«Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары


Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-30-жылдары



бет23/96
Дата07.02.2022
өлшемі213,44 Kb.
#94602
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96
Байланысты:
438205047288 лекция балалар психологиясы

Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-30-жылдары Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту қызметтері қалыптасты. Л.С.Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс үдерісінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек – адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен
белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түседі.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: «...баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі – әлеуметтік, кейін – психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет.
Бала тілінің маңызды рөл атқаратын Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез –құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатынкөрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым – іс-әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады. Ым – белгіге, қармау – көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кейін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңынан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады.
Барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Жеке адамның қалыптасу үдерісі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталды.
Оқу мотивациясы В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің теориясы бойынша іс-әрекет құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Ол оқу үдерісінің алғашқы сатысында қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет