Баланың ойлау қабілетін дамыту


Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,91 Mb.
#35198
1   2   3

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Түсінік хат

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:

мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;

кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады

Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер

1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару

Тәсілдің жақсы жақтары Тәсіл кемшіліктері

Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге болады Ұйымдастырушылық:жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.

Психологиялық: толымсыздық комплексін қалыптасады.

2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)

Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек, оқушы өз күшіне сенуі керек. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп уақыт кетеді.

3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы

Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайды Белсенді оқушы белсенділігі төмен оқушыны басып тастайды, өз пікірін міңдеттейді

4. Жұптық жұмыс

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге жағдай туады Оқушылардың белсенділіктерінің төменділігі – оқу мотивациясының төменділігі

5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай туады Танымдық әрекеттерге кедергі болып оқушы сабақты «ойынға» айналдыру қаупі бар

6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқалады Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы

7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс

Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі керек. Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.

8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту

Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды Мектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға қиындық туғызады

9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

Кедергілерді жеңе білу Қоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады

10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары

Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата – аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы

Мақсаты:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;

оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;

сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;

үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, тарих пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Міндеттері:

әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау

мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;

үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

оқу бағдарламасына сай білімді өз дәресенде меңгереді;

пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;

ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.

Негізгі принцип:

нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;

нашар үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру;

жазуға биылдықты жүргізілетін жұмыстар (көшіру, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

жазбаша жұмыстар, тесттер (ескерту, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

сөздік жұмыстарын жүргізу;

оқушылардың оқыған ғылыми мақалаларға байланысты реферат жазу.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгерімі төмен

оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы

1 Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, білім деңгейінің төменділігінің себептері, мінезі, жанұя жағдайы. Қыркүйек

2 Әр сыныпқа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын бекіту Қыркүйек

3 Қосымша сабақтар өткізу.

Аптасына бір рет

4 Жеңілдетілген түрде тапсырмалар беру.

Үнемі

5 Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуге жүктеу. Үнемі



6 Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған кім жылдам атты интеллектуалды ойын өткізу. Үнемі

7 Тоқсан сайын байқау тестілеудің қорытындысы бойынша мониторингін жүргізу. Тоқсан сайын

8 Ата-аналармен, сынып жетекшілермен үнемі байланыста болу. Үнемі

9 Оқушыларға психологиялық, ақпараттық қолдау көрсету. Үнемі

10 Басқа пән мұғалімінің сабақтарына қатысу.

Үнемі


Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты.

Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.

2. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.

3. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

№ Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

Берілетін тапсырмалар Орындауға берілетін жұмыс

1 Жаңа тақырыпты игерту Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.

2 Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу

1.Тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу

2. Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау

Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.

3 Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту 1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.

2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

Сөзжұмбақ жасау.Тест құрау

4 Шығармашылық жұмыстарға баулу Әр тарауды ең маңызды тақырыптары бойынша реферат жаздыру

2.Пайдалы құралдарға сипаттама жасату

Реферат жазу

5 Сөйлеу қабілетін дамыту 1.Үй тапсырмасын сұрау

2. Ауызша сұрақтар қою .Ауызша жауаптарын талдау

Бекітемін:

Тақырыбы: «Қуана, шаттана білейік!»

Мақсаты: Түзете-оқыту: ойын-жаттығулар арқылы оқушылардың білім дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу;

Түзете-тәрбиелеу: жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру;

Түзете-дамыту: ойын-жаттығулар арқылы оқушылардың жан-дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал ету, психикалық процестер, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

Өтілу түрі: тренинг-ойын сабақ.

Көрнекілігі: доп, суреттер, дәйек сөз, дидактикалық тапсырмалар.

Өтілу барысы:

1.I. Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

1.II. Тренинг.1.«Менің есімімді ата» жаттығу.

Нұсқау: Қазір мына кішкентай доп қолдарыңызға тиеді. Бұл допты ұстаған оқушы өз есімін айтуы тиіс.

1.«Сәлемдесу» жаттығу

Нұсқау: Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.

1.«Радио»

Нұсқау: Балалар шеңберге отырады.

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бір кішкентай қыз бала жоғалып кетті (шашы, түсі, киімі, бойы айтылады)». Балалар жан-жағына қарап кім туралы айтып жатқанын айтып, атын атауға тиіс.

1.Тапсырма: «Жоғалған санды тап».

Нұсқау: Суреттен жоғалған сандарды табу.

1.III. Тренинг.1.«Мен күнмін»

Нұсқау: күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиетін, жетістігін, өнерін жазады.

2. «Қате айна»

Нұсқау: Қазір біздер айна сияқты ойнап көрейік. Екі-екіге бөлініп, біреуің адам, екіншісі айна боласыңдар (орындарын ауыстырады).

3. «Жыл мезгілдері» жаттығу (сергіту сәті).

Нұсқау: Ойынға қатысушылар рет-ретімен жыл мезгілдерін айтып шығады. Әр топтан бір жүргізуші сайланады. Жүргізуші бір би қимылын жасайды, қалғандары қайталайды.

4. Тапсырма: «Суреттерді аяқта».

Нұсқау: Берілген үлгі бойынша суреттерді тез аяқтау (1-2 секунд).

1.- Қуаныш, шаттық дегеніміз не?

- Не үшін қуана білу керек?

- Қуаныш, шаттық неден басталады?

- Неліктен адамдар қуанып жүруді ұнатады?

«Күлкі түрлері» ойыны (2 топқа бөлінеді).

1-топ. Көңілді түр жасаймыз.

2-топ. Көңілсіз түр жасаймыз

- Ендеше, балалар, қараңдаршы бізге қай топ көбірек ұнайды?

Дәйек сөз: «Қуаныш-өмір шаттығы» (халық нақылы).

1.V. 1.«Шеңбер бойындағы доп» ойыны.

Нұсқау: Балалар белгі бойынша допты бір-біріне береді. «Тоқта» деген белгі берілген кезде тоқтатылады. Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтата алмаған балалар ойыннан шығады.

2.«Мен бақытты боламын!» (баяу музыка жіберу)

Бетімізден самал жел лебі еседі.

Кенеттен баяу жел соғады (қолдарын жан-жаққа шайқалтады).

Бір мезгілде аспанға бұлт төніп жаңбыр жауа бастайды (қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады).

Бір кезде күн шығады (қолдарын жоғары көтереді).

Гүлдер құлпырып, жайнап ашыла бастайды (шеңбер құрып, гүл шоғына айналады).

Міне, осы иісі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, жақсы достарымызға сыйлаймыз.

1.Қорытынды.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да (өзін көрсетеді)

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да (досын көрсетеді)

Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)

Көңілді кетті көтеріп (шапалақтайды).

Импульсті өткізу.

Нұсқау: балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп, мына сөздерді айтады:

«Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз!»

Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясын қолданудың тиімді жолдары.

Қоғамымыздың болыпжатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді.

Ең алдымен білім мазмұнын жаңартуды оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді қажет етіп отыр.

Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер инновациялық тәжірибе – бұл жаңалықты ендіру емес, бұл педагогикалық, шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді.

Оқыту прцессі екі жақты болғандықтан, тек мұғалім өзінің ғана іс-әрекетін дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс.

Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технология түрлерін өз сабағымда қолданып, баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыруға жаңа технология түрлерімен де жұмыс жүргізіп келемін.

Қазіргі заманғы оқу орындарында жаңа технологияларды енгізу, шәкірттердің білім сапасын және мақсаттарын оқыту процессінде Ильинше айтсақ «Әрбір сабақ – жаналық» болуы шарт дегенді қалайды.

Орыс аудиториясында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөзін түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

Осы орайда жүргізілетін жұмыстардың түрлері әр алуан. Соның бірі ойын. Интеллектуалдық, грамматикалық және дидактикалық ойындар сабақтық тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы ол қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін калыптастырады.

Жаңа сөздерді қайталау, бекіту мақсатында қолданылатын ойын жаттығулар мен олардың әр түрлі тақырыптық нұсқалары оқушылардың сөздік қорын ғана арттырып қоймайды, сөзді жандандыра түседі.

Жаңа сабақты түсіндіргенде де, өткенді қайталау кезінде де, сабақты пысықтау – қорытындылау кезеңінде де ойын элементін қолдану жөн. Мысалы, бастауыш сыныптарда мынадай ойындарды қолдануға болады.

«Керекті сөзді тауып айт».

Ойынның мақсаты – ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді тауып айтуға жаттықтыру. Әуелі ойын тәртібі түсіндіріледі, содан кеәін басқарушы «Киім» дейді. Оқушылар киімдерді атауы керек. Ал басқарушы көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар жөне тағы басқа сөздерді атаса, оқушылар сол топқа заттарды атауы тиіс.

«Қатеңді тап».

Ойынның мақсаты: сауаттылықты, сауаттылық ережесін қалыптастыру.

Сөздердің жазылуын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Бұлойынды бастауыш сыныптардада, жоғары буындарда да қолдануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Дайындық кезінде мұғалім мәтін құрастырады. Бұл мәтінде арнайы қателер жіберілуі керек. Қателер өтілген тақырыптар бойынша болады.

5-6 сыеныптарда пайданылатын ойындар:

1. Көп әңгімем, олеңім

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.

(Кітап, книга, book)

2. Түнде бармын, күндіз жоқпын

(Жұлдыз бен ай, звезды и луна, moon and stars)

3. Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң екеусің.

(Айна, зеркало, mirror)

4. Қыста келген, көктемде еріген.

(Қар, снег, snow)

5. Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен.

(Пияз, лук, onion)

Бекітемін:

«Лингвист» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша сөздік қорын, сөздердін дұрыс жазылуын және дұрыс айтұлуын тексеру.

Ойынның шарты: Балаларға әр түрлі тақырыпқа сүреттер ұсынылады. Ол суреттерге осы тақырыпқа байланысты заттар бейнеленген. Әрбір заттың немесе нәрсенің тұсында сандар көрсетілген. Оқушы осы суреттегі заттарға, тұсындағы сандарға қарап, қағазға олардың атауларын жазады. Әрбір суретке 15 сөз жазу керек. Оқушы білген сөздердін жазып болғаннан кейін монитордан сол суреттер бойынша жазған сөздерін тексере алады. Мониторда тақырыптық сурет, суреттің жанында берілген сандар бойынша дұрыс нұсқаларды, ал курсорды сол заттың тұсындағы санға апарса, оның дұрыс жазылуы, айтылуы және аудармасы шығады.

Ал жоғарғы сынып оқушылары арасында «КВН», «XXI ғасыр көсбасшысы», «Алғырлар мен тапқырлар», тағы басқа әр түрлі сайыс ойындарды өткізуге болады.

«Алғырлар мен тапқырлар» ойыны.

Ойынның мақсаты: Қазақ ұлттық дәстүрлері төңірегіндегі ұғым – түсініктерін кеңейту, ойлау дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін өрістету, дамыту.

Ойынның шарты: 3 ойыншы қатысады. Әр ойыншы асық таңдайды, асықтың түсіне байланысты жолға барып тұрады. Тақырып таңдайды.

Сары жолға тұрған ойыншыға жеңіл сұрақ, жасыл жолдағы ойыншыға орташа сұрақтар, қызыл жолдағы ойыншыға күрделі сұрақтар беріледі. Сары жолдағы ойыншыға 5 сұрақ, жасыл жолдағы ойыншыға 3 сұрақ, қызыл жолдағы ойыншыға 2 сұрақ қойылады.

Сонымен, қорыта келгенде, қазақ тілі сабағында осындай ойын технологиясын қолдану өте тиімді. Оқушылардың тіл байлығы, ой - өрісі, белсенділігі артады. Осындай ойындар – оқушылардың жан - жақты білім алуына, өмір тәжірибелерін кеңейтуге, дүниетанымын жетілдіре түсуіне көмектесетін аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Ойын оқушыларға қызықты әсер қалдырады.

Мақсаты: оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Амандасу рәсімі.

ІІ. Кіріспе сөз.

Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға, жолдастарыңызға байланысты. Өз мінез-құлқына басқалар тарапынан баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі шақтан өздеріңізді жоғалтып алмас үшін, алдыңызға айқын мақсат қойып, қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек.

Бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз. Жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут беріледі. Бірнеше қатысушыдан ойлаған ойлары сұралады.

Өмірде тыныштық болса екен

Балалығым бақытты кезеңдерге толы болса екен.

Міне осындай жағымды ойлар өмірге, болашаққа үміт пен сенімділік әкелетінін әркез ойымыздан шығармайық.

Екінші тапсырма: «Менің мейірімді істерім». Өздеріңіздің соңғы кездерде жасаған мейірімді істеріңіз туралы баяндап бересіздер. /Мейірімді істері жайлы талдау. Мейірімді істеріңіз басқаға және өзіңізге не берді?/

«Түрлі қасиет сататын базар» ойыны

Жаман қасиеттерімізді сатып, жақсы қасиеттерді сатып аламыз. Жақсы қасиеттерімізді ақшаға емес, жаман қасиеттерге айырбастаймыз.

Сатып аламын Сатамын

(жақсы қасиеттер) (жаман қасиеттер)

«Күн шуақты алаңқай…» /баяу музыка үнімен/

Көздеріңізді жұмып, 3 рет терең демалыңыздар. Сіздер Күн шуақты алаңқайда жүрсіңдер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің, қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар. Енді әркім өзінің таңдап алған гүлінің суретін салып, біздің күн шуақты алаңқайға ілеміз.

Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер? Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Олай болса, әркім өзінің таңдаған гүлінің суретін салып, алдына қойған мақсат тілектерін жазып, біздің Күн шуақты алаңқайға ілейік.

«Сыйлық» жаттығуы

Оқушыларға 3 кішкене қағаз таратылып беріледі. Адамның жақсы қасиеттері жазылады. Ол мөлдір пакетке салынады. Оқушылар бір-бірлеп қағазды алып, оқып, осы мінез-құлық қасиет кімге тән деп ойласа, сол оқушыға апарып береді. Барлық қағаз біткенше ойнала береді.

Рефлексия:

— Сізге өзіңіз ойламаған қасиет түсті ме?

— Берілген пікір орынды ма?

— Қандай сезімде болдыңыз?

«Мен өзіме тілейтінім…»

Қазір өзіңе тілейтін тілектеріңді жазуға болады, бірақ «қазіргі уақытқа» емес, «болашаққа» бағыттайсыздар. Бұл хаттарды дауыстап өз қалаулары бойынша оқытылады.

Әрқайсыңыз бір-бір үйдің, отбасының жайқалып өсіп келе жатқан гүлісіздер. Олай болса, сіздердің осы өмірде өз орындарыңызды тауып, дұрыс жолды таңдап одан әрі жайқалып өсе беріңіздер.

Данышпан философ Фалес айтқандай,

Дүниедегі ең үлкен нәрсе-Кеңістік,

Бәрінен жүйрік-ой,

Бәрінен дана-уақыт,

Бәрінен жеңіл-басқаға ақыл айту,

Бәрінен қиыны-өзіңді-өзің тану.

Қорытынды: біз өзімізді, өз іс-әрекеттерімізді, істеген ісіміз бен ойлаған ойымызды үнемі бақылап отыруымыз керек. Өздеріңе дұрыс баға бере алатын адамдар, өздерінің дұрыс бет бейнесін білетіндер. Әр адам өз өзін тануға, білуге ұмтылуы керек, сол кезде ғана ол өз ішкі дүниесінің әміршісі бола алады.

Бекітемін:

Тақырыбы : Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.

Мақсаты: Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).



«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.



Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы:«Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.



Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан

геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:



  1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;

  2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

  3. Үй құрастыру;

  4. Жалауша құрастыру;

  5. Жұлдызша құрастыру;

  6. «Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)



Саусақ жаттығулары

  1. Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

  2. Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

  3. Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

  4. Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.



Саусақтар жүреді :

Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Жануарларды жақсы көремін»

Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.

Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Жануарларды қорғауға, оларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сабаққа қажет құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: балалар ақын - жазушыларының кітаптарынан көрме, жан - жануарлардың суреттері, нақыл сөздер.

Сайыстың барысы:

1 - жүргізуші: - Армысыздар көрермен қауым. ПДТ сыныптары арасында

« Жануарларды жақсы көремін» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.

2 - жүргізуші:

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

Бір ойым жүрегімде қаза болып,

Бір ойым көмейімді қалды тіреп,

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем

1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,

1. Ақындардың өлеңдерінен тақырыпқа сай бір шығарма болу керек.

2. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.

3. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).

4. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

2 - жүргізуші:

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,

1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары –

2. Мектеп кітапханашысы –

3. Координатор -

1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар

4 - сынып оқушылары

-------------------------------

3 - сынып оқушылары

-------------------------------

2 - сынып оқушылары

-------------------------------

Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.

1 - Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.

2 - жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен байқауымыз аяқталды!

Назарларыңызға көп рахмет!

«Бекітемін»___________________
Тақырыбы: Достық жылы күлуден басталады

Мақсаты: жағымды эмоциялық көңіл-күйді орнату,қарым-қатынас дағдысын дамыту, оқушылардың мектепке бейімделуін қалыптастыру, психологиялық жетелеу.

Күтілетін нәтиже: құрбылармен жағымды қарым-қатынас қалыптасады, мектепке бейімделу кезеңі жұмсарады

Сәлемдесу: 5 мин

Қане, балалар, бір -бірімізге күлімдеп қарап, көршіміздің есімін айтып, мен сенімен дос болғым келед,і деп айтамыз. Мысалы: «Сәлем, Алмас , мен сенімен дос болғым келеді !»

Балалар бір- біріне күлімдеп қарап амандасады


Негізгі бөлім ұйымдастыру-іздену

«Аңшы» жаттығуы

10 мин

Мақсаты: оқушылардың бұлшық еттерінің босаңсуына көмектеседі.



Бір күні аңшы аң аулауға шығады. Бас киімін киеді, аяқ киімін киеді, қаруын алады...

Жол бойымен жүреді (аяқтарыңмен еденді ұрады)

Құмнан өтеді (алақандарын уқалайды)

Көпірден өтеді (төсін жұдырықтап ұрады)

Батпақтан өтеді (қол шапалақтайды)

Өткелден өтеді- («У-ф-ф» шаршадым) Ағашқа отырып, жаң жағына қарап ағаш арасынан аюды көріп, қорқып кейін қарай қашады.

Балалар сендерге аңға шығу ұнады ма? Егер балалар шаршамаса жалғастыруға болады.

оқушылар жүргізушінің нұсқауы бойынша сөзбен қимыл- қозғалысты қайталайды.

Оқушылар өз ойын айтады.

«Тоты құс» жаттығуы.

10 мин

Мақсаты: қысқа мерзімді есті, зейінді, фонетикалық естуді дамытуға көмектеседі (жақсы нәтиже болып - 5 буыннан көп есте сақтау б.т).



Өту барысы: Бір ыстық елде сиқырлы тоты құс өмір сүрген,ол барлық дыбыстарды жатқа білген. Енді балалар менің артымнан қайталаңыз тоты құс сияқты:

То-ца


То-ца-му-дэ

То-ца-му-дэ-ни

То-ца-му-дэ-ни-зу

То-ца-му-дэ-ни-зу-па

То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки

То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки-ча

Оқушылардан жаттығу туралы ойын сұрау қажет. Балалар сендерге буындарды қайталау қиын болды ма? Егер ия болса қай буындар қайталауға қиын болды? Оқушылар ойы әр кезде ескерілу қажет. Жаттығу барысында оқушыларды жалықтырып алмау керек.
Қорытынды.
«Бекітемін»___________________

«Паровоз» жаттығуы

5мин

Мақсаты: Баланың зейінің анықтауға көмектеседі.



Өту барысы: Оқушылар екіге бөлінеді. Жүргізуші қолын көтергенде оң жақта отырған оқушылар қол шапалақтайды, сол жақта отырғандар алақандарын «қайықша» жасап қол соғады. Екі қолды көтерген балалар «ту-ту!!» деп айқайлайды. Мұнда балаларға сіз жазғы демалысқа бара жатып жолда болған оқиғаны айтып бастауға болады.

«Асқардың қатесі» жаттығуы 5 мин

Мақсаты: оқушылардың зейінің дамыту. Балалар ,менің үстелімде сөмке жатыр. Оны маған қоңырау кезінде 1 сынып мұғалімі әкеліп берді. Оның сыныбында Асқар деген оқушы мектепке оқуға кейбір керек емес заттарды әкеліпті. Осыны анықтау үшін сөмкені бәріміз бірге тексерейік. Мектепке керек зат болса сендер алақандарыңмен шапалақтаңдар, ал егер керек емес зат болса аяқтарыңмен еденді ұрасыңдар. (Әліппе, доп, қаламсап, жұмсақ ойыншық, дәптер, секіргіш, санау таяқшалары, математика, түрлі-түсті қаламдар және т.б.)

Оқушылар заттарға зейінін аудара отырып, қимылдарды орындайды



Жаттығу «Күн шуақты

алаңқай»

5 мин


Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: Елестетіңдер, күн шуақты көк шалғын алаңқайда демалып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңе қарайды. Көздеріңен беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен сипалаңдар. Ол ары қарай маңдайларыңа, мұрындарыңа, ауыздарыңа, беттерінің ұшына, иектеріңе түсті. Одан кейін мойындарыңнан, қолдарыңнан, денелеріңнен, арқаларыңнан сипап өтті. Күн шуағы сендерді жылытты.



«Күн шуақты аланқай» қызыл - сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Өздерің ұнатқан гүлді түйіп, жылы лебіздеріңді, тілектеріңді білдіріңдер.

Баяу музыка қосылады

Рефлексті-қорытындылаушы

Кері байланыс

5 мин

Қорытындылау



Балалар сендерге не ұнады? Не ұнамады? Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар? Ал енді ,балалар ,осындай жақсы көңіл-күймен тренингімізді аяқтаймыз.

Балалар жауаптары



«Бекітемін»___________________
Түзете-дамытушылық: Қабылдаудың таңдамалылығын, тұтастығын, бейнелі-логикалық, көрнекі-бейнелік ойлауын, зейін тұрақтылығын, шоғырлануын, бөлінуін дамыту, бейнелік, сөздік есте сақтауын, қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға баулу. 

Білімділік: Көктем туралы білімдерін-біліктілігін әрі қарай жетілдіру. Көктемгі өзгерістерге мән беріп, табиғат құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Айналада болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін тиянақтау. Сабақтың мақсаты. Балалардың көктем туралы ұғымдарын бекіту.



Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық

- Сәлеметсің бе! Бүгін бізде ерекше сабақ болмақ, себебі бүгін біздің сабаққа қонақтар келді. Қане, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!



Орнынан тұрып, келген қонақтармен амандасады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Негізгі бөлім

- Бүгінгі тақырыппен таныспастан бұрын, үстел үстіндегі жатқан қиынды суреттерді құрастырып көрейікші.

- Қандай сурет пайда болды?

- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көктем» деп аталады.

- Суретте не нәрселер бейнеленген?

 

 

- Енді, назарымызды слайдқа бұрайық (слайд бойынша көктем мезгілінде болатын өзгерістерді, ерекшеліктерді атау).



- Бізге қонаққа тұмсығына хат қыстырған қарлығаш келіпті. Бұл хатта не бар екенін көрейік.

- Қарлығаш бізге тапсырмалар әкеліпті, егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, қарлығашқа бұл тапсырмаларды кім бергенін білетін боламыз (әр тапсырманы орындаған сайын көктем ханшайымының келбеті бөлшекпен шығады).

1 тапсырма: «Көктем ерекшеліктері»

 

2 тапсырма: «Сөйлемдегі қатені тап»



 

Ойын: «Ұшты-ұшты»

 

3 тапсырма: «Әңгіме бойынша боя»



 

4 тапсырма: «Әріптерді орналастыр»



Үстел үстіндегі қиынды суреттерді құрастырады (көктем мезгілінің суреті шығады).

 

- Көктем мезгілінің суреті.



 

 

 



- Күннің көзі, бүршік атқан ағаш, гүл теріп жүрген қыз, жылғада қайықпен ойнап жүрген бала, ұя салған құстар.

Слайд тамашалайды.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Көктем мезгіліне қатысты суреттерді тақтаға іледі.

 

Мағынасы бойынша дұрыс құрылмаған сөздерді тауып, дұрысын айтады.



Орнынан тұрып, ойын ойнайды.

Әңгіме ішінде кездесетін түстерді есінде сақтағаны бойынша бояйды.

Әріптерді өз орнына қойып оқиды.


Қорытынды бөлім

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін слайдта көктем ханшайымының бейнесі шығады.

- бізге тапсырмаларды жіберген көктем ханшайымы екен.

- бүгін біз сабағымызда не туралы айттық?

- көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

- Бүгін сабақта шаршаған боларсың, олай болса тынығып алайық.

Релаксация «Көктемгі табиғат»

- Көктем ханшайымының саған арнаған сыйлығы бар екен, қабыл ал.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, келген қонақтармен қоштасайық.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

 


 

 

 



 

 

Сұрақтарға жауап береді.



 

 

 



 

 

 



Орындықта отырып тынығады.

 

 



 

Қонақтармен қоштасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет