Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1468/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1464   1465   1466   1467   1468   1469   1470   1471   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
 
Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін. Айқын
және сауығу кезеңдерінің ұзақтығы аурудың клиникалық түріне және ауырлық дәрежесіне
байланысты. Дерттің белгілері және оның ағымы этиологиясына, инфекциялануының
жайылу деңгейіне, сонымен қатар баланың жасына, фонына байланысты болады.
146 КЕСТЕ
БАЛАЛАР ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛІСІ
Орналасуы
Этиологиясы
Ауырлық дәрежесі
Асқынуы
Жедел
гастроэнтерит
Жедел 
энтерит
Жедел 
энтероколит
Жедел 
гастроэнтеро-
колит
Вирусты (рота-, адено-, 
астро-, корона- және 
басқалар)
Бактериальды (эшерихия, 
шигеллдер,сальмонеллалар,
протейлер, клебсиеллалар 
және басқалар)
Саңырауқұлақтар
Қарапайымдылар
Жеңіл (токсикозсыз, 
эксикозсыз)
Орташа дәрежелі 
(токсикозбен, І-ІІ 
дәрежелі эксикозбен)
Ауыр (токсикозбен, ІІ-
ІІІ эксикозбен)
Асқынусыз.
Асқынулармен (менин-
гоэнцефалитикалық,
Геморрагиялық синд-
роммен, паралитикалық
илеус, инфекциялық-
токсикалық шок)
Кездейсоқ ауырғанда, от басында инфекцияланғанда әдетте, дерт біртіндеп
басталады. Жедел ішек инфекциялары тез таралып басталғанда, әсіресе аруханада
инфекцияла-ғанда ағымы тез, қатқыл, диареялық синдромның, токсикоздың және
852


сусызданудың тез дамуымен жүреді. Ерте жастағы балаларда диспепсиялық көріністің
сипаты патологиялық процесстің асқорыту жолында орналасу деңгейімен және бірнеше
синдроммдармен анықталады.
Гастральды синдромға 
лоқсу, құсу, мазасыздық (іштің ауруының эквиваленті) тән.
Энтериттік синдром 
мол (көп), жиі, дұрыс қорытылмаған патологиялық
қоспаларсыз немесе нәжіспен араласып кеткен шамалы клегеймен; метеоризммен, іштің
кебуімен, аш шек тұзақтарының қорылдауымен сипатталады. Алғашқы айлардағы
балаларда энтерите нәжісте, сүзбе тәріздес және майлы қышқылдары сабынан құралатын,
ақ түйіршектер байқалады. Энтеритте копрограммада жасушадан тыс крахмалдар,
бейтарап май, май қышқыладрының сабыны мен түйіршіктері саны көбейеді. 
Колиттік синдром
жиіленген, аз мөлшердегі, құрамында жасыл түсті және түйір
және жіпше тәріздес клегей қоспасы, кейде қан аралас болатын нәжіспен білінеді. Іштің
төменгі бөлігінде , жиі солжақ мықын аймағында орналасқан толғақ тәрізді ауырсыну тән.
Сол жерде құрылдайтын сигма тәріздес ішек анықталады. Қарағанда көтеншектің босауы,
немесе үңірейіп тұрғаны байқалады. Ерте жастағы балаларда тенезмдер (күшенулер) –
науқасқа жеңілдік бермейтін жалған, ауырсынумен дефекация сезімі – болмайды.
Тенезмдер эквиваленті болып мазасыздану, қатты жылау, күшену ұстамас, аяғын тепкілеу,
үлкен дәретке отырғанда бетінің қызаруы есептеледі. Колитте копрограммада көп
мөлшерде кілегей, лейкоциттер, кейде эритроциттер анықталады. Колиттік синдром
дизентерияға тән. Ерте жастағы балаларда жиі ішектің бірнеше бөліктері зақымдаладыда
бірнеше клиникалық синдром қосарланып байқалады. Ротавирусты инфекцияда,
эшерихоздарда, токсикоинфекцияларды ауру гастроэнтерит түрінде білінеді. Сальмонел-
лездерде, дизентерияда және иерсинозда гастроэнтерит түрінде дамиды. Ерте жастағы
балалар ішек инфекциясның ерекшелігі эксикоздың тез дамуы және ерте токсикоздың
белгілерінің пайда болуы болып келеді. Аурудың ауырлық дәрежесін сусыздану
(147
кесте)
және токсикоздың айқындылығы анықтайды.
147 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1464   1465   1466   1467   1468   1469   1470   1471   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет