Патогенезі.
Аурудың патогенезі ашылмаған. Ақуыздың жоғары транссудациясы
ішек лимфа тамырларында қысым жоғарлағанда байқалады. Бұндай аурулардың аш
шегінің лимфа тамырларының эндотелиальдық жасушаларында интрацеллюлярлы
фибриллдері қалыпты жағдайдан көп болады. Экссудативті энтеропатия ішек
мембраналарының макромолекулалар үшін өткізгіштігінің артуынан дамитын болса керек.
Бұның себебі ішек қарын клегей қабатындағы диффузды макро-, микроскопиялық,
бүтіндігі бұзылмайтын, өзгерістерден болуы мүмкін.
Экссудативті энтеропатия протеинрея (нәжіспен белоктің жоғалуы), гипопротеине-
мия, диспротеинемиямен жүреді. Нәжіспен бірге иммуноглобуллиндер жоғалады. Қанда
липидтер, холестерин мөлшері азаяды. Науқастар нәжіспен кейбір асқорыту ферменттерін,
энзимдер ингибиторларын, кальцийді және басқа заттарды жоғалтады.
Айқын гипопретеинемия қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне әкеліп,
капиллярлардан тіндерге сұйықтықтың транссудациясына ықпал етеді. Екіншілік, су мен
натрийдің организмде жиналуымен, гиперальдостеронизм дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |