Сөйлеуді дамыту
Ұзын құлақ ақ қоян (Кескін бойынша қоян жайлы әңгіме құрау)
Мақсаты: Әңгіме құрату арқылы ауызша сөйлеулерін дамытуды жалғастыру. Міндеттері: а) Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құрауға үйрету. Сөздің түрленуіне жаттықтыру. ә) Балалардың тілдік қорын дамыту, байыту. б) Жан-жануарларды қомқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Денешынықтыру жетекші жоспарымен
|
Денешынықтыру жетекші жоспарымен
Математика негізі
Реттік санау. Оң жақта, сол жақта, ортасында.
Мақсаты: реттік санаумен таныстыру; кеңістікте бағдарлай алу (оң жақта, сол жақта, ортасында). 5-ке дейінгі сандарды ретімен санауға, сандық және реттік санауды айыруға, «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру; заттардан геометриялық пішіндерді табуға үйрету; 5 затты ұзындығына қарай сәйкестендіруге, заттарды ұзындығының кемуіне қарай бір қатарға, ұзындығының артуына қарай бір қатарға орналастыруға үйрету (басты ереже: әрқашан ең ұзын немесе ең қысқа заттан бастау керек).
|
Достарыңызбен бөлісу: |