Канцерогенез(ісік)- жасушалардың гендік аппаратының өзгерістеріне сай олардың өсіп жетілуінің реттелуі бұзылуына байланысты қалыптасқан жаңа тін .
Канцерогенез(ісік)- жасушалардың гендік аппаратының өзгерістеріне сай олардың өсіп жетілуінің реттелуі бұзылуына байланысты қалыптасқан жаңа тін .
Канцерогенез теориялары
Химиялық канцерогенез
Радиациялық канцерогенез
Вирустық канцерогенез
Канцерогенді факторлар:
Өйткені олар жасушаның ДНҚ-сымен оның құрылымын бұза отырып,әсер ете алады.Канцерогенді заттар өте көп мөлшерде автомобильдік және авиационды көліктердің жанар-жағармайында,темекіде кездеседі.Осы заттармен ұзақ бірге болғанда өкпе рагы,тоқ ішек рагы т.б. пайда болуы мүмкін. Химиялық факторлар:ароматты қосылыстарға жататындар(полициклді,гетероциклді ароматты көмірсулар,ароматты аминдер),кейбір металдар мен пластмассалар канцерогенді қасиетке ие. Биологиялық факторлар.Адамдағы папилома вирусының жатыр мойны рагының дамуына,гепатит В вирусының бауыр рагының,ВИЧ-тің Капоши саркомасының дамуына алып келетіні дәлелденген.Адам ағзасына түскеннен кейін вирустар ДНҚ-мен әсерлесіп,протоонкогеннің онкогенге трансформациялануына алып келеді.Кейбір вирустардың геномы(ретровирустар) адамның жасушасындағы ДНҚ-сына вирустың ДНҚ-сы қосылғаннан кейін белсенді болатын онкогендерге ие. Физикалық факторлар: күндік радиация(ультракүлгін сәулелену)және иондаушы сәулелену жоғары мутагенді белсенділікке ие.Мысалы,Чернобыль АЭС-ндағы апаттан кейін қауіпті аймақта өмір сүрген адамдарда қалқанша бездің рагымен ауыру жиілігі жоғарылап кеткен.Ұзақ уақыттық ұлпаны механикалық және термиялық зақымдауда кілегейлі қабықша мен терінің рагына алып келуі мүмкін