Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕСІНІҢ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет129/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.2. БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕСІНІҢ ДАМУЫ
Адамдардың денесінің өсуі дегеніміз морфологиялық және әрекеттік (функциональ-
дық) белгілердің өзара тығыз байланыстылығы және олардың қоршаған ортамен өзара
тәуелділігі.
Дененің өсуі тұқым қуатын факторлар мен қоршаған ортаның жағдайларының
ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Соңғы жарты ғасыр ішінде бүкіл дүние жүзінде адамзаттың дамуы мен өсуінде
өзгерістер байқалатындығы туралы мәліметтер бар. Ол өзгерістер негізінде тиісті
биологиялық даму мен өсудің қажетті сатыға ерте (жылдам) жетуі жатады. Бұл процессті
1935 жылы неміс ғалымы Е. Кох акселерация (латынның 
ассеlегасіо 
– жылдамдату деген
сөзінен алынған) деп атады. Әрбір он жыл сайын ересек адамның бойы 1 см өсіп отырады.
Акселерация процесі бүкіл дүние жүзін қамтиды. 
Даму мен өсу акселерациясы бір жасқа дейінгі балаларда бойының жоғарғы
көрсеткіштерімен, еңбегінің ерте бітуімен, сүттік тістерінің ерте шығуымен болжалынады.
Бұрын салмағы 5–6 айда екі есе артатын болса, қазір бұл процесс 4–4,5 айда болатын
болып отыр. Ал, үш есе артуы 11–12 айдың орнына 10–11 айда болатын болды.
3-тен 7 жасқа дейінгі балаларда өсу және даму акселерациясын тұлғасының өсуінен,
сүт тістерінің ерте ауысуынан көруге болады. Мектеп жасындағы балаларда,
тұлғаларының мөлшерімен қатар акселерация қаңқаның сүйектенуінің, жыныстық және
эмоциялық жетілудің жылдамдауынан, санасының және әлеуметтік сезімінің ерте
жетілуінен көруге болады.
Акселерация құбылысы ішкі және сыртқы күрделі факторларға байланысты. Оның
себебі Е. Кох (1953) рахит ауруларының алдын алу үшін берілетін Д-витаминінде деп
есептеді. Сонымен қатар, урбанизациялық процессіңде акселерация үшін маңызы зор
болып есептелінеді; көшедегі жүріс жылдамдығы: қаланың шуы, киноның, театрдың,
теледидардың және басқа ақпараттық мәліметтер әсері; дене тәрбиесі, спорт, медициналық
көмек, әлеуметтік жағдайлар әсері. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның сәулелік
(радиациялық) жағдайының әсерін де естен шығаруға болмайды.


Дегенмен, қазіргі балалар бұрынғы құрдастарынан ақылды деп айтуға болмайды. Тек
қана басылымдарға, радио, теледидарға және басқа ақпараттық мәліметтерге байланысты
білімдері артық деп айтуға болады.
Антропометриялық көрсеткіштер қарым қатынасына және биологиялық жетілу
деңгейіне байланысты акселерацияны
гармониялық
және
дисгармониялық
етіп, екі түрге
бөледі. Гармониялық акселерацияға антропометриялық көрсеткіштер мен биологиялық
жетілуі бұл жыныстық-жастық топ үшін орташа көрсеткіштерден артық балалар жатады.
Дисгармониялық түріне, құрдастарына қарағанда, бойының ұзындығы артық, ал
жыныстық дамуының белгілерінің жетілуі қалыпты немесе төмен балалар жатады.
Сонымен қатар, керісінше, жыныстық жетілуі жасынан артық, ал дене дамуының
қарқынды (жылдам) дамуы байқалмайтын балалар жатады.
Соңғы кездегі мәліметтер бойынша төлқұжаттық жас организмнің немесе жекелеген
мүшелердің жетілуінің толық көрсеткіші бола алмайды. Осыған орай, жеке мүшелер мен
жүйелердің жетілу көрсеткіштерінің нәтижесіне байланысты, биологиялық жасын анықтау
қажет (М. Я. Студеникин, 1982).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет