Балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы (4 -апта) 28. 04-02. 05. 14ж Апта тақырыбы: «Жыл құстары»



Дата25.12.2016
өлшемі327,53 Kb.
#4488
Балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы (4 -апта)

28.04-02.05.14ж

Апта тақырыбы: «Жыл құстары»

Мақсаты: Жыл құстары туралы білімдерін кеңейту. Көктемде ұшып келетін құстарды ажырата білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру.


Күн тәртібінің үлгісі және оның қысқаша мазмұны

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

«Қатынас»

«Таным»

«Шығармашылық»


«Таным»

«Қатынас»

«Шығармашылық»


«Әлеуметтік»

«Денсаулық»

«Шығармашылық»

«Шығармашылық»

«Таным» «Шығармашылық»


«Шығармашылық»

«Денсаулық»

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Таңғы жиын.


Таңғы жиын

«Сәлеметсің бе,жаңа күн!»



Мақсаты:Балаларда демалыстан кейін бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас туғызу.

Дидактикалық ойын «Құстар»

Мақсаты: балалардың көктемде ұшып келетін құстар жайлы түсініктерін кеңейту.

Таңғы жиын

«Біз біргеміз!»



Мақсаты: достық қарым-қатынас қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Жыл құстары»

Сурет бойынша әңгіме

Мақсаты: Балалардың құстарды әсемдігін сипаттауға үйрету.

Таңғы жиын

«Біз өсіп келеміз!»



Мақсаты:

Балаларға жағымды көңіл күй туғызу.



Дидактикалық ойын

«Құстар дауысы»



Мақсаты:

Балаларды құстар дауыстарын ажыратып, есту қабілетін дамыту.



Таңғы жиын

«Доспыз»


Мақсаты: Достыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын

«Бұл қай құс?»



(Жұмбақ шешу)

Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Таңғы жиын

«Сәлем, қасиетті күн!»



Мақсаты: жұма күнге жағымды көңіл күй туғызу.

Дидактикалық ойын

«Ұшады, ұшпайды»



Мақсаты:

Есте сақтау, шапшаң болуға тәрбиелеу.



Еңбек әрекеті


Бөлме гүлдерін суару

Экологиялық орталықта құралдарды ретке келтіру



Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық орталықтарды ретке келтіріп отыру. .

Мақсаты:

Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Жуылған ойыншықтарды жинап ретке келтіру.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.

Бөлме гүлдерін суару, жапырақтарының шаңын сүрту

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Экологиялық орталықта құралдарды ретке келтіру.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Саусақ жаттығулары

«Балта мен балға»

Балтамен ағаш шабамын,

Балғамен шеге қағамын

Үйім дайын болғанда

Шақырамын қонаққа

Келіңдер, келіңдер

Маған қонақ болыңдар

Мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын және тілін дамыту.


«Тоқылдақ»

Тоқ-тоқ-тоқ тоқылдақ,

Тоқтамайды тоқылдап,

Отыр әне ағашты,

Тұмсығымен соққылап.

Мақсаты: қол моторикасын дамыту есте сақтау қабілеттерін дамыту.


«Ұшақ»

Ақ бұлттардан асатын,

Аппақ ұшақ жасадым.

Алыс елге мен енді,

Жылдам ұшып барамын.

Мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.


«Қаз»

Қаз қанатын жазады,

Ұзын мойнын созады,

Жақын келген баланы,

Шоқып, тістеп алады.

Мақсаты:ұсақ қол моторикасын дамыту


«Тордағы құс»

Обал жасап құстарға,

Торға қамап ұстама,

Құс боп неге жаралды?

Еркін самғап ұшпаса

Мақсаты:

балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.



Таңғы жаттығу


2- кешенді жаттығу

2-кешенді жаттығу

2- кешенді жаттығу

2- кешенді жаттығу

2- кешенді жаттығу

Гигиеналық шаралар


«Біздің орамалдар»

Мақсаты: Орамалды дұрыс пайдалануды қалыптастыру.

«Ыдыс-аяқты дұрыс пайдаланамыз»

Мақсаты: Ас ішу кезінде ыдысты дұрыс пайдалануды қалыптастыру.

«Киімді дұрыс кійеміз»

Мақсаты: Серуенге шығарда және келген кезде киімді дұрыс бүктеп жинауға дағдыландыру.

«Таза қолдар»

Мақсаты: Сабынмен қолды дұрыс жууға дағдыландыру.

«Шашымызды жинайық»

Мақсаты: Шашты тарап, әсемдікке тәрбиелеу.


«Ойнай отырып, үйренеміз»

(ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)

Технологиялық карталар:

«Тіл дамыту»

«Қоршаған орта»

«Жапсыру»


Технологиялық карталар:

«Құрастыру»

«Көркем әдебиет»

«Хореография»



Технологялық карталар:

«Экология»

«Дене шынықтыру»

«Музыка» «Ағылшын тілі»

Технологиялық карталар:

«Сурет» «Математика»

«Хореография»


Технологиялық карталар:

«Музыка»

«Дене шынықтыру»

«Табиғатқа біргеміз»

Серуенге дайындық.

Серуен:

Бақылау, ойын және еңбек әрекеті.

Серуеннен қайту.

Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

Аспанды бақылау

Мақсаты: аспандағы өзгерістерді бақылауға үйрету.

Д/о: «Жыл құстары»

Мақсаты: балалардың жыл құстары туралы білімдерін кеңейту.

Еңбек әрекеті

Ойын алаңын қоқыстан тазалау



Мақсаты: Тазалыққа тәрбиелеу.

Қимылды ойындар

«Тырналар-тырналар»

«Ұшты-ұшты»

Мақсаты: Балаларды шапшаң, жылдам болуға тәрбиелеу.


Қарлығашты бақылау

Мақсаты: Қарлығаштың ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту.

Д/о: «Бұл қай құс?»

Мақсаты: Жыл құстары туралы білімдерін пысықтау,Құстар туралы жұмбақтар шешу.

Еңбек әрекеті:

Ойнаған ойыншықтарын жинау..



Мақсаты: еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.

Қимылды ойындар:

«Құстар секілді»

«Қыз қуу»

Мақсаты: балалардың қимыл белсенділігін дамыту.


Ағаш бүрлерін бақылау

Мақсаты:көктемгі ағаш өзгерістерін байқату.

Д/о: «Ненің дауысы?»

Мақсаты: Балаларды құстардың дауысын ажыратуға үйрету.

Еңбек әрекеті:

Құмды ортаға үю, айналасын сыпыру.



Мақсаты: еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.

Қимылды ойындар

«Бөрік лақтыру»

«Саңырауқұлақ терушілер»

Мақсаты: Зейінді, жергілікті жерді бағдарлай білу икемділігін дамыту. .


Адамдардың көктемгі киімдерін бақылау

Мақсаты:

Адамдардың көктемгі киімдері туралы білімдерін пысықтау. .



Д/о: «Артығын тап»

Мақсаты:Ой-өрісін,есте сақтау қабілетін, тілін дамыту.

Еңбек әрекеті: Ойын алаңындағы қоқысты жинау

Мақсаты: ойын алаңын тазалықта ұстауға тәрбиелеу.

Қозғалмалы ойындар:

«Қаздар, қаздар»

«Көкпар»

Мақсаты: балалардың белсенді қозғалуларын дамыту.


Көліктерді

бақылау

Мақсаты: жеңіл автомобиль және оның бөліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру, көліктегі қауіпсіздік ережесін бекіту.

Д/о: «Кімнің құсы алысқа ұшады?»

Мақсаты: ептілікті дамыту

Еңбек әрекеті Ойыншықтарды жинау,дәлізді сыпыру.

Мақсаты: еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.

Қимылды ойындар

«Күміс алу»

«Тартамыз-тартыламыз»

Мақсаты: балалардың белсенді қозғалуларын дамыту


«Оянамыз, оятамыз»

Сергіту жаттығулары

Нүктелік массаж

Шынықтыру шаралары

Біртіндеп ояту

Жалпақ табандылыққа қарсы тақтаймен жүру

Төсек үстінде гимнастика «Қоңыздар»


Біртіндеп ояту

Салқын сумен жуыну,

Нүктелік массаж

Төсек үстңнде гимнастика

«Мысықтар оянады»


Біртіндеп ояту

Төсек үстінде жаттығулар жасау.

Дымқыл орамалдың үстімен жүру.


Біртіндеп ояту

Жалпақ табандылыққа қарсы тақтаймен жүру





Біртіндеп ояту

Уқалау денелерін,арқалары-мен жатып аяқтарымен велосипед тебу.




«Алақай, ойын!»

Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар


Үстел ойындары:

«Монтессори ойындары», «Цилиндрлік блоктар»

Лото «Құстар әлемі»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шағын топтарда ойнауғы үйретуді жалғастыру.

Сюжетті-рөлдік ойындар: «Дүкенде»

Мақсаты: балаларды сатушы мамандығымен таныстыруды жалғастыру, бір-бірлерімен қарым-қатынас нығайту.

Ойын: «Тез жауап бер» (антоним сөздерді айту)

Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.



Үстел ойындары:

«Түрлі-түсті пирамидалар»



Мақсаты: балаларды

бөлшектерді құрастыруға үйрету.



Мақсаты: жоспар бойынша жұмыс жасай білуге үйрету.

Сюжетті-рөлдік ойын: «Құрылысшы»

Мақсаты: Құрылысшы мамандығы жайлы түсініктерін кеңейту. Диалогтық сойлесуді дамыту. Құрылысшы құралдарын дұрыс пайдалануға дағдыландыру.

Үстел ойындары:

«Сиқырлы сандар»



Мақсаты: Сандар туралы білімдерін кеңейту, қол моторикасын дамыту.

Сюжетті-рөлдік ойындар: «Жүргізуші»

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, қиялын дамыту.

Ұлттық ойын: «Тақия тастамақ »

Мақсаты: Балаларды ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

«Үстел ойындары»

«Көңілді кубиктер »



Мақсаты: Кубиктерді пайдаланып, құрастыруға үйрету.

Сюжетті-рөлдік ойын: «Аспазшы»,

Мақсаты: Балаларды аспазшы мамандығының ерекшеліктерімен таныстыру.
Тіл жаттығулары: «Шегіртке»

Шегіртке болып(ш) дыбысын айтып көр.



Мақсаты: Тілдерін дамыту

Үстел ойындары:

«Кюйзнер санамақтары»



Мақсаты:

Ойлау қабілеттерін, қол моторикасын дамыту.



Ойын жаттығуы

«Жұбын тап»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету, үй құрастыруға дағдыландыру.

Трафаретпен жұмыс: «Жыл құстары»

Театрландырылған іс-әрекет

Фланелеграфта ертегі көрсету:

«Мақта қыз бен мысық»



Мақсаты: фланелеграфты пайдалана отырып, өздіктерінен ертегі айта білуге үйрету.


«Жабайы қаздар» ертегісін сахналау

Мақсаты:Баланың қиялын дамыту, кейіпкерлердің дауыс ырғағын қимылын келтіруді қалыптастыру.

Үстел үсті театры:

«Қасқыр мен түлкі»

Мақсаты:

тапқырлыққа тәрбиелеу,ертегінің соңын өз қиялдары бойынша аяқтау

арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.


«Алдар Көсе мен Шығайбай»

ертегісін сахналау



Мақсаты:

Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету.



Саусақ театр-ойыны

«Үйшік»


Мақсаты: сүйікті ертегіні оқу арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Аз қозғалмалы ойындар


«Теңіз толқиды»

Мақсаты: Балалардың есту, есте сақтау қабілетін дамыту.

«Ойлан, тап»

Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.


«Сақина салу»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық, ойлап табу, ой-қиялын дамыту.

«Жұмбақ жауабын тап»

Мақсаты: Ойлап табу қиялын дамыту.

«Айна»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігінсақтау

Тақырыбы: «Жемістер мен көкеністердің адам үшін пайдасы»

Мақсты: Балаларды дәрумендер ұғымымен таныстыру. Жеміс-жидектер және олардың тамақтанудағы маңызы жайлы білімдерін бекіту.Зейінін, логикалық ойлау қабілетін, дұрыс тамақтану әдебіне тәрбиелеу қайталау.

Жеке жұмыстар


Надир, Мұхаммет, Адина.

«Кеңістікті бағдарлау»

«Оң және сол», «алдында-артында», «астында-үстінде»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.


Т. Амир, А. Айзере Сурет бойынша әңгіме

«Табиғат аясында»



Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрет, тілдерін дамыту

Т. Сабина, Бөртебегім, «Пішіндерді ажырат»

Мақсаты: Балаларды әр түрлі пішіндерді ажыратуға үйрету.


Алижан, Қажымұқан

«Құстар әлемі»



Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, тілдерін дамыту.


Абылайхан, Махаббат

«Не өзгерді?»



Мақсаты:

Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.




Балалардың еркін әрекеті

балалардың еркін ойындары

Мақсаты:бірлестікте ойнау.

балалардың еркін ойындары

Мақсаты:

Шығармашылық-тарын дамыту.





балалардың еркін ойындары

Мақсаты:

Қиялын жетілдіру.



балалардың еркін ойындары

Мақсаты:

Ұқыптылыққа,жина-қылыққа тәрбиелеу.



балалардың еркін ойындары

Мақсаты:

Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге және бағалай білуге тәрбиелеу.




Күні:28.04.2014.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі .Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Құстар қайтіп келді..

Мақсаты: 1. Ұшып келетін құстар жайлы мағлұмат беру.

2. Құстарды бір-бірінен айырып, аттарын атай білуге үйрету.

3. Құстар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын-тапсырмалар орындату

Көрнекіліктер: Құстардың суреті.

Билингвалдық компонент: Жыл құстары-перелетные птицы, қарлығаш-ласточка, аққу-лебедь, қараторғай- скворец.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Дидактикалық ойын
Сергіту сәті

Көркем сөз.

Жеке жұмыс

Рефлексивті-түзетушілік

Жұмбақ

  1. Көктемде жеткен,

Күзде кеткен

Қиқулап келіп,

Қиқулап өткен

(құстар)
2.Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.

(қарлығаш)

3.Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс.

(қараторғай)

4. Су бетін сызып,

Ақ құман сызып жүр.

(аққу)

-Бұл құстарды қандай құстар дейміз?

-Неге жыл құстары дейміз?

-Тағы қандай жыл құстарын білесіңдер?

«Құстарды ажырат»

Үстелдің үстінде әр түрлі құстардың суреті, жыл құстарын тауып тақтаға ілу.


Орнымыздан тұрайық

Қолымызды жаяйық

Құс боп қанат қағайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

1.Шағала келмей –жаз болмас.


2.Аққу –құстың патшасы.

Тең келмейді басқасы.


«Жыл құстары»

Қыстап қалатын құстарды көк түспен, жыл құстарын қызыл түспен қоршау.


Көктем, көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Мақтау-бағалау.


Балалар жұмбақтарды шешіп, неге олай ойлайтындарын толықтырып айтады, орысшасын да атап өтеді.

-Бұл құстарды жыл құстары дейміз.

-өйткені олар қыстан қорқатын, жылы жаққа ұшып кететін құстар.
-шағала, тырна, көкек т.б.
Балалар кезекпен шығып жыл құсын тауып, атап тақтаға іледі.

Орындарынан тұрады

Қолдарын жаяды

Құстың қанатындай қолдарын жазып ұшқандай қимыл жасап, орындарына отырады.

Мақалдарды жаттап, мазмұнын түсінеді.

Балалар алдарындағы құстардың суретінің ішінен қыстап қалатын құстарды көк түспен, жыл құстарын қызыл түспен қоршап сызады.


Өлең сөздерін бірігіп қайталайды.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:.Жыл құстарын.

Нені игереді: Жыл құстарын қыстап қалатын құстардан ажыратады.

Нені біледі: Көктемде жыл құстарының туған жерлеріне оралатынын.

Күні:28.04.2014.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі .Тіл дамыту.

