Балалардың психикалық дамуларының қозғаушы күштері



бет4/4
Дата10.12.2021
өлшемі15,89 Kb.
#78788
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (1)

Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.

Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім

келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».

1. Даму үдерістері оқыту үдерістерімен сәйкес келмейді. Даму үдерістері оқыту үдерісінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.

2. Оқыту үдерісі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.

Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.



Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларды атаңыз.

2. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы»деген жаңа ұғымы туралы.

3. Оқыту мен даму проблемасы.

4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.

5. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер.




Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014



4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет