулетінің ерекшелігі – Кносс пен Феста сарайлары. Крита рельефі мен қолтаңбаларының Ежелгі Египетпен салыстырғандағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама. Біздің эрамызға дейінгі 16 ғасырдағы Кносса сарайындағы фреска – «Царьжрец». Кританың қолданбалы өнері. Біздің эрамызға дейінгі 16 ғасырдағы Кносстағы «Богиня со змеями» статуэтка. Микен өнерінің ерекшеліктері. Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдағы Микендегі «Арыстан қақпасын» және біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырда Тиринфтен фреска – «Күймедегі қыздарды» Крит өнерімен салыстыра сипаттама.



      Грек архаикасы. Антикалық демократия мен грек өнері. Ежелгі грек храмдарының негізгі типтері – периптер. Құрам бөліктері. «Ордер» ұғымы. Ордер түрлері: дорикалық 8., ионикалық, коринф. Грек скульптурасының архаикасы біздің эрамызға дейінгі 525 жыл «Курос», біздің эрамызға дейінгі 520 жыл «Кора», біздің эрамызға дейінгі қарафигуралы керамика.



      Біздің эрамызға дейінгі 530 жылғы «Аякс пен Ахилл» бейнеленген Амфора, Грек классикасы. Грек классикасы сәулетіндегі жоспарлау ұстанымдары. Афинадағы Акрополь: біздің эрамызға дейінгі 447-438 жылдар. Парфенон, біздің эрамызға дейінгі 420-406 жылдар Эрехтейон.Храм классикалық сәулетіндегі жеке және типтік ұғым. («агора, «акрополь»). Грек классикасы сәулеті өнері мен скульптурасын талдау. Біздің эрамызға дейінгі. 420-406 жылдардағы Парфенон рельефі – Біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырдағы«Мойра», «Посейдон, Аполлон и Артемида». Архайка мен классика кезеңіндегі сәулет пен скульптураға салыстырмалы сипаттама. Қызыл фигуралы және қара фигуралы сауыт жасау.



      Эллинизм. Грек мәдениетінің таралуы (Камея Гонзаго). Эллинизм кезеңіндегі қалақұрылысы. Скульптура.Скульптура мен классикаға салыстырмалы сипаттама. Даралыққа қызығушылық.



      8-тақырып. Ежелгі Рим. Ежелгі Рим мәдениетінің сабақтастығы. Сәулет құрылыстарының негізгі түрлері, олардың практикалық белгісі (қоғамдық ғимараттар, акведуктер тағы басқа).



      Римдік портрет - Рим өнерінің керемет жетістігі. Эволюция. Рим статуялары. Римдік рельеф. Ежелгі им өрнегі. Ежелгі Грек өнерімен салыстырмалы сипаттама.



      Тапсырма Ежелгі Рим құрылысында салынған суреттердің негізгі типтері. Конспектіге кіріспе, көрнекі материалмен жұмыс.



      9-тақырып. Византия өнері. Византия өнерінің негізгі түрлерін қалыптастыруда христиандықтың рөлі. Византия өнері, византия сәулеті өнері ( базилик, крест-күмбез храм). Константинопольдегі әулие Софияның храмы. Декоративті рельеф. Канондар. Тасқа салынған суреттер ордасы. Мозайка Салыстырмалы сипаттама. 5- 14 ғасырлардағы кескіндеме шығармалары.



      10-тақырып. Ежелгі Орыс өнері. Славян тайпалары және олардың көркемөнер мәдениеті. Ежелгі Орыс сәулетіндегі Византия мен Орыс мәдениетін талдау. 12 ғасырдағы крест-күмбез ақтасты храмның түрі – «Владимирдегі Дмитрий шіркеуі», «Нерлидегі Покров шіркеуі».



      14 ғасырдағы жаңақала құрылыстарына тән белгі – Новгородта «Ильин көшесіндегі Спас Преображений шіркеуі».



      Шатр храмының түрі – «Церковь в Коломенскідегі Вознесения шіркеуі».16 ғасырда сәулет құрылыстарының әсемдіктер сәндігі. Ежелгі Орыс мұрасының кескіндемесі. Көркемөнер шығармашылығындағы шіркеу мен діннің рөлі. Христиандық мифология мен фольклор дәстүрі. Иконогорафия. Даму эволюциясы.



      Феофан Грек, Андрей Рублев, Дионисий, Симон Ушаков шығармаларының өздеріне тән ерекшеліктері.



      11-тақырып. Қорытынды сабақ. Жартыжылдықта өткен материалдарды қайталау. Жартыжылдық тестілеу.



      159. Оқу жылының соңында 1-сыныптың білім алушыларкелесі білім, білік және дағдыларға ие:



      1) оқу жылының аяғында бейнелеу өнері тарихының негізгі даму кезеңдері, әртүрлі дәуір суретшілердің шығармашылығы мен олардың шығармашылық әдісінің ерекшеліктері туралы түсініктіктері болады;



      2) алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алады;



      3) көркем және мәнерлі қасиеттерін анықтай отырып, шығарманы талдай алады;



      4) бейнелеу өнер туындыларын талдай біледі;



      5) салыстырмалы кестелер, жоспарлар және сызбаларды жасайды;



      6) өнер түрлерін түсіну және жанрға бөлінуін ажырата біледі;



      7) алғашқы қауымдық қоғамдағы өнердің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, діни көзқараспен байланыстылығын түсінеді;



      8) Алдыңғы Азия (Египет, Месопотамия) өркениеті мәдениетінің ерекшеліктерін біледі, бейнелеу тілінің сабақтастығын таниды;



      9) өнер шығармаларын мәдениеттің таралу орны бойынша біледі және теңестіреді;



      10) түрлі тарихи кезеңдерді ажыратады және ежелгі Грек өнерін біледі;



      11) грек сәулет өнерінің; скульптурасының, керамикасының түрлі кезеңдердегі нақыштық ерекшеліктерін ажырата біледі;



      12) сәулеттік орделер жүйесін білу, әрқайсысына сипаттама береді;



      13) Ежелгі Римнің мәдени, әлеуметтік ерекшеліктерін біледі;



      14) римдік сәулет жаңалықтары туралы біледі;



      15) грек және рим мұрасын көркемөнерінің мәнін, оның әлемдік өнерге ықпалын түсінеді;



      16) Византия өнерінің өзіне тән тарихи, мәдени ерекшеліктерін түсінеді;



      17) византиялық өнердің Ежелгі Русь сәулет өнеріне, живописіне, сондай-ақ ортағасырлық өнерге әсері жөнінде көзқарасы қалыптасады;



      18) өнер шығармаларының түрлері мен жанрына талдайды, оларды тарихи дәуірмен байланыстыра біледі;



      19) өнер саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдерді біледі;



      20) көркем бейнелерді интерпретациялайды, сондай-ақ өзінің түсінігін жеткізеді.



      160. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.



      Бірінші жартыжылдық.



      1-тақырып. Кіріспе әңгіме. 2-сыныптағы пән міндеттері. Конспект кіріспесіне қойылатын талаптар. Рефераттарға қойылатын талаптар. Бірінші жартыжылдықтағы хабарлама тақырыптары. Жартыжылдық соңындағы есепке алынатын сабақтың мазмұны.



      2-тақырып. Батыс Еуропадағы ортағасырлық өнер. Орта ғасырға қысқаша сипаттама. Феодалдық қоғамның барлық саласының өміріне шіркеудің ықпалы.



      Романс стилі. Оның айырмашылық белгілері. Приоритетное развитие Архитектураның басым дамуы.Базилика – ғимарттың негізгі түрі. Роман храмы мен қалыпстастар. 17 ғасырдағы Вормстегі шіркеу. Скульптураның рөлі.



      Готикалық нақыш. Қалалардың гүлдену кезеңі. Өнердің жетекші түрі-архитектура.



      Құрылыс каркасының пайда болуы – ғимараттардың биіктігі артуына себеп болды. Скульптура – неотьемлемая часть убранства готикалық храм әсемдігінің бөлінбес бөлігі. 12-13 ғасырдағы Нотр-Дам Пари шіркеуі.



      3-тақырып. Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі.



      14-16 ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. «Возрождения» түсінігі. Италияндық қалалардың гүлденуі. Мәдени маңызды ошақ ретінде Флоренцияның рөлі. Мануфактураның алғашқы капиталистік кәсіпорындары. Көнелік мұрагерліктің мәдени мағынасы. Жанданудың негізі қағидасы адам даңқының шығуы. Ғылым мен өнердің өзара қатынасы. Өнердің жаңа түрінің туындауы. Италиялық жанданудың өнерде дамуының үш деңгейі.



      4-тақырып. Ортағасырдан Қайта өрлеу дәуіріне өту. Жандану. Ортағасырдың шартты салтынан Джотто ди Бондоне шығармашылығы негізінде Жандану дәуірінің реалистикалық салтына көшу,өнердің бетбұрыс кезеңі. Оның көркемсуретте ашқан жаңалығы үш өлшемді кеңістікті орындауы, жарық пен көлеңкені үйлестіру арқылы көлемді үлгілеу, композиция дәлділігі. Айрықша елеулі шығармалары Падуядағы Капелле дель Аренада Мария мен Христтың өміріндегі тақырыптардан фрескалар



      5-тақырып. 15 ғасыр – Ренессанстың «Жазы». Қайтаөрлеудің «Үш киті». Ерте Қайта өрлеу (кватроченто). Флоренция – гумандық мәдениет пен реалистикалық өнердің орталығы.



      Филиппо Брунеллески – ренессанс архитектурасының арғы тегі. Палаццо ғимартының ұстанымдарын әзірлеу: ішкі аула, лоджия. Құрылыс ерекшелігі Флоренциядағы тәрбиелеу үйі. Санта-Мария дель Фьоре шіркеуінің күмбезі – каркас жүйесінің жаңа шешімі.



      Италия скульптурасының реформаторы – Донателло. Создание классических форм и видов ренессанс скульптурасының формасы мен классикалық түрлерін жасау: жеке тұрған статуя, қабырға құлыптасы, ат ескерткіші, кескінді рельеф.Қайтаөрлеу өнеріндегі ұлы тұлғаға арналған алғашқы жалаңаш статуя – «Давид».



      Қайта өрлеу өнеріндегі Мазаччо шығармашылығының мәні. Оның болашақ заң шығармаларында әуедей және тізбекті («Чудо со статиром» немесе «Сбор подати» мысалында) қолдану. Фигуралар мен пейзаж бірлестігі.



      5-тақырып. Леонардоның ізбасарлары. 15 соңғы үшінші жартысында флорентий мәдениетін танытушы, скульптор және кескіндемеші – Андреа Верроккьо. Коллеони атты статуя кондотьерасындағы бөлшектерді өңдеудің аяқталуы мен дәлдігі. Верроккьо и Донателло қола статуяларындағы «Давид» бейнесінің берілу өзгешелігі.



      Қайтаөрлеудің ең лирикалық суретшісі- Сандро Боттичелли.Жан жақсы суретші және озат сурет салушы. Біршама атақты картиналар – «Весна» и «Рождение Венеры». Иллюстраций к «Божественной комедии» Данте иллюстрациясының драматизмі мен лиризмі.



      Леонардо да Винчи – ғалым және суретші. «Золотой век» италияндық өнердің жоғарғы жандануы. Леонардо да Винчи – ұлы математик, механик және инженер (жалдамалы мүсіндердің, жер қазатын машиналардың, жерасты қайығының, ұшатын құрылғылардың жобалары). Табиғат - Леонардоның шабыттандыратын күші, көркем сурет – әлемді тану құралы. «Мадонна с цветком» - Леонардоның ертеректе салынған шығармасы. «Мадонна Литта» суретінде Христостың анасының көркем образы. Нақты кеңістікті жалғастыратын композициядағы симметрия, «Тайная вечеря» қабырғадағы көркемсуреттің ишарат жүйесі мен ымдауы. Май мен темпердің қосылуы қабырғадағы көркемсурет техникасының тәжірибесі. «Сфумато» «Моны Лизы» портретінде биязылық мұратына және адамдық әсерлілікке назар аудартады.



      Рафаэля Санти шығармашылығы. Жанданудың ең жарқын және көңілді суретшісі. «Мадонна Конестабиле» Рафаэльдің ертеректе салынған туындысы. Ватикан сарайының салтанатты залдардың көркемсурет кезеңі. «Сикстинская Мадонна» Рафаэльдің маңдай алды туындысы. Рафаель – портретші. Рафаэльдің суреттері. Рафаэльдің архитектуралық шығармалары. Рафаэль мектебі.



      6-тақырып. Жоғары Қайтаөрлеу шебері – Микеланджело Буонарроти. Италияндық скульпторшы, кескіндемеші, архитектор және ақын Микеланджело Буонарротидің шығармашылығында гуманистік дүниетаным дағдарысын сезіну. «Вакх» және «Оплакивание Христа» - Микеланджелоның ертеректе салынған туындысы. «Давид» батырлық екпін мен азаматтық қажырлық ойының зор мәртебесі. Юлий II моласына арналған мүсіндер қатары, оның ішінде ұлы «Моисей». Ватикандағы Сикстин каппелаларының ұлы композицияларындағы библиялық көріністер. Медичи тегі қабірінің архитектуралық ансамблі. Римдегі ұлы Петр соборының жобасын әзірлеу және тұрғызу.



      7-тақырып. Сынақ сабағы. Бірінші жартыжылдықтағы оқу қорытындысын шығару.



      Екінші жартыжылдық.



      8-тақырып. Солтүстік Ренессанс. Питер Брейгелдің шығармашылығы. Солтүстік қайта өрлеудің уақытша және территориялық шекаралары. Итальян кескіндеме өнерінің сабақтарын шығармашылық қайта жасаған ірі нидерландық суретші - Үлкен Питер Брейгель. Брейгельдің жұмыстарындағы дөрекі әзіл, лиризм және трагизм, жоғары бақылаушылықы келесі жұмыстарында көрінеді: "Слепые", фламандық мақалдар мен басқалары, тұрмыстық-шаруашылық тақыыптарын алғаш ашушы. Пейжаздағы Брейгельдің басты ержүрегі "Охотники на снегу".



      Неміс өнерінің қайта өрлеуі. Альбрехт Дюрер - неміс жандануының негізін қалаушысы, кескіндемешісі, суретші, өнер қисыншысы. Суретші үшін Италияға сапарының маңызы. «Апокалипсис» ағашындағы өрнек сериясында болашақ таптық және діни күрестер. Жолақтардың және көлемнің анықтылығы, мыстағы нақыш шеберлігі. «Всадник, смерть и дьявол», «Меланхолия», «Святой Иероним». Дюрердің теориялық еңбектері: «Руководство к измерению», «Четыре книги о пропорциях человека». «Автопортрет» художника. «Четыре апостола» көркемсурет кенептеріндегі төрт жалпыланған мінез, темперамент.



      16 ғасырдағы Эль Греконың шығармашылығы. Эль Греко – испандық суретші, тегі – грек, 16 ғасырдың басы 17 ғасырдың аяғы философиялық ойлау және тынышсыз кез. Қоғаммен тұлғаның ішкі трагедиялық қақтығыстарының психологиялық көрінісі. Эль Греко – бояудың ұлы шебері. «Погребение графа Оргаса» - суретшінің ең маңызды туындысы. Суретшінің инквизитор Ниньо де Гевараның керемет портретіндегі көрегендігі. Эль Греконың «Толедо в грозу» танымал пейзажында терең философиялық ой мен дүниені үрейлі сезінуі.



      9-сынып. 17 ғасырдағы Испания. Диего Веласкестың шығармашылығы. Диего Веласкес – шынайы кескіндемеші. Тарихи жанрдың еуропалық кескіндемесінің ең маңызды шығармаларының бірі – «Сдача Бреды». Сарай маңы кескіндемешісі (4 Филипп королі) Индивидуальность образов в портретах Веласкестің портреттеріндегі жеке бейнелер. Оның X Иннокентия папа бейнеіндегі ащы шындық Веласкестің атақты еңбектері «Лас Менинас» («Фрейлины») пен «Пряхи».



      10-тақырып. 17 ғасырдағы Италия. Барокко стилінің пайда болуы. Барокко стилі, оның сипаты. Барокко стиліндегі суретшілердің арасындағы негізгі тұлға – архитектор және мүсінші Лоренцо Бернини. «Давид» мүсініндегі серпімділік. «Экстаз святой Терезы» атты мерхаб топтарындағы екіжүзділік, шынайылық пен қиялдың үйлесімділігі. Бернинидің ірі архитектуралық жұмысы, ол Римдегі Ұлы Петр соборының алдындағы алаң.



      16-тақырып. Фламанд бароккосы. Нидерланының екіге бөлінуі: Фландрия және Голландия. Кескіндеме бойынша фламандық мектептің басшысы - Пауль Рубенс. Рубенс – Нидерландыдағы испан наменгерінің сарай суретшісі. Оның шығармашылығында барокко стилінің күшті өзіндік нұсқасы көрінеді. Рубенстің «Воздвижение креста», «Охота на львов» және басқа жұмыстарындағы күрестердің, жанжалдардың себептері. «Персей и Андромеда» картинасындағы батырлардың ерліктері. Рубенс – портретші: «Портрет камеристки», «Портрет Елены Фоурмен».



      12-тақырып. Ұлы голланд суретшісі Рембрандт Харменс ван Рейннің шығармашылығы. Әлемдік кескіндеменің шыңының бірі – ұлы голландтық суретші Рембрандттың шығармашылығы. Үнемі мәнерлілік құралдарын іздеу, жарық пен көлеңкені жеткізу шеберлігі, жылы және жақындатылған түстерді үйлестіру – суретшіге өз уақытының ең тереңде жатқан идеяларын беруге мүмкіндік берді. Рембрандта ертеректе салған жұмысы – «Урок анатомии доктора Тульпа». «Ночной дозор» топтық портреті – өзінше бір тарихи картина. Суретшінің буржуаздармен арадағы кеіспеушілігі. Ұлы портретші Рембрандтың жұмыстарындағы өмірдің қайғы-қасіретке толы жолдары, библиялық нақылды философиялық жолмен шешуі.. «Автопортрет с Саскией на коленях», «Портрет старушки», «Хендрикье у окна». Рембрандта Офорттары.



      13-тақырып. 17 ғасырдағы голландық кескіндемедегі жанрлар көптүрлілігі. 17 ғасырдағы голландық кескіндемедегі жанрларлардың көптүрлілігі. Кескіндеме – 17 ғасырдағы голланд өнеріндегі басым өнер болып табылады. Голландтық портреттің, натюрморттың, пейзаж бен тұрмыстық жанрдың қалыптасуындағы шынайы тенденциялар. Франс Хальс – голландтық портреттің негізін қалаушы. Голландтық жанршы Остаденің жұмыстарындағы көңілді әзілдер мен мысқылдар. Голандтық натюрморттың шебері: Питер Класс, Виллем Кальф. Рейсдальдың туындыларындағы голандтық пейзаж.



      14-тақырып. Классицизм – 17 ғасырдағы көркем сурет мәдениетінің жетекші стилі. Нақыштың сипаты. Николя Пуссен – кескіндемедегі ерте француз классицизімінің негізін қалаушы. «Смерть-Германика» - классицизмнің бағдарламалық туындысы Суық және жылы түстердің кереғарлығы, түрлі қасиеттер мен күйді арқылы жеткіген Пусеннің «Танкред и Эрминия» туындысындағы бейнелердің қайғы-қасиреттері. «Пейзаж с Полифемом» жұмысын үлгі етіп, стихиялық бастауларды суреттейтін атақты батырлардың әрекет ету алңы – Пусеннің жұмыстарындағы табиғат болып табылады.



      15-тақырып. 18 ғасырдағы Франция. Ватто шығармашылығындағы рококо стилі. Рокоок стилінің сипаты. Антуан Ватто – кескіндеменің ішкі көңіл-күй жанрын құрушы, нәзік ішкі сезімнің әншісі. Ашық портреттік бейнелер. Итальян комедияларының (Пьеро, Арлекин) бетпердесіндегі Ваттоның ашық портреттік бейнесі. Романтикалық армандарды сезіну – «Паломничество на остров Киферу» жұмысындағы сөніп бара жатқан күзгі табиғатқа ұқсас.



      16-тақырып. Шарден - 18 ғасырдағы ұлы реалист.



      Реалистік бағыттағы өнердегі үшінші сословиенің иделдары. Реализм мен рококо нақыштарының қатар өмір сүруі.18 ғасырдағы ұлы реалист Жана Батист Симеон Шарденнің шығармашылығы. Шарденнің орталық тақырыбы – натюрморт. Шарденнің жұмыстарындағы үйреншікті әдемілік. «Натюрморт с зайцем», «Медный бак», және тағы басқа. «Атрибуты искусства» картиналарындағы үйлесімділік пен ұлылық.



      Жанровая живопись Шарденнің в работах «Прачка» жұмысындағы жанрлық кескіндеме. «Молитва перед обедом» және тағы басқа. «Автопортрет с зеленым козырьком» жұмысындағы портретті жаңаша түсіну.



      17-тақырып. Давид шығармашылығындағы революциялық классицизм. 1989 жылғы буржуазиялық революцияның Францияның өнерінің дамуына әсері. Жак Луи Давид – революциялық классицизмнің негізін қалаушы, революцияның белсенді қатысушысы. Давидтың «Клятва горациев» картинасы үлгісіндегі революциялық классицизмнің қағидаттары. Көне римдік тарихтың, көнеліліктің Давидтың шығармашылығына әсері. «Смерть Марата» - ұлы және қатал монумент ретінде. Дафидтың осы жұмысындағы портреттік ұқсату арқылы жеткізген нақты шынайылықтың бейнесі. Наполеон императордың алғашқы кескіндемешісі. Давидтың қуғын—сүргінде жүрген жұмыстары.



      18-тақырып. 19 ғасырдағы озық романтизм өнері. Роматизмнің туу. Классицизммен күрес. Прогрессивті романитзмнің орталық тақырыбы. Теодор Жерико – революциялық романтизмнің негізін қалаушы. Жериктің «Офицер императорских конных егерей во время атаки» картинасындағы өмірлік бақылауларының көрегендігі, түстердің эмоциялық қанықтылығы, қарқынды серпінділігі. Жериконың ең маңызды жұмысы «Плот Медузы», ондағы ерлікті монументальды жоспар. Жериктың жолдасы, 18 ғасырдағы француз романтизімінің өкілі – Эжен Делакруаның шығармашылығындағы екі кезең. Делакруаның «Данте и Вергилий» атты алғашқы жұмысының демократияшылдар арасындағы жетістігі. «Резня на Хиосе» шығармасы грек халықтарының ерлікті күресіне деген жан дауысы. Делакруа шығармашылығының шыңы – «Свобода, ведущая народ» картинасы. Делакруа шығармашылығына әсер еткен Шығысқа сапары. Суретші шығармашылығындағы кейінгі кезеңдердегі тарихи тақырыптар.



      19-тақырып. 19 ғасырдағы Франциядағы реализм.



      19 ғасырдағы Франциядағы таптық ұрыстар мен әлеуметтік өткір мәселелер. Оноре Домьенің өткір де, ұшталған өнерінің сыни реализмнің дамуына ықпалы. Сатиралық графика мен художник карикатурасы. «Законодательное чрево» литографиясындағы буржуа келбеті және олардың парықсыздығы. Домьенің кескіндеме жұмыстары: «Прачка», «Вагон 3-го класса» және тағы басқа. Камиля Кор шығармасындағы 19 ғасырдағы Франция кескіндемесі. «Утро в Венеции», «Порыв Ветра», «Воз сена» шығармаларындағы өмір беретін басты құрал –сәуле. Франсуа Милле – шаруа еңбегінің ақыны. Суретші шығармашылығындағы орталық орынды «Сборщицы колосьев» алады. «Человек с мотыгой» картинасындағы еңбек тақырыбы. Импрессионизм. 19ғасырдың соңы- 20ғасырдың басындағы жаңа бағыттарға қысқаша сипаттама(окытушының еркіне қарай постимпрессионизм, модерн, абстракционизм және тағы басқа).



      20-тақырып. Сынақ сабағы.



      161. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) ортағасырлық өнер мен мәдениеттің тарихи, саяси және әлеуметтік жағдайларға байланысты болатындығын түсінеді;



      2) романс пен готикалық өзіндік, нақыштық ерекшеліктері мен айырықша белгілерін таба біледі;



      3) қайта өрлеу дәуірінде Еуропа өнерінің дамуының тарихи және әлеуметтік шарттасуын түсінеді;



      4) Ренессанстың түрлі кезеңдегі өнер өкілдерін, олардың негізгі шығармаларын біледі;



      5) Солтүстік Қайта өрлеу дәуірі және оның ұлы өкілдерін, олардың әлемдік өнерге қосқан үлесі туралы көзқарасын қалыптастырады;



      6) 17-18 ғасырларды Еуропа өнеріндегі негізгі көркемөнер нақыштарын (барокко, классицизм, рококо, реализм, романтизм), олардың тарихи сабақтастығын, дәуірдің ұлы өкілдерінің картиналарын біледі;



      7) 18 ғасырдың аяғы – 19 ғасырдың басындағы өнер шығармаларын революциялық және азаматтық ізгіліктің іске асырылуы ретінде түсінеді;



      8) 19 ғасырдағы француз реализмнің өкілдерін білуі, нақышқа сипаттама бере біледі;



      9) 19–20 ғасырлардағы жаңа көркемөнер бағыттарын (импрессионизм, постимпрессионизм, модерн), осы нақыштың өкілдерін, ұлы шығармаларын біледі;



      10) түрлі тарихи дәуірдегі көркемөнер нақыштарына тән ерекшеліктеріне қарапайым талдау жасай білу дағдысына ие;



      11) бейнені интерпретациялайды;



      12) көркемдік талғамды қалыптастырады;



      13) өнер шығармасының көркемдік және көңіл күйі жағына, мамұнына назар аударады;



      14) өзінің түсінігін жеткізе алады.



      162. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.



      Бірінші жартыжылдық.



      1-тақырып. Кіріспе әңгіме. Алдағы оқу жылына арналған негізгі оқу-практикалық міндеттермен танысу.



      17 ғасыр соңында Ресей реформа қарсаңында. Ресей дамуының ерекшелігі. Ресейдің алдыңғы қатарлы Батыс Еуропа елдерінен артта қалуының мәдени және экономикалық себептері (моңғол басқыншылығы, «смутные времена», поляк басқаншылығы). Патша реформатор – Бірінші Петрдің таққа отыруы.



      2-тақырып. Бірініші Петр дәуірі - елдің жаңа даму кезеңі.



      Петр дәуірі – елдің жаңа даму сапасына көтерілу кезеңі. Ресейдің құрылықтағы және судағы жеңістері арқасында әлемге ұлы ел ретінде танылуы. Мемлекеттік басқару реформасы. Экономикалық даму, өндіріс, сауда дамуы. Орыс мәдениетінің жылдам дамуы, зайырлы және станокты өнердің дамуы. Мамандар даярлауда: инженерлер, суретшілер, архитекторлар даярлаудың рөлі.



      Нева суайырығында Петербургтың орын тебуі. Доменико Трезини-Петербург архитекторларының алғашқыларының бірі, ерте барокко өкілі, астананың жүйелі құрылысын ұйымдастырушы, автор Петропавловск шіркеуінің авторы (1712-1733 жылдар), Бірінші Петрдің жазғы сарайы (1710-1714 жылдар), 12-ші алқа ғимараты (1722-1734 жылдар).



      3-тақырып. Петр дәуірінің кескіндемесі.Парсуна-17 ғасыр соңындағы орыс кескіндемесіндегі иконжазу дәстүрінің көрінісі. «Яков Тургеновтың портреті» белгілі суретшінің бояу құралы. Шетел және орыс шеберлерінің шығармашылығындағы портреттік жанрдың дамуы.



      Никитин мен Матвеев петр пенсионерлерінің шығармашылығы. Олардың портреттерінің жеке сипаттамасының шындығы. Иван Никитин – Бірінші Петр сарайының суретшісі: «Портрет Петра I» (1721 жыл), «Портрет канцлера Головкина» (1720 жыл), «Портрет Петра I на смертном одре» (1725 жыл)



      Андрей Матвеевтің шығармасындағы петр дәуірінің үдемелі ынтаның бейнеленуі: «Автопортрет с женой» (1729 жыл).



      4-тақырып. Орыс өнеріндегі барокко стилі. 18 ғасырдың біріншісі жартысы – Ресейдегі барокко дәуірі. Әкелі балалы Растрелли. Скульптура мен архитектураның дамуы. Бартоломео Карло Растрелли – барокко өкілі. Оның шығармаларындағы Бірінші Петр бейнесі: «Бюст Петра I» (1723 жыл), «Конный памятник Петру I» (1744 жыл) Барокко салтанаты мен сәнінің «Анна Иоанновна с арапчонком» (1732-1741 жылдар) – мүсін тобы әлеуметтік мінездемедегі дара сипатпен сәйкес келуі. Франческо Бартоломео Растрелли – Б.К.Растреллидің баласы. Орыс архитектурасындағы барокко стилінің гүлденуі. Петербургтың барокко-сарайлық әлпетін қалыптастыру. Орыс барокко архитектурасындағы ұлттық нақыш, түстің рөлі. Ф.Б. Растрелли шығармаларындағы кеңістік пен кереметтік. Петергофтегі үлкен сарай (1747-1752 жылдар), Смольный монастыры (1748-1754 жылдар), Патша селосындағы Екатерина сарайы (1752-1757 жылдар), Қысқа сарай (1754-1762 жылдар).



      5-тақырып. Орыс өнеріндегі классицизм дамуы. Мүсін. Суретшілер Академиясының ашылуы, оның жаңа нақыш қалыптасуындағы рөлі. Екатеринина дәуірі – «Золотой век просвещения». Классицизм дәуіріндегі скульптураның дамуы, героик тақырыбы (Мартос, Козловский).



      Этьен Морис Фальконе – Петр Біріншіге ескерткіш қоюшы «Медный всадник» (1866-1878 жылдар), Петербургтың тарихи символының авторы. Петрдің Ресей тарихындағы рөлін ашатын ескерткіштің адамзаттық абыройы мен пафосы. Ұлы орыс скульптор-портретисті Федот Шубин. Психологиялық портрет міндеттерін шешу, оның шығармаларындағы бейнелердің ашылу кеңдігі: «Портрет Голицына» (1775 жыл), «Портрет Ломоносова» (1792 жыл), «Портрет Павла I» (1800 жыл).



      6-тақырып. 18 ғасырдың екінші жартысындағы кескіндеме Орыс кескіндемесіндегі адам мен табиғаттың классицизмнің дәстүрлі жанрларындағы – тарихи және пейзаждық бейнелермен берілген портреттік жанрдың өзіндік даму сипаты. Портреттік жанрдың гүлденуі. 18 ғасырдың екінші жартысында орыс портреттік кескіндемесіндегі реалистік тенденцияның пайда болуы. Федор Рокотов портреттеріндегі адамның ішкі әлемі мен оның рухани дүниесіне назар аудару: «Портрет Струйской» (1772 жыл), «Портрет неизвестной в розовом платье» (1770 жыл.), «Портрет неизвестного в треуголке» (1770 жыл).



      Дмитрий Левицкий портреттері - сұлулықтың терең мінезбен бірге бере білудің сирек сәйкестігі: «Портрет А.Ф. Кокоринова» (1869 жыл).



      «Портрет Хованской и Хрущовой» (1773 жыл) из серии портретов «смолянок», «Портрет М.А.Дьяковой» (1778 жыл).



      Владимир Боровиковский – сентиментализм өкілі, интим портретінің, лирикалық әйелдер бейнесінің шебері: «Портрет Е.Н. Арсеньевой» (1795 жыл), «Портрет М.И.Лопухиной» (1797 жыл).



      Тақырып 7: Классицизм архитектурасы (18 ғасырдың соңы –19 ғасырдың басы) Ресейдегі классицизм архитектурасының негізгі даму кезеңдері. Москва мектебі: Василий Баженов - іске асырылмаған жоба Кремлевск сарайы (1773 жыл), Дом Пашкова (1784-1786 жылдар), Голицина ауруханасы (1796-1801 жылдар).



      1812 жылғы Отан соғысымен байланысты жалпыпартриоттық көтеріліс фонындағы өнердің дамуы.



      Ампир өкілі – 19 ғасырдың бірінші жартысында архитектурадағы орыс классицизмнің жоғарғы жетістіктерін құрушылар:



      Андрей Воронихин, Нева даңғылындағы Қазан шіркеуі (1801-1811 жылдар).



      Андрей Захаров, Адмиралтейство – орыс архитектурасының шедеврі (1806-1823 жылдар).



      Карл Росси – архитектуралық ансамбльдер шебері: Михайлов сарайы (1819-1825 жылдар, Орыс музейі), Сарай алаңындағы Бас штаб ғимараты (1819-1825 жылдар), Александринск театры мен Театр көшесі (Росси көшесі, 1816-1834 жылдар).



      8-тақырып. Қорытынды сабақ. Бірінші жартыжылдық бойынша қорытынды.



      Екінші жартыжылдық.



      9-тақырып. 19 ғ. Бірінші жартысындағы кескіндеме. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы классицизм кескіндемесіндегі тарихи және реалистік тенденция.19 ғасырдың бірінші ширегі – Пушкин дәуірі. Пушкин тұлғасының мәдениет дамуына ықпалы. Бейнелеу өнеріндегі Пушкин бейнесі.



      Василий Тропинин – москва мектебінің өкілі, тас портреттерінің авторы: «Портрет сына» (1818 жыл), «Портрет А.С.Пушкина» (1827 жыл). Оның шығармасындағы портрет және тұрмыстық жанр синтезі: «Гитарист» (1823 жыл), «Кружевница» (1823 жыл). Представитель романтизма – Орест Кипренский. Отражение лучших черт человека в его портретах: «Портрет Е.В. Давыдова» (1809 жыл), «Портрет Е.С. Авдулиной» (1822 жыл) «Портрет А.С.Пушкина» (1827 жыл).



      Алексей Венецианов шығармаларындағы шаруа тақырыбы, оның халық өміріне қызығушылығы: «Гумно» (1821-1822 жылдар), «На пашне. Весна» (1820 жыл), «На жатве. Лето» (1830 жылдың басы), «Захара» (1825 жыл), «Жнецы» (1820 жыл), картиналарындағы шаруа, шаруа еңбегі, орыс табиғаты бейнесі.



      10-тақырып. Классицизм батуының атақты суретшілері. Академизмнің романтизм белгілерімен араласуы және Карл Брюллов шығармасындағы тірі шағындағы «Великого Карла» реализмі.Брюлловтың «Последний день Помпеи» (1830-1833 жылдар) тарихи полотносындағы адамның адамгершілік сұлулығы. Брюлловтың салтанатты портреттері: «Всадница (1832 жыл), Портрет сестер Шишмаревых» (1839 жыл) Интимно-психологические портреты деятелей культуры: «Портрет писателя Кукольника» (1836 жыл), «Портрет И.А. Крылова» (1839 жыл).



      12-тақырып. 19 ғасырдың екінші жартысындағы демократиялық өнердің дамуы.



      Классицизм догмасында ескірген академиялық өнердің қоғам өмірінен алшақтап қалуы. Академизмге қарсылық. «Бунт 14-ти» - Академия суретшілерінің қатарындағы жас суретшілердің қарсылығы. Петербург суретшілері артелі.



      Иван Николаевич Крамской - суретші, теоретик, идеолог. Мәдениет қайраткерлерінің портреттері. «Портрет Л.Н.Толстого» (1873 жыл), «Портрет И.И. Шишкина» (1880 жыл) «Крестьянин с уздечкой» (1882 жыл) картинасындағы шаруа тақырыбы.



      Крамского, Мясоедов, Перов бастамалары бойынша көшпелі суретшілер көрмесі серіктестігінің құрылуы. (1870 жыл) Қоғамды шындыққа, туған табиғаттың әлеуметтік мәселелерін шешуге көшпелілер шығармасында үндеуі.Көшпелілерді атақты сыншы В.В.Стасов пен оның жақтаушылары П.М.Третьяковтың қолдауы.



      13-тақырып. И.Е.Репина шығармашылығы. Илья Ефимович Репин – ұлы орыс реалист-суретшісі. «Бурлаки на Волге» (1870-1873 жылдар), «Крестный ход в Курской губернии» (1880-1883 жылдар) картиналарында әлеуметтік жағдайды өткір көрсеткен.Тарихи сюжеттерде терең тарихи шиеленіс ашық берілген.: «Иван Грозный и сын его Иван» (1885 жыл), «Запорожцы пишут письмо турецкому султану» (1880-1891 жылдар). «Не ждали» (1884-1888 жылдар) картинасы революция тақырыбына арналған.



      Репин шығармасындағы композициялық, бояулық шешімнің әр түрлілігі. Репин портретінің ұлы шеберлігі мен психологиялық тереңдігі. «Портрет композитора М.П.Мусорского» (1881 жыл), «Портретт В.В.Стасова» (1883 жыл), «Портрет П.М.Третьякова» (1883 жыл) «Портрет Л.Н.Толстого» (1887 жыл). Репин шығармаларының отандық және әлемдік өнердегі мәні.



      14-тақырып. Тарихи және батальды жанр. Шығармашылық әдістердің түрлілігі.



      Николай Генің «Петр I допрашивает царевича Алексея» (1871 г.) картинасындағы тарихи шиеленіс драматизмі. Василий Верещагиннің: «Апофеоз войны» (1871-1872 жылдар) соғысқа қарсы шығармаларындағы соғыстың қаhары туралы ащщы шындық.



      Орыс фольклорының білгіші Виктор Васнецов – тарихи эпикалық, ертегі және ертегідей сюжетті картиналардың авторы: «После побоища Игоря Святославича с половцами» (1880 жыл), «Богатыри» (1898 жыл), «Витязь на распутье» (1882 жыл), «Аленушка» (1881 жыл).



      Василий Суриков – атақты тарихи кескіндемеші, көпфигуралы композициясының шебері, бояушы. Главный герой в исторических полотнах Суриковтың тарихи полотнодағы басты кейіпкері – халық: «Утро стрелецкой казни» (1881 жыл), «Боярыня Морозова» (1887 жыл), «Покорение Сибири Ермаком» (1895 жыл), «Переход Суворова через Альпы» (1899 жыл).



      15-тақырып. 19 ғасырдың екінші жартысындағы пейзаждық кескіндеме. Ұлттық пейзаждың дамуы. Иван Айвазовский атақты моринист. Оның теңіздік пейзажындағы романтизм: «Девятый вал» (1850 жыл), «Вид Одессы в лунную ночь» (1846 жыл).



      Көшпелілер шығармаларындағы пейзаж. Бұл жанрдағы екі бағыт лирикалық және эпикалық пейзаж.



      Алексей Саврасовтың: «Грачи прилетели» (1871 жыл), «Оттепель» (1874 жыл) шығармаларындағы сұлулық және үйреншікті ауыл сыры.



      Иван Шишкин – эпикалық пейзаж шебері. Оның: «Сосновый бор» (1872 жыл), «Рожь» (1878 жыл), «Среди долины ровныя» (1883 жыл), «Корабельная роща» (1898 жыл) картиналарындағы туған табиғаттың кереметтігі.



      Архип Куинджидің: «Березовая роща» (1879 жыл), «Лунная ночь на Днепре» (1880 жыл) пейзаждарындағы қарапайым әрлеу мен жарық эффектісі.



      Василий Поленовтің: «Московский дворик» (1878 жыл), «Заросший пруд» (1879 жыл), «Бабушкин сад» (1878 жыл) шығармашлығындағы пленэр міндеттерінің шешілуі.



      Исаак Левитан – лирикалық орыс пейзажының ірі шебері.Табиғаттың нәзік көрінісін бере білу, әрлеудің түрлішелігі, табиғат бейнесін философиялық тұрғда жалпылау, поэтикалық, Отанға деген сүйіспеншілік «Владимирка» (1892 жыл), «Над вечным покоем» (1894 жыл) «Золотая осень» (1895 жыл), «Март» (1895 жыл), «Озеро. Русь» (1899-1900 жылдар) шығармаларында көрініс тапқан.



      16-тақырып. 19-20 ғасырларда шетелдегі орыс өнері. Қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтың өсуі. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы Ресейдің көркемөнер өміріндегі сан қырлылық.



      Валентин Серовтың шеберлігі мен жаңашылдығы. Оның жұмысының өміршеңдігі, бояуының қанықтығы: «Девочка с персиками» (1887 жыл), «Девушка, освещенная солнцем» (1888 жыл). Острая наблюдательность, глубина социально-психологических характеристик: «Портрет М.Н. Ермоловой» (1905 жыл), «Портрет О.К. Орловой» (1911 жыл).



      Тума талант иесі Михаил Врубель – символизм өкілі. Оның картиналарында әрдің сәндігі, драмалық ұстаным, соимволикалық жинақылық бейнелері басым: «Демон» (сидящий, 1890 жыл), «Царевна-лебедь» (1900 жыл).



      20 ғасыр басындағы Ресейдегі көркемөнер бірлестіктеріне қысқаша сипаттама: «Мир искусства», «Союз русских художников», «Бубновый валет», «Голубая роза».



      17-тақырып. Қорытынды сабақ. Екінші жартыжыдықты қорытындылау.



      163. Оқу жылының соңында 3-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие:



      1) орыс бейнелеу өнерінің дамуындағы I Петр реформасының мәнін түсінеді;



      2) орыс барокко архитектурасының өзіне тән белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін ажырата біледі, батысеуропа бароккосымен салыстырмалы талдау жасай біледі;



      3) 18 ғасырдағы орыс кескіндемесінің негізгі тенденциясын біледі;



      4) 18 ғасырдағы ұлы портретшілердің картиналарын, архитектурадағы, және скульптурадағы барокоо стилінің белгілі өкілдерін біледі;



      5) классизм өнерінің нақыштық ерекшеліктерін ажырата алады;



      6) 18 ғасырдың соңы - 19 ғасыр басындағы орыс классизмнің жоғарғы жетістігі ретінде ірі архитекторларды, скульпторларды, ескерткіштерді біледі;



      7) кескіндемедегі классизмнің нақыштық белгілерін ажырата біледі;



      8) классицизмнің ұлы суретшілердің шығармаларын біледі;



      9) 19 ғасырдың бірінші жартысында орыс портреттік кескіндемесіндегі романтизм белгілерін анықтай білу, ірі портретшілерді біледі;



      10) классикалық академизмнің бәсеңдеуін әлеуметтік алдын алу мен сыни реализмнің және оның өкілдерінің пайда болуын түсінеді;



      11) көшпелілер серіктестігі құрылымның қоғам мен өнер үшін маңызын түсінеді;



      12) көшпелілер шығармашылығындағы түрлі жанрлардың дамуы туралы көзқарасы бар және ұлы көшпелілерді біледі;



      13) 20 ғасыр басындағы тарихи дағдарыс жағдайында орыс өнерініңқарама-қайшлық сипатындағы байланысты түсінеді;



      14) 20 ғасыр басындағы орыс өнеріндегі нақыштық түрлілікті біледі;



      15) ұлы суретшілердің алдыңғысы мен соңғыларының көркемдік стилі немесе шығармашылық әдістерінің өздеріне тән ерекшеліктеріне қарапайым талдау жасауды игеру.



      4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.



      Бірінші жартыжылдық.



      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Аталған курс бойынша пәннің мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру. Негізгі тақырыбы: Қазақстан өнерінің тарихи бойынша циклмен таныстыру.



      2-тақырып. Қазақстан өнерінің пайда болуының бастауы. Тарихи мәліметтер (шолу). Қазақстан территориясын мекендейті ежелгі тайпалардың өнерінің қазақтардың халық өнерімен генетикалық байланысы. Шаруашылықтың ұқсас тұрмыстық формалары. Үйсін мен қаңлы дәуірінің шеберлері. Көшпенділер өмірі. Жануарлар, олардың малшылардың өміріндегі маңызы, бейнелеу және тәжім ету.



      Халық өнерін оқып зерттеу тәсілі: бақылау, зерттеу, тәжірибе, эксперимент. Тас – ежелгі дәуірдің тісіз куәсі. Палеолит – ой сананы оятқан тас ғасыры. Қазақстан территориясында табылған сақ ескерткіштері. Кен ісі және металлугиясымен айналысу қолөнер еңбегін саралауға, оның ауыл шаруашылығынан бөлуге, сауда мен қолөнердің (құю, ұста, ағаш ұстасы, зергерлік ( «Ұлы көштер алауы» фотографияларының катологын көру) кең дамуына ықпал етті.



      3-тақырып. Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері. Нақыштау жолдары бойынша өнердің ары қарай дамуы. Жануарларды бейнелеу біртіндеп ою-өрнектік мотивке айналады. Сақ өнеріне тән жануарларды бейнелеу. Жануардың фигурасын оның қандай да бір бөлігімен ауыстыру, ою-өрнектік мотивтегі реалистік және экспрессивтік бейнелерді трансформациялау процесінің басталуы.



      Этнограф-суретші Г.Иляева шығармашылығындағы ою-өрнек.



      Қазақтардың ұлттық киімі. Кіимдердің айырмашылықтары. Әйелдер, ерлер, балалар киімдері. Әшекейлер мен атрибуттар.



      Қазақтардың ертедегі тұрғын үйлері. Киіз үй көшпенділердің тамаша үйі. Ағаш қаңқа мен киізден жабу. Материалдың жеңілдігі мен беріктігі. Киіз үйдің негізін қалайтын төрт элемент. Қазақтың киіз үйінің киіз жабуының үш түрі. Киіз үйді безендіру.



      4-тақырып. Қазақстан территориясындағы ежелгі ескерткіштер мен ғибадаттық құрылыстар.



      Тарихи-археологиялық мәліметтер. Тамғалы петроглифы. Ыстық қорғаны. Ғибадаттық мавзолейлер мен мазарлар («өлілер үйі») орта ғасырдағы Қазақстанның құрылыстық шеберлік пен сәулет ескерткіштерінің тамашасы болып табылады.



      Бабаджи-Хатун, Айша Бибі, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлері, Жезғқазғанның маңындағы Джучихан мен Алаша-хан мавзолейлері; Жұбан-Ана, Қайып-ата, Маулім-берді, Қара-хан мавзолейлері.



      «Үйтас» немесе «дің» - шошала – конус немес сфера тәрізді күмбезді бір камералы құрылыстың ежелгі типі. Мемориалдық ескерткіштер құлпы тастар. Құрылыс материалдарының жаңа түрлері: ганч, алебастр, терракоттық және израздық плиталар. Өткен жүз жылдықтың ең жақсы техникалық және сәулет өнеріндегі жетістіктері.



      5-тақырып. Орта ғасыр. Андрон мәдениеті. Оның Урал мен Тянь-Шань тауларына дейін таралуы. Ежелгі жерлеулерді қазу. Орталық Қазақстандағы андрон мәдениеті ( зираттық құрылыстардың монументалдығы мен күрделілігі, жоғары құрылыстық техника). Көрші мемлекеттер. Мәдениет пен өнердің өзара ықпалы. Орта ғасыр кезеңінде Қазақстан территориясында өнердің дамуы. Отырар.



      6-тақырып. Ежелгі Қазақстан өнері бойынша қорытынды бөлім Қазақстанның өнерін дамыту бойынша өткен материалдарды жалпылау. Жарты жылдық тестілеуге дайындық (шағын конференция).



      Екінші жартыжылдық.



      7-тақырып. 20 ғасырдың басындағы Қазақстан өнері. Тарихи асу. Мәдениеттің барлық саласының дамуы: халықтық білім беру, ғылым мен өнер. Республиканың көркемдік өмірінің негізгі бағыттары. Бейнелеу өнерінің көрнекті қазақстандық шеберлерінің шығармашылық портреттеріне қысқаша шолу. Нақты шығармаларды жалпылау талдау, олардың өнердің басқөа түрлерімен тығыз байланысы. Мәдениеттің жалпы қазынасына үлес.



      8-тақырып. Мүсін өнері. Ертедегі өнердегі пластикалық бейнелеу және көлемді фигуралар жасауға көшу. Пластикалық ойлаудың жоғары мәдениеті (силуэттерді бейнелеу және фантастикалық аңдарды модельдеу).



      Композициялық бейнелеудің туындауы. Өткен курстардың тақырыптары (орыс және еуропалық пластика жетістіктері). Кеңес мектебінің дәстүріне негізделген мүсіншілердің шығармашылық тәжірибесі. Портрет-бюст. А.Пономарев шығармашылығы – портреттердің фронталды композициясы, портрет салушының даралық сипаттамасы. Оның жұмысының айрықша әдісі – пластикалық бірдейлік («Ш.Уалиханов», «Абай», 1938 жыл). Б.Урманче: Формалардың кескіндік көрінісі, портреттерде фигуралар мен детальдардың ерекшеліктерін, көрсету жесті («Ж. Жабаев портреті», 1945 жыл).



      Жанрлық және сәндік мүсін. Х.Наурызбаев шығармашылығы – ұлттық тақырыпты өн бойымен түсіну, әр алуан бейнелеу тәсілдерінен тұтас пластикалық тілге көшу қозғалысы («Жас Жамбыл», 1958 жыл, «Абай», 1965 жыл, «Шоқан Уалиханов», 1966 жыл).



      9-тақырып. Әбілхан Қастеев – алғашқы ұлттық суретші.



      Биография мен бірінші кәсіби қазақ суретшісінің талантының қалыптасуы. Оның шығармашылығының Қазақстан өнерінің қалыптасуындағы орны. Портреттер- Ә.Қастеевтің ерте шығармашылығындағы жетекші жанр.



      Шығармашылықтың кемеліне келген кезеңіндегі суретші шығармаларының жанрларының әр түрлілігі. Суретші өнеріне тән сипат – туған өлке табиғатын толық көрсету: «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Жайлауда». Оның шығармаларының өзіндігі, хабарлау сипаты қазақ өнерінің халық шеберлері ақындар мен жырауларға жақын.



      10-тақырып. Кескіндеме. Тұрмыстық және тарихи жанрлар



      Республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени ортасының жаңа шарттары. Ұлттық суретшілер –халықтық бейнелер көрінісі, тамашаны бойдан өткізу. А.Исмаилов, К.Тельжанов, М.Кенбаев, А.Галымбаева, М.Лизогуб, С.Айтбаев, Н.Хлудов, А.Сыдыханов пен ағайынды Х. Мен К.Ходжиковтардың шығармашылығы. Тарихи кескіндеме. Л.Леонтьева. А.Черкасский, К.Шаяхметов, Н.Нурмухаммедов шығармашылықтары.



      11-тақырып. Портреттік жанр.



      Қазақстанның станокті кескіндемесіндегі портреттік жанрдың дамуы. Портреттік және пейзаждық жанрлардың синтезі. Жалпылама мазмұндағы типтегі портреттердің алуан түрлілігі, тарихи портреттер, топтық портреттер. В.Антощенко-Оленев («Жақсы жаңалықтар»), А.Ташбаев («Автопортрет»), С.Мамбеев («Студент қыздар») және басқалар шығармашылықтары. Суретшілердің адамдардың рухани өмірлеріне, тұлғаның ішкі әлемінің заманауилықпен байланысының алуан түрлілігіне терең қызығушылықтары, адамның даралығының қайталанбас сұлулығын бекіту.



      12-тақырып. Қазақстандық суретшілер шығармашылықтарындағы натюрморт. Кескіндеменің осы жанры бізді қоршаған ортаның заттық әлемінің сұлулығына зейін аударуынан туындаған. Натюрморт жанры- суретшілердің таусылмас шабыт, бейненің эмоцияналдығын, пластикалық мәнерлігін көтеру, сонымен қатар, тақырыптық картиналар, портреттік шығармалар мазмұнын тереңдету құралы. Натюрморт бұл заттар әлемі ғана емес, бұл эмоциялық қысым, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері бойынша алуан түрлі адамдық сезімдер әлемі. А. Ғалымбаеваның шығармашылығындағы натюрморттардың ұлттық колориті («Дастархан»). Суретшімен шеберлік сыныбы (факультатив).



      13-тақырып. Қазақстандық суретшілер шығармашылығындағы пейзаж. Қазақ халқының өмірінің табиғатпен байланысы. Акварельдік техника- кескіндеменің тамаша түрлерінің бірі. Пейзаждық жанрдың дамуы. Сюжетті кескіндеме, портрет, натюрмортпен байланыс. Акварельдік кескіндеме шеберлері. У.Ажиев –шығармашылық жол жүруде пайда болған жұмыстар («Оралда)». Қазақстанның табиғатын бейнелейтін пейзаж жазған суретшілер шығармашылығы. Ж.Шарденов («Қыста», «Предгорье»). О.Таңсықбаев (факультатив).



      14-тақырып. Графика өнері.



      Қазақстандағы кітап және станокті баспаны дамыту, шығармашылық ұжымды қалыптастыру. 20-30 жылдардағы Қазақстан- баспа тапсырыстары, журнал және газетадағы, плакаттағы сурет аумағындағы жұмыс (станокті графиканың негізгі техникасы – қарындашпен салынған сурет, акварель, тушь).



      Ұлы Отан соғысы жыладрындағы графиканың дамуы (өнердің дамуына Москва, Ленинград, Украинадан эвакуацияланған суретшілер көмектесті). Қазақтандық суретшілер, гравюра шеберлерінің баға жетпес үлестері. В.Антощенко-Оленев – линогравюраның сәндік қасиетін шеберлікпен қолдану, шрихтың алуан түрлілігі, ақ-қара контрастының мәнерлілігі («Ұрыстағы 1919» - 1957 жыл; «Мұң»- 1959 жыл). Е.Сидоркин – терең әлеуметтік мазмұнды ашатын графикалық тәсілдердің байлығы. Ертегілер, мысалдар, эпостық жырларға иллюстрациялар («Алпамыс батыр»). Ф.Дячкин – офорт, монотипия, акватинта, линогравюра техникасын меңгерген суретші. Табиғатты лирикалық қабылдау, компоновкадағы еркіндік пен жеңілдік, салудың жіңішке және жұмсақ мәнері. Кітап иллюстрациялары, супертыстар, «Сұлтанмахмұт Торайғыров» кітабын безендіру.



      15-тақырып. 21 ғасырдың бейнелеу өнері.



      Историческое развитие Казахстана на рубеже 20-21 ғасырлар асуындағы Қазақстанның даму тарихы. Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерді сақтау. 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. Қазақстанның бірегей қорықтары, археологиялық табулар, «Әлемдік мұралар каталогына» енген халық ауыз әдебиетінің шығармалары.



      16-тақырып. Жаңа ғасырдағы Қазақстан өнері



      Заманауи өнердің жаңа шығармашылық мүмкіндіктері. Заманауи мәдениет құбылысы – акция, перформанс, хэппенинг, инсталляция – көркемдік қағидаттарға қарсылық. Заманауи технологияларды қолдану (бейне, мультимедиа).



      Өзекті өнер өкілдері: М.Нарымбетов, «Қызыл трактор» шығармашылық бірлестігі, С.Нарымов, Г.Трякин-Бухаров, А.Менлибаева және басқалар.



      17-тақырып. Қорытынды бөлім. Қазақстан өнерінің дамуы бойынша өткен материалды жалпылау. Екінші жарты жылдық бойынша оқыту қорытындысын шығару. Жылдық тестілеу.



      164. Оқу жылының соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) Қазақстан өнерінің тарихи және мәдени өзінділік шарттарын түсінеді;



      2) сақтық аңдық нақышқа тән сипаттарды анықтау, бейнелерге мифологиялық сипаттама береді;



      3) аңдық нақыш пен ою-өрнекке тән нақышталған бейнелердің арасындағы өзара байланыс орнатады;



      4) ою-өрнектерді геометриялық, өсімдік, зооморфтық, комогондыққа бөледі;



      5) ою-өрнекті дүниетаным көрінісі ретінде қарастыру, оның символикаларын оқиды;



      6) киіз үйдің құрылымын, жиналуын біледі;



      7) қазақ ұлттық костюмін дәстүр, тарих, әлеуметтік және климаттық шарттардың көрінісі ретінде қабылдайды;



      8) Ұлы жібек жолының Қазақстандағы мәдениет пен өнердің қалыптасуындағы рөлін түсіндіреді (мәдени жетістіктер);



      9) Қазақстандағы орта ғасыр кезең сипаттау және сол кезеңдегі Орта Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырмалы түрде сипаттама береді;



      10) орта ғасыр кезеңінде Қазақстан өнеріне мұсылман мәдениектінің ықпалы туралы түсініктері қалыптасқан;



      11) Қазақстандағы кәсіби және бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы туралы түсініктері қалыптасқан;



      12) қазақстандық кескіндеме мектебінің негізін салушыларды біледі;



      13) қазақстандық мүсіншілер шығармашылығын, жеке авторлардың шығармашылығының нақыштық ерекшеліктерін біледі;



      14) Қазақстанның станокті кескіндемесіндегі тұрмыстық жанр, натюрморт, пейзаж, портреттік жанрдың өкілдерін, көрнекті жұмыстардың атауларын біледі;



      15) Ә.Қастеевтің шығармашылығы мен оның заманауи Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуындағы рөлін біледі;



      16) 20I ғасырдағы Қазақстандық өнердің негізгі беталыстары; оның өнердің әлемдік жүйесіндегі орны туралы түсінікті біледі;



      17) әлемдік кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің орнын анықтай біледі;



      18) Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына әлемдік мәдениеттің ықпалын біледі;



      19) өнер аумағындағы негізгі терминдер мен ұғымдарды біледі және оларды меңгерген;



      20) мәдениет пен өнер мәселесіне қатысты пікірталастар, қарым-қатынас үдерісінде толеранттықты сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет