Баланың өміріне қауіп төндіретін зиянды заттардың салдарын айту.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Алтынай Байжумановна интернет желісінде отыру уақытын қадағалап,баланың қандай желінде отырғанын міндетті түрде қадағалап отырыңыздар.Ойындардың әсер ету ықпалдығы, баланың өміріне үлкен қауіп төндіріп жатқандығын жақсы білесіздер.Мектепке келер кезде баланың көңіл-күйіне көңіл бөліңіздер.Сумкасын міндетті түрде қарап қадағалаңыздар. Мектепке адам өміріне қауіп тудыратын суық қарулар әкеліге болмайтынын ескертіңіздер.Мектепке артық зат алып келмеуіне сақ болыңыздар.Басқа балалардың оқыстан жарақат алуын алдын ала сақтықпен және жауапкершілікпен қараңыздар.Әлеуметтік желіде көп отырған оқушының өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтындығы,сағат сайын дәләлденіп отыр.Сондықтан балаларымызға әлеуметтік ойындарды ойнауға жол бермеңіз.Ұялы телефондарға ата-анасы ретінде қадағалап отыратын бағдарламаны орнатыңыздар.Өз балаңызға,өзге балалардың өміріне қауіп тудырмауын міндетті түрде қадағалаңыздар. Балалардың бос уақытында үйірмелерге қатысуын ата-аналарға ескертілді.
Ата-ана Ата – аналар жиналысқа қатысып өз ойларын ортаға салды,мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысуға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ата – аналар тарапынан тікелей қолдау керек екендігі айттылды.
Мектепте баланың толық білім алып, тәрбиелі болуына ұстаздар қауымының жасап жатқан еңбегінің өлшеусіз екендігін барлық оқушы, ата-ана мектеп ережесіне толық бағынып дұрыс азамат болып қалыптасуына жағдай жасауды дұрыс деп есептейтіндігін айттылды.
Күн тәртібіндегі мәселе тыңдалып,талқылай келе жиналыс қаулы етеді:
1. Мектептің ішкі ережесіндегі көрсетілген басымдықтар назарға алынсын.
2. Ата – ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күшейтілсін.