Пиелонефриттің дамуына баланың осы ауруға бейімділігіне ықпал етеді, бейімділік факторларын жасына байланысты қарау қажет:

- жаңа туған кезеңде жүктілік кезіндегі анасының, туу кезіндегі патологиялардың, асфиксияның, сепсистің, тұқым қуалау бейімділігінің, бүйрек пен несеп жолдарының морфологиялық және
- функциональдық толық дамымауының маңызы бар /шумақ фильтрациялық, концентрациялық қабілетінің физиологиялық нашарлығы, капиллярлар торының дұрыс жетілмеуі, шумақтардың куб тәрізді эпителиінің нашар жетілуі. Генле тұзағының және өзекшелердің дистальды бөлігінің қысқа болуы, нефрондардың ферменттік активтілігінің толық жетілмеуі және т.б./
Емшек жасындағы балаларда: рахит, Д гипервитаминозы, ЭКД, жасанды сүт тағамдарымен тамақтануы, жедел вирусты және вирусты-бактериальды, респираторлы инфекциялар, ас-қорыту жолының аурулары.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда, әдетте, туа болған бүйрек және несеп жолдарының аномалияларымен тубулопатияларына байланысты, екінші реттік пиелонефриттер дами бастайды. Сонымен қатар, созылмалы инфекция ошақтары мен ас қорыту жолының дискенизиясы да ықпал етіп отырады.
Бейімдеу факторлары, баланың бейспецификалық иммунитетің нашарлатып, инфекцияның пайда болып, тарала бастауына әсерін тигізеді. Лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігінің, фагоцитарлы индекстің қан сарысуының комплементарлы белсенділігінің көрсеткіштері төмендейді және қандағы иммуноглобулиндердің басқа да субкласстары азаяды да бүйрек жинақтауы артады. [1,2,3,4]