Крон ауруы
– жиі рецедивті созылмалы ағымы
бар ішек-қарын жолдарының
грануломатозды зақымдалуы. Ауру көбіне мықын ішегінің соқыр және мықын ішектің
шеткі бөлігін зақымдайды, бірақ тоқ ішектің, аш шектің сол жақ бөліктеріде, тіптен
өңештің, асқазанның және он екі сақиналы ішектіңде зақымдалуы мүмкін. Крон ауруының
клиникалық көрінісінде БЖК ұқсастығы көп (диарея, мелена, салмағының азаюы, өсуінің
тоқтауы), бірақ ауру одан енжарлау және торпидті дамиды, қан кету көп уақыт бойына
жасырын дамуы мүмкін
(116 кесте).
116 КЕСТЕ
БЖК МЕН КРОН АУРУЫНЫҢ АНАМНЕЗ БЕН КЛИНИКАЛЫҚ
МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША АЖЫРАТУ
Белгілері
БЖК
Крон ауруы
Іш аурулары
Іш ауырсынуның
орналасуы
Перианальды
зақымдалулар
Ректальды қан кетулер
Нәжіс жиілігі
Торлану (қоректік)
жағдайы
Ішті пальпациялағанда
ауырсыну
Сирек, ішектің босау алдында
Сол жақ мықын аймағы
Сирек
Жиі
Тәулігіне 10 рет және оданда көп
Көп жағдайда қалыпты
Шамалы, солжақ мықын
аймағында
Жиі ұзақ ауырсыну
Оң жақ мықын аймағы
Жиі сызаттар, жылан көз,
абсцесстер
Сирек
Шамал арытқан
Төмендеген
Іштің төменгі бөлігінде
Оң жақ мықын аймағында, аппендицитті имтациялайтын ауырсну байқалуы мүмкін.
Анальды және прианальды аймақтардың зақымдалуы (терең сызаттар, жылан көз,
парапроктиттер) тән. Ауру баяу, бірақ тұрақты үдемелі дамиды, емге нашар көнеді. БЖК
және Крон ауруының ажырату диагнозында эндоскопиялық және гистологиялық
зерттеулер, ирригография маңызды орын алады
(117 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |