5.Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі. Егер сәбилік шақ аса маңызды жетістіктерге толы (бір жастан екі жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалиып алады.
Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Сәбилік кезеңдегі негізгі әректтерді атаңыз
Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз
Бала психикасының дамуына заттармен әрекет еудің ықпалы бар ма?
Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа бейімделудің жолдарын атаңыз
5.Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің ықпалы
Әдебиеттер: 1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014