14-бап. "16 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі
"16 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 13-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, мыналарды:
1) қатыгездік пен зорлық-зомбылық құрбандарына аяушылық сезімді және қатыгездік пен зорлық-зомбылықты айыптауды туғызатын, суицид және (немесе) адам өлтіру сюжеттерінің эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
2) сексуалдық сипаттағы әрекеттердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қоспағанда, адамдардың сексуалдық қарым-қатынастарының эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |