Протеинурия деңгейі шумақтардың зақымдалуына байланысты болады. Әлсіз байқалатын және оңай өзгеретін протеинурия подоциттердің зақымдалуына тән болса: тұрақты, ұзақ және ауыр өзгеретін түрі базальды мембрана және эндотелийдің зақымдалуына байланысты болады. Жазылар алдында зәрде белок жоқ болып кетеді.

5. Гематурия - бұл ЖГН-тің маңызды диагностикалық белгісінің бірі.
5. Гематурия - бұл ЖГН-тің маңызды диагностикалық белгісінің бірі.
Микрогематурия /бірең-сараңнан 30-40 эритроциттерге дейін/ макрогематуриядан 2 есе жиі кездеседі, яғни эритроцитердің диапедез арқылы зақымдалған шумақтардан зәрге өтуі. Микрогематурия дайлы белгі, бірақ ол ұзақ байқалатын протеинуриямен қосарлануы жәйсіз болады.
6. Лейкоцитурия - ЖГН-те 20-30-дан аспайды.
7. Цилиндурия - ісік синдромында жиі кездеседі. Олардың пайда болуы бүйректің зақымдалуын көрсетеді және олардың пайда болу себебі белок несепте қышқыл реакцияда бүйрек түтікшелерінде оралады олардың пішінің қабылдайды сөйтіп гиалинді цилиндрлер пайда болады.

Оған эритроциттер қалдықтары жабысса дән тәрізді цилиндрлер пайда болады, ауыр жағдайда эпителиалды және балауыз тәрізділері байқалады. Жедел гломеруонефритте эритроцитарлы және гемоглобинді, сиректеу лейкоцитарлы түрлері анықталады. [1,2,3,4]
Биохимиялық өзгерістер:
1. Қандағы азот пен мочевина деңгейі шумақтардың зақымдалу дәрежесіне байланысты өседі.
2. Шумақтық сүзілудің төмендеуі. Агональды кезеңінде 50% дейін төмендейді. Ауру беті қайтуына байланысты оның деңгейі өседі.
3. Қандағы белоктың өзгеруі-ісіну синдромдағы гипопротеинемия, λ2 және G глобулиндердің артуына байланысты пайда болатын дисглобулинемия.