Балалар, сендер бүгінгі сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар. Біздің тегіміз-түрік, дініміз-ислам екенін білеміз бе? Ол үшін Қасиетті Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз
Балалар, сендер бүгінгі сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар. Біздің тегіміз-түрік, дініміз-ислам екенін білеміз бе? Ол үшін Қасиетті Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз. Міне, бізде бүгінгі сабағымызды Бисмиллаһир-рахманир-рахим деп бастаймыз.
Құран – Ислам дінінің ең басты кітабы. Дүние кілті – Құранда. Қасиетті Құран Кәрім Аллаһтың сөзі. Құранға дейін үш кітап түскен, бірақ адамдар олардың мазмұнын өзгерткені үшін ол кітаптардың үкімі жойылған. Құран кітабының қасиеті сондай – осы күнге дейін бірде-бір әрпі өзгеріске түспеген. Әр адам әр кезде Құран ұстар алдындағыдай таза, пәк жүрсе, дүние, мүмкін, басқаша болар ма, қастық, жауыздық атаулы мүлдем болмас па еді?!
Күнделікті өмірде жиі оқылатын «Фатиха». «Ықылас» сүрелерінің қазақша мағынасымен танысайық. (Интерактивті тақтадан) «Фатиха » сүресі. Бұл Құран сүресі өте қасиетті, ауру- сырқатқа, іс – әрекеттің табысты болуына себебі тиеді. Өлім – жітімде оқыса өте сауапты. «Ықылас» сүресі. Бүл сүрені 3 рет оқыса, сауабы, оң ниетпен тілеген тілектің тигізер пайдасы өте мол. Сондықтан да намазда, өлім – жітімде де жиі оқылады.