Тақырыбы: Көктем жаршылары.(сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты: 1.Балалардың көктем құстары туралы білімдерін кеңейту.

2. Көктем жаршыларының әуенін ести отырып, дыбыстарды естіп, ажырата білуге үйрету. Құстар туралы көркем сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын байыту.

3. Инабаттылыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгіме.

Көрнекіліктер: Құстар суреттері, құстардың дауысы жазылған үнтаспа.

Билингвалдық компонент: қарлығаш-ласточка, тырна-лебедь, көктем-весна, ұя-гнездо.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын


Тыйым сөздер


жаңылтпаш
Рефлексивті-түзетушілік

Жылулық шеңбер

«Көктем келді»

-Күн, сен неге күркірейсің?

-Жаңбыр, сен неге сіркірейсің?

-Құстар, неге сайрайсыңдар?
-Көктемнің келгенін қайдан біледі екенбіз?
-Көктемді орысша қалай айтамыз?

Құстардың дауысы жазылған үнтаспаны тыңдату, суретін тапқызу.

-Құстардың осылай сайрағанын біз қыста естійміз бе?
Дұрыс айтасыңдар, құстар сайрап көктемнің келгенін жар салады, яғни біз құстарды «көктем жаршылары» дейміз.

-Балалар қай құс өзіне ұя жасай алмайды?


«Қараторғайға ұя»

Балтамен ағаш шабамын,

Балғамен шеге қағамын,

Үйім дайын болғанда

Қонаққа мен шақырам,

Келіңдер, келіңдер

Маған қонақ болыңдар.

«Құстар қалай дыбыстайды?»

Балаларға әр түрлі құстар суретін көрсетемін, олар қай құс екенін атап дауысын келтіреді.


Құсты таспен атпа.

Ұяны бұзуға болмайды.

Аққуды атуға болмайды.
Көп көкек, көкектеп

Көктем келді.

Көкек кеп.
-Көктем жаршылары деп қандай құстарды айтамыз?

-Құстарға қатысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Өздерін бағалату.


-Көктем келді, көктем келді!

-Көктем келді, көктем келді!

-Көктем келді, көктем келді!


-Күн күркірейді, жаңбыр жауады, құстар сайрайды.

-Көктемді орысша весна дейміз.

Балалар құстардың дауысын ажыратады,қай құстыкі екенін айтады және суретін тауып көрсетеді.
-Жоқ, естімейміз, бұл жыл құстарының дауыстары.

Балалар зейін қойып тыңдайды.


-Қараторғай өзіне ұя жасай алмайды, оған ұяны адамдар жасап береді.

Мазмұнына қарай қимыл көрсетеді.


–қарға қарқылдайды-қарқ-қарқ..

-сауысқан сақылдайды-сақ-сақ.

т.б

тыйым сөздерді бірге қайталап естеріне сақтайды.

Жаңылтпашты жаттап, жаңылмай айтады.


-Жыл құстарын көктем жаршылары дейміз.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:.Көктем жаршыларын.

Нені игереді: Құстарды дауысынан танып ,ажыратады.

Нені біледі: Құстар туралы көркем сөздерді.

Күні:30.04.2014.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі .Экология.

Тақырыбы:Құстар қайтіп келді.

Мақсаты: 1. Балаларды қарлығаш құсымен таныстыру.

2. Маусымдық өзгешіліктер туралы түсініктерін бекіту, қарға мен сауысқанды сыртқы түріне қарай ажырата білуге үйрету.

3.Құстарға қамқорлық болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қарлығаш, қарға, сауысқан басқа да құстар суреттері.

Билингвалдық компонент Қарлығаш-ласточка, қарға-ворона, сауысқан-сорока.:

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Сергіту сәті


Дидактикалық ойын

Топтық жұмыс.

Рефлексивті-түзетушілік

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз!

Жайнай түсті даламыз!

Алақан жылуы арқылы бір-біріне құстардың атымен еркелетіп жақсы сөздер айтқызу.
Жұмбақ жасыру.

Бұдыр-бұлдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа

Үй салды жабыққа.

(қарлығаш)

-қарлығаш екенін қайдан білдіңдер?

-Қарлығаштың суретін тапқызу сипаттату.

Жетелеуші сұрақтар қойып, ойларын толық айтқызу.

-Жыл құсы деп қандай құстарды айтамыз?

-Тағы да қандай жыл құстарын білесіңдер?

Жұмбақ

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң.

Қыпылықтап жүргені.

(сауысқан)

Қара түсті қарқылдақ

Ұшып қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тқмдап.

(қарға)


«Құстар қалай ұшады»

Ойыны

Қарға ұшар қарқылдап,

Торғай ұшар шырылдап,

Сауысқан ұшар сақылдап,

Қарлығаш ұшар шықшықтай.

-Қарға мен сауысқан жыл құстарна жата ма?


«Кім тез»

Мақсаты: құстар туралы білімдерін жетілдіру.

Кішкентай карточкаларға әр түрлі құстар, үй жануарлары, үй құстары, т.б. суреттер салынған. Балалар оларды жіктеп, тақырыпқа сай жинастырулары қажет.

«Құстар біздің досымыз» өлеңімен қорытындылау.

Біз қамқоршы баламыз,

Құстарға ұя саламыз

Жем-су беріп қыс бойы

Балапанын бағамыз.

Мақтау, достарын бағалату.




Балалар бір-бірінің қолынан ұстап бір-біріне құстардың атымен жылы сөздер айтады: көгершінім, бұлбұлым, қарлығащым, балапаным т.б.


-Қарлығаш.

-Қарлығаш ұяны балшықтан жасайды.

-Бұл- қарлығаш оны орысша ласточка дейміз, оның бауыры ақ түсті, құйрығы айыр құс, ол күзде жылы жаққа ұшып кетеді, оны жыл құсы дейміз.

-Күзде жылы жаққа ұшып кететін құстарды, жыл құстары дейміз.
Білетін жыл құстарын атайды.

Балалар жұмбақ шешуін тауып, суретіне қарап сол құс туралы толық сипаттайды.


Балалар құстардың дауысын келтіріп ,қимыл қозғалыстар жасайды.

-Қарға мен сауысқан қыстан қорықпайтын құстар, олар жыл құстарына жатпайды.
Балалар үш топқа бөлініп суреттерді жіктеп, тақырыпқа сай жинастырады. Тез жинаған топ ұтады.

Балалар өлең сөздерін бірге қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қарлығаш құсын.

Нені игереді: Сауысқан мен қарғаны сыртқы түріне қарай ажыратады.

Нені біледі: Жыл құстарын

Күні:28.04.2014.

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі .Жапсыру

Тақырыбы:Құстар қайтіп келді.

Мақсаты:

1. Құстар жайлы білімдерін жалғастыру. Қарлығашты жапсыруға үйрету.

2. Қол қимылын дамыту. Құстың басы, денесінің көлем қатынасын дұрыс жапсыруға үйрету.

3. Ұқыптылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, жапсыру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қарлығаш, қарға, сауысқан басқа да құстар суреттері.

Билингвалдық компонент Қарлығаш-ласточка, қарға-ворона, сауысқан-сорока.:

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық кезең.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Сергіту сәті

Сурет бойынша жұмыс:

Қарлығаштың бейнесін қарап шығады, оның ерекшелігін талқылайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Жылулық шеңбері:

Тәрбиеші балаларға құстың ойыншығын бейнесін немесе оның суретін көрсетіп, мейіріммен өлендерін айтады.



Жұмбақ жасыру.

Бұдыр-бұлдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа

Үй салды жабыққа.

(қарлығаш)

-қарлығаш екенін қайдан білдіңдер?

-Қарлығаштың суретін тапқызу сипаттату.

Жетелеуші сұрақтар қойып, ойларын толық айтқызу.

-Жыл құсы деп қандай құстарды айтамыз?


-Тағы да қандай жыл құстарын білесіңдер?
Жұмбақ

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң.

Қыпылықтап жүргені.

(сауысқан)

Қара түсті қарқылдақ

Ұшып қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тқмдап.

(қарға)


-Олар қандай құстар?

«Құс болғым келеді»



Сергіту сәті

Қане,қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайқ, орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ боп шоқиық
Балалар көктемде қандай құстар ұшып келеді?

-Жақсы балалар мына суретке қарайықшы не көріптұрсыңдар.

-Қайсылары көп, қайсысы аз.

-Қалығаштын көңіл күйі қандай.

Балалар олай болса қарлығаштын көңіл күйін көтеріп оған достар жапсырып берейік.

Балалар алдарына қараңдаршы нелер жатыр?

-Қалығаштың түсі қандай?

-Құйрығы қандай?

Тәрбиеші дайын қарлығаштың үстіне қағазды(қара және ақ қағазды) шымшып жыұлу арқылы қарлығаштың үстіне жапсрады. Дайын қарлығашты құстар бейнеленген суретке апарып жапсырады.

-Балалардың өзіндік іс-әрекет(тәрбиші нұсқауымен, көмегімен)

-Балалар қарандаршы жалғыз қалған қарлығаштың достары қаншама олар кимдердин арқасы?

(Басты қарлығаштың орнын ауыстыру)

-Енді қарлығаштың көңіл күйі қандай?

-Құстарымыыз қандай болып шықты?

Балалардың жұмыстарын талдап мақтау.


Балалар бір-бірінің қолынан ұстап

-Терезеге қонған құс, асықпашы,ұшпашы.

Отыра тұршы аз ғана-ай! Ұшып кетті-ау, ай-ай.

Балалар жұмбақты шешеді, неге ойлай екенін түсіндіріп айтады.

-Қарлығаш.
-Қарлығаш ұяны балшықтан жасайды.

-Бұл- қарлығаш оны орысша ласточка дейміз, оның бауыры ақ түсті, құйрығы айыр құс, ол күзде жылы жаққа ұшып кетеді, оны жыл құсы дейміз.

-Күзде жылы жаққа ұшып кететін құстарды, жыл құстары дейміз.

Білетін жыл құстарын атайды.

Балалар жұмбақ шешуін тауып, суретіне қарап сол құс туралы толық сипаттайды.

Қарға мен сауысқан қыстан қорықпайтын құстар, олар жыл құстарына жатпайды.


Балалар мәтнге қарай қимыл қозғалыс жасайды.

-Қарлығаш, тырна, аққу, торғай
-Мына суретте құстарды (қарлығашты, тырна, торғай)

-торғай мен тырна көп ал қарлығаш біреу.

-Қарлығаштың көңіл күйі көңілсіз.

-Балалар келіскендерін білдіреді.

-Балалар алдарындағы құралдарын кезек айтады.

-Ақ және қара түсті

-Қарлығаштың құйрығы айыр.

-Балалар тәрбешінің ісіне зейн қойып тындап көріп тындайды.

-Балалар жұмысты ұқыпты, таза жасайды

-Қарлығаштың достары көп болғаны ол біздің «Бәйтерек» тобының арқасы.

-Қарлығштың көңіл күйі өте көтерінкі.

Құстар өте әдемі?



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жыл құстарын бір-бірінен ажыратады атай білу керек

Нені игереді: Жыл құстарын мен суықтан қорықпайтын құстарды ажыратады.

Нені біледі: жапсырудың әдістерін, еңбек нәтижесіне жетуді біледі.

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы

29.04.2014ж
Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: «Құрастыру»

Тақырыбы: Құстардың ұясы

Сабақтың мақсаты:


  1. Құрастырудың жолдарын үйретуді жалғастыра отырып өздері білетін құстарға арнап ұя жасату.

  2. Қол машықтарын дамыту

  3. Іс-әрекет қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Ойыншық балапан, құстардың тіршілігі бойынша слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сипаттау, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау-мадақтау, құрастыру.

Блингвалдық компонент: Жер- земля, ғарыш- космос,зымыран-ракета.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Іздене-ұйымдастырушы



Дидактикалық ойын:

Сергіту сәті

Рефлексифті

түзетуші


Жылулық шеңбері:

Тәбиеші кішкентай ойыншық үлпілдек балапанды алып, оған жылы тілектер айтуды сұрайды.

-Мен сендендерге осы балапан яғни құстар туралы айтып берейн.
-Құстардың тіршілігі туралы әңгімелеседі.

-Дала құстары табиғатта өз бетінше тіршілік ете отырып әр түрлі жағдайды бастан кешіреді.

Олар бір-бірінің жұмыртқаларын жеп қоюы, ұясын бұзып кетуі мүмкін. Сонымен қатар балалардың да балапандарды үйлеріне алып кетуі кездесіп отырады. Құстың ұясын көрсен тиспе диді

-Тағы қандай тыйым сөздер білесіңдер?


«Суреттерді топтастыр»

Тәрбиеші балаларға жыл құстарының суретін қарап шығады, өзара салыстырады.

-Тәрбиеші «қарлығаш суретінің жне балапанының» қиылған бөліктерін құрастыруды тапсырады.
Шықан сретпен жұмыс

- суретке назар аударайықшы?

-Қай құс бейнеленген?

-Балапаның түсі қандай?

-Қарлығаштың түсі қандай

-Қарлығаш қандай құс?


«Ұшты-Ұшты» ойыны

Ұшты-ұшты, қарлығаш.

Ұшты-ұшты, қарындаш ұшты.

Ұшты-ұшты, арба ұшты.


-Суретте не жетіспейді қалай ойлайсындар?
-Балапан қайда болу керек?

-Ұя болу үшін не істеуге болады? Алдарына қараңдаршы.

-жақсы балалар қарлығаштың балапанына ұя жасап берейік.

-Ол үшін мына суреткеназар аударайық.

-Ұя қандай пішінге ұқсайды?

Жұмыс тәртібін көрсету :

-Ұяны шыбық арқылы тоқимыз.

-Ұяны қай бөлігінен бастап орындаймыз?

-Дұрыс айтасындар шыбықтарды айқастыра отырып жасайды

-Ішіне мақта салып жұмсақ болуын қадапғалаймыз№

Балалардың іс әрекеті:

Балалардың дайын жұмысын талдау:

-Қарлығаш ұясын қайда салады?

-Кай досынды мақтайсын? Себебі?

«Қарлығаш» танграмм ойыны.

Тәрбиеші ір балаға қарлығаштың бейнесі салынған сурет және оның бірнеше бөліктерге бөлінген қиындыларын береді. Суретке қарап қарлығаштың бейнесін қиындылар арқылы құрастыруды тапсырады.

-Балалар балапаның көңіл күйі қандай?


Балалар қолдарынан ұстап шеңбер бойымен тұрады.

-Кішкентай балапан үлкен құс болып өс.

-Бақытты ьол

-Балапан мықты бол т.б

Балалар тәриешіні мұқият тындайды.
Тыйым сөздер

Құстардың ұясын бұзба.

Құстың балапанына тиспе.

Құсқа тас лақтырма.


Балалар берілген дене мүшелерінің суретін бір-бірден тақтаға шығып қай дене мүшесі екенін айтып отырады

(тұмсығы, қанат, мойны, қауырсыны т.б)

Балалар суретке назар аударады.

-Суретте қарлығаш және балапаны бейнеленген.

Балалардың жауабы.

-Киелі құс.


Балалар зейінді болады

Қарлығыш ұшады балалар қанатарын жайып ұшады.

Қарындаш ұшпайды.

-Балалар суретке мұқият қарап не жетіспейтігін айтады.

-Балапан ұяда болу керек.

-Алдымызда шыбық бар олардан ұя жасауға болады.


-Ұя сопақ, домалақ пішінді болады.


-Ұяны төменгі жағынан бастаймыз

Балалардың жұмысын көрмеге қоямыз.


-Қарлығаш ұясын үйге, ағашқа салады.

Балалар қарлығаштың және балапаның ұяда отырған суретін құрастырады.



Балапаның көңіл-күйі өте көңілді.


Күтілетін нәтиже:

  1. Нені білу керек: Құрлыс материалдарын атайды, ажыратады.

  2. Нені игереді: Құрастыру әдістерін меңгереді

  3. Нені біледі: Құрлыс материалдарымен жұмыс жасау тәтібі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет