Жүргізуші: Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгін сүйікті ақынымыз М.Әлімбайдың шығармашылығымен тереңірек танысу үшін 1997 жылы “Санат” баспасынан шыққан 2 томнан тұратын таңдамалы шығармалар жинағы бойынша “Мұзафар ақын еліне” саяхат жасаймыз. Ақынның шығармаларының қос томдығы - оның ондаған жылда орнатқан қос бөлмелі құтханасы. Ал құтханасының әрбір бөлімі бір-бір ауылға бергісіз тамаша өлең-жыр, аңыздардан тұрады. Ендеше бірнеше ауылдан тұратын құтхананың төріне озыңыз! Жыр дастарханынан дәм татыңыз! Жылылық тапсаңыз, қалауыңызға жақса, жиі-жиі соғып тұрыңыз! Сапар барысында кітапханамыздың ең үздік оқырмандары атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Өлеңді нақышына келтіріп оқыған жас ақындарымызға арнайы сыйлықтар беріледі. Сонымен, кешікпей саяхатымызға аттанайық!
(Алдын ала үнтаспаға жазып алынған ат айдаушы даусы мен ат тұяғының дүбірі естіледі)