Балаларды үйден жеке оқыту туралы ереже жалпыережелер



бет1/2
Дата16.11.2022
өлшемі27,29 Kb.
#158618
  1   2
Байланысты:
1- косымша


1-қосымша

«Бекітемін»


______________________ директоры
(БҰ атауы)
__________ / _____________________
(қолы) (директордың Т. А. Ә.)
20__ ж. « ____ » __________
Балаларды үйден жеке оқыту туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпыережелер
1.1. Осы Ереже ҚР Конституциясының, «Білімтуралы» ҚР Заңының, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»
ҚР Заңының, «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017.14.02 № 66 бұйрығының, «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»
ҚРБілім және ғылым министрінің 2012.08.11 № 500 бұйрығының негізінде қолданылады.
1.2. Науқас балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру сырқатына байланысты білім беру ұйымында оқи алмайтын 18 жасқа толмаған 1–11 сынып оқушыларының мемлекеттік білім беру стандартының аясында білім беру бағдарламаларын меңгеру міндетін көтереді.
2. Науқас балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру
2.1. Жалпы білім беретін ұйымның оқу бағдарламасына кіретін пәндер бойынша бөлінген сағат шегінде үйден оқыту жүзеге асырылады.
2.2. Ата-ананың мектеп директорының атына жазған өтініші, емдеу мекемесінің ДКК медициналық қорытындысы науқас балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыруға негіз болады. Психофизикалық даму ерекшеліктері бар балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы керек. Әрбір нақты жағдайда жеке оқытуды бастау мен өткізуге мектеп директорының бұйрығы негіз болады.
2.3. Науқас балалармен үйде жұмыс істейтін мұғалімдерді тағайындаған кезде осы сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдер басымдыққа ие болады.
2.4. Сабақ кестесі мұғалім негізгі санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып әзірлейтін базалық оқу жоспарының, жеке оқу жоспарының негізінде жасалады, ол ата-аналармен келісілед іжәне үйден оқуға жетекшілік ететін мектеп директорымен бекітіледі.
2.5. Баланы үйден оқытатын мұғалім өткен сабақтарды есепке алу журналын толтырады, мұнда сабақтың күні, өткен материалдың мазмұны, оны меңгеруге кеткен сағат саны жазылады.
2.6. Балалар білімі жүйелі түрде бағаланып отырады: сәйкес сыныптың сынып журналына білім алушының оқуүлгерімі, сыныптан сыныпқа көшуі және мектепті бітіруі туралы мәліметтер енгізіледі.
2.7. Білім алушыларды аттестаттау мен ауыстыру «Білім туралы» ҚР Заңына және Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2008.18.03 № 125 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жүзеге асырылады.
2.8. Баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу мектептік ПМП-консилиум арқылы жүзеге асырылады.
2.9. Науқас балаларды үйден оқытуды ұйымдастырумен жүзеге асыруды бақылауды мектеп ішілік инспектілеудің аясында мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет