«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»кмм



Дата02.07.2018
өлшемі15,68 Kb.
#45688
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»КММ

Садуакасова Жанар Саятовна

Балқаш тарихи-өлкетану музейі

ІІ. Тәрбиелік мақсаты: 
Білімділігі: 
Балқаш кентінің тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі жайлы, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 75 жыл көлемінде қаланың өсіп даму барысы жайлы оқушыларға жалпы түсінік беру; 
Дамытушылығы: 
аумақтық тұтастығын сақтай білгендігін нақтылай отырып, оқушылардың тіл байлығын, тарихи танымын, ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау. 
Тәрбиелілігі: 
Оқушылардың еліне, Отанына деген суйіспеншілік сезімін арттыру, ұлттар арасындағы достық сезімдердің қалыптасуына, 
елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу. 

Оқушылар іздену жұмыстарын жүргізеді.Бірнеше бөлімге бөлемін,сол бөлімдер юойынша жұмыс жасайды.Музейге барады.

Мұғалім:Балқаш тарихи-өлкетану музейі Негізі қаланған: 1 қаңтар 1970 жыл. Ресми ашылуы: 25 қыркүйек 1973жыл.Мұражайдың жалпы ауданы: – 1443,3 шаршы метр

Мазмұны


1-топ.1 Экспозициялар

2 топ.Тақырыптық көрмелер

3 топ.Презентациялық блок

Махаббат Аманжол:Экспозициялар

«Қазақтың халық аспаптары» экспозициясы әртүрлі саз аспаптарының макетімен толықтырылды, ол ақпараттық базаны жақсартты. «Өлкенің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі» залында Балқаш өңірінің флорасы мен фаунасы берілген. Ең қызықты зал — археология залы, онда пештің макеті, петроглифтер, тасмүсіндер т.б. қойылған. Жерлесіміз, «Құрмет» орденінің иегері суретші — өңдеуш Қрым Алтынбековтың тақырыптық жиыны ашылды.

Саматова Мадина:Тақырыптық көрмелер

Презентациялық блок

«Мыс алыбының пионерлері». Бірінші мыс балқымасын алуға қатысушы А. Тлеуғабыловтың 95 жылдығына орай

«Балқаштүстіметалл» ӨБ –нің көрмелері:

«Балқаш – металлургтер қаласы »

«Балқаш мысы — республика байлығы»

Аманкелсін Айдана:Әйгілі адамдардың мерекелік даталарына:

Академик А. Мусин (туғанына 100 жыл толуына)

Алғашқы құрылысшы В. И. Язев

«Ғарышқа жол» Белгілер, пошта маркалары мен открыткалар көрмесі

«Металлургтер қаласы». Балқаш қаласының 70 –жылдығына.

«Академик А. Х. Марғуланның өмірбаяны». Туғанына 105 жыл толуына.

«П. А. Соловьев – Балхаш тәжірибе алаңының директоры».

«Балхаш – достық пен бірліктің қаласы» Қазақстан халықтарының бірлігі күніне.

«Балқаштықтар – Жеңіс күніне»

«М. И. Городецкий — ҚазКСР құрметті өнертапқышы»

«Көктем бейнесі. Балқаш суретшілері жұмысының көрмесі.»

«ГУЛАГ аралдары. Саяси қуғын – сүргін күніне.

«Солтүстік Балқаш өңірі: жануарлар мен өсімдіктер әлемі»



Өлкетанушы Ю. Поповтың жеке жиынтығы және т.б. Бұл 10 дәптерден артық мақалалар мен очерктер, зерттеулер, хаттар, кітаптар. Келушілерді Ю. Поповтың мына тақырыптары қызықтырады: «Орталық Қазақстанның флорасы мен фаунасы», Бақанас – Тоқырауын су бөлігі туралы, Балқаш көлі және Жетісу облысына саяхат, Орталық Қазақстанның өзендері, Балқаш ғылыми- кәсіпшілік экспедициясының Бетпақ –Далаға барған жұмысы туралы, Орталық Қазақстандағы бағбаншылық пен көгалдандыру туралы. Жазушылар М. Пришвин, Марков, Л. Мартынов туралы материалдар өте қызықты, әйгілі ғалым – математик А. Ермеков туралы, композитор Тәттімбет туралы, ақын – кен білгірі Нарманбет туралы, академик О. Жаутіковтың хаттары мен әңгімелер жазбасы. Кітаптарының, жазбаларының ішінде «Қарқаралы өрнектері», «Қарқаралы олжалары», «Олар Сары-Арқа жадында» жұмыстары өте әйгілі. О. Жаутіковке, қазақтардың ішінде алғашқы болып физика – математика ғылымдарының кандидаты атағы 1944 жылы берілді. Ақын, өлкетанушы Нарманбет туралы, оның халық соты, болыс болғандығы, оның Томск тау-кен басқармасына Балқаш болысындағы кен орындарына барлау жұмыстарын жасауға сұраным қағаздар жібергендігі туралы қызғылықты деректер бар.Қазақ өлеңдерін жинаушы А. Затаевичтің өмірі мен шығармашылығы, виртуоз – домбырашы М. Ержанов туралы, Балқаш өңірінің акыны және әртісі Шашубай туралы.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет