Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:
Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап – тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.
Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.