Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ортостатикалық протеиурия



Pdf көрінісі
бет1111/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1107   1108   1109   1110   1111   1112   1113   1114   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ортостатикалық протеиурия.
Протинурияның адамның тұрғанда оң болып,
жатқан кезде теріс болатын түрін ортостатикалық деп атайды.
Дені сау балаларда
белоктың зәрмен бөлінуі тәулігіне 100-150 мг болуы мүмкін. Дененің вертикалды
қалпында белок жоғалту жатқан қалпынан қарағанда 5-15 рет артық. Дененің вертикальды
қалпында зәрмен белоктың бөлінуі әдетте 300 мг/кг құрайды. 
Диагноз пациенттің вертикалды және горизантальды қалыпта болуынан кейінгі
жиналған зәр порциясындағы белок санын салыстыра отырып, ортостатикалық сынама
арқылы қойылады. Ортостатикалық протинурия емді қажет етпей спотантты 15-18
жылдан кейін кетеді. 
Емі:
ГНС-ның жедел түрі ауруханада емделеді. 
Төсектік тәртіп біртіндеп жағдайының жақсаруы мен ісіктің жойылуына байланысты
кеңейтіледі. 
ГНС емдәмі алғашқы күндері тұссыз, суды, мал майлары, ащы тамақтарды
шектеумен болады. Емдәмнен арнайы IgЕ табылған тамақтар алынып тасталады.
Тәуліктік сұйықтық көлемі өткен күнмен +15 мл/кг дене салмағына есптелінеді. Диетада
белок тәулігіне 2,5 г/кг болуы керек. 
Зәр анализі қалыпты болып, ісіктер кеткен соң рационға ас тұзы тәулігіне 0,5г
қосады, белокты 3,5-4,0 г/кг-ге жеткізеді. 
Сұйықтықты шектеген кезде де аурудың бастапқы кезеңінде ісік сақталса диуретик-
тер тағайындалады- фурсемид (2мг/кг) және верошпиронмен (2,5 мг/кг) қосарластырып
күніне 2 рет береді. Олигоурияны қалпына келтірген соң калийдің орнын толтыру үшін
калийлі емдәм (картоп, банан, мейіз, өрік т.б) мен препараттар тағайындалады.
Патогенетикалық терапияның негізгі жолы – глюкокортикоидтарды қолдану. 
ГНС дебюті кезінде преднизолон 60 мг тәулігіне 1м
2
дене беткейіне (2-2,5 мг/кг
тәулігіне) глюкокортикоидтардың тәуліктік инкрециясын есептеп (1/3 мөлшерінсағат 8-де,
1/3 доза сағат 11-де, 1/3 сағат 13-те) 4 апта бойы беріледі. Сосын 40 мг/м

альтернирлеуші
тәртіпте 4 апта бойы беріп, кейін мөлшерін азайтады. Төмендетудің 2 әдісін қолданады: 
1) Біртіндеп ½ таблеткадан (2,5 мг) 2 рет аптасына 0,5 мг/кг-ға дейін, 4-5 айға дейін,
содан соң біртіндеп тоқтатады. 
2) 4-6 апта бойы 2 мг/кг мөлшерде күн ара, одан әрі 0,5 мг/кг-ға 2-4 апта әрі қарай
тоқтатады. 
ГНС-ның гормондық емі алғашқы курсы 3 айдан кем емес және 6 айдан артық
болмау керек. Науқасқа өршу немесе қайталау болғанда гормон мен емдеу қайталанады.
5 апта бойы глюкокартикоидты емнен әсер болмаса метилпреднизолонмен
көктамырға 25-30 мг/кг мөлшерде есептеп күніге немесе күнара үш ретті пульс-терапия
жүргізеді. Гармонға төзімділік болса немесе гармонға үйреніп кетушілік болғанда
глюкокартикодтпен бірге иммунодепресанттар (хлорбутин, лейкеран, хлорамбуцил)
немесе циклоспорин А, кейде цитостатиктер (азатиоприн, циклофосфан) қолданылады. 
Бактериальды инфекция ошақтары болған кезде антибиотиктер тағайындалада,
вирусты гепатит В-виферон және интерфирондар, герпетикалық инфекцияларда –
ацикловир тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1107   1108   1109   1110   1111   1112   1113   1114   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